Автор: Мусаева Ж.А, Шардара аудандық ауруханасының инфекционисті
ЖИТС (СПИД) – жұқтырған қорғаныш тапшылығының белгісі. Қорғаныш жүйесі әлсіреген кезде адам кез-келген ауруға, әсіресе жұқпалы ауруларға (құрт ауруы-туберкулез, өкпе қабынуы) қабылдағыш болады.
АИТВ жұқпасының бірнеше жұғу жолдары бар:
1) ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС АРҚЫЛЫ-сақтанбаған (мүшеқапсыз) терең жыныстық қатынас;
2) ҚАН АРҚЫЛЫ
Шприц, ине және басқа да инъекция құралдарын ортақ қолдану;
Бөгде адамның қырынатын заттарын, көзге көрінетін қан қалдықтары бар тіс щеткаларын қолдану нәтижесінде;
3) АИТВ-ОҢ НӘТИЖЕЛІ АНАДАН БАЛАҒА- жүктілік, босану және емізу кезінде.
АИВ инфекцияның үш негізгі сатысы бар:
жіті инфекция
жасырын сатысы
ЖИТС сатысы
Жіті инфекция
Жіті АИВ инфекциясының негізгі симптомдары : АИВ жұқтырғаннан кейінгі алғашқы кезең — көбіне жұқтырғаннан 2-4 апта өткеннен кейін адамда тұмау тәріздіі синдром дамуы мүмкін, ал кейбірінде еш симптом байқалмайды. Барлық жағдайдың тек 40–90% симптомдар көрініс беруі мүмкін.
Жасырын сатысы : Әдетте, бастапқы кезде симптомдар аз не мүлдем болмағанымен, осы сатының соңында көбі қызбаға, жүдеуге, асқазан-ішек аурулары мен бұлшықет аурысынуына шағынады
Ем жүргізілмесе аталған саты АИВ инфекциясына тән ағыммен 3 жылдан 20 жылға дейін созылуы мүмкін (орта есеппен, 8 жыл).
Жүре пайда болған иммунтапшылық синдромы (ЖИТС) бұл ең ауыр сатысы. Ем жүргізілмесе, АИВ жұқтырған адамдардың жартысына жуығы он жыл ішінде ЖИТСке шалдығады. Адамда ЖИТС кезіінде жиі қосымша ауруларға бейім болады: пневмоцист қоздырған пневмония (40%), кахексия (20%) және өңеш кандидозы.
АИТВ-ны қалай анықтауға болады?
Сыртқы кел бетіне қарап, адам АИТВ-ны жұқтырғанын білу мүмкін емес. АИТВ-ны анықтаудың жалғыз әдісі – қанды лабораторияда тексеру, яғни арнайы әдіспен қоздырғышқа қарсы денелерді анықтау. Тексеруді қай жерден өтуге болады? Кез-келген АИТВ-ға тексеретін анонимді кабинеті бар емханаларда, АИТВ-ға ТЕГІН тексерілуге болады.
Профилактикасы
салауатты, әдепті өмір сүру;
кездейсоқ жыныстық қатынастан және гомосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан сақ болу
стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;
әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу;
презервативті дұрыс пайдалану (ол ЖИТС-тен қорғайды);
маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;