Әкелердің бүкіл әлемдегі маңыздылығы

Мақала

Авторлар:Кузбаева Ш.Ж, Кадырбекова К. Д,  Толгамбаева А.Б, Медбикелер

ШЖҚ «Көксу аудандық орталық ауруханасы»МКК

Әлемде әкелерді олардың кішкентай балаларын тәрбиелеу жұмысына белсендірек қатыстыру үрдісі және сол үрдістерге мемлекеттік саясат және қызметтер көрсету жүйесі саласында қолдау көрсетілетіні байқалады.

  1. Әкелер балаларға және аналарға айтарлықтай әсер етеді. Сондай-ақ, әкеліктің ер адамдарға тигізетін әсерді де маңызды болып табылады.
  2. Егер отбасыларда әкелермен жұмыс жасалмаса, онда балаларға және аналарға көрсетілетін қызметтер сапасы нашарлайды және олар әлдеқайда күрделі қауіп-қатерлерге шалдығуы мүмкін.
  3. Патронаждық жұмыстың күнделікті тәжірибесіне әкелерді қатыстыру үшін «бүкіл командаға» қолдау көрсетілуін қамтамасыз ету маңызды.
  4. Жекелеген патронаж қызметкерлері әкелердің аналарға көмектесуге және сәбилері мен кішкентай балаларын тәрбиелеуге атсалысуға деген дайындығына маңызды, әрі оң әсер ете алуы мүмкін.

«Әкелердің маңызы зор. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, жағымды, жағымсыз немесе мүлдем жоқ болса да, бала өмірінің кез-келген кезеңінде және барлық мәдени және этникалық топтарда балаларға терең және елеулі әсер етіп, бүкіл өмір бойына жалғасады. Әкелер, сондай-ақ, аналарға да айталықтай әсер етеді. Бес ер адамның төртеуі әке атанады, әрі олардың барлығы дерлік балаларымен қандай да бір байланыста болады».

Сәбилерді және кіші жастағы балаларды дамытуға және аман-саулығын қамтамасыз етуге отбасы мүшелерінің көпшілігі қатысады (мысалы, әжелер, тәтелер, үлкен бауырлары және т.б.) және сізге олардың үйдегі рөлін анықтау және баланың игілігі үшін жүргізілетін жұмысқа қалай қатыстыруға болатынын қарастыру маңызды болады. Бірақ, осы модульде басты көңіл бұған бөлінбейді. Мұнда біз нақты әкеге (немесе бала анасының ер азаматына) басты көңіл бөлеміз, себебі, әкелерді босануалды кезеңінде аналарға қамқорлық көрсетуге, босануға қатысуға және жаңа туылған нәрестеге тікелей қамқорлық көрсетуге қатыстыруға кедергі келтіретін көптеген мәдени және өзге тосқауылдар бар. Дегенмен, ұрпақ жаңарған сайын, бүкіл әлемдегі әкелер үй жұмысын көбірек атқара бастады және кіші жастағы балаларына қамқорлық көрсетуге белсендірек қатысады. Олардың талпыныстары да өзгереді, көпшілігі өз әкелерімен орнаған қарым-қатынастарына қарағанда, балаларымен әлдеқайда тығыз қарым-қатынас орнатуға тырысады. Осындай үрдістер қалалану және әйелдердің білім алуда және жұмыспен қамту жүйесінде рөлі артқан сайын күшейе беретін сыңайлы. Осылайша, көптеген елдерде саяси күн тәртібіне әкелерге балаларға қарауға қатысуында қолдау көрсетуге қызығушылық білдіру мәселесі енгізіледі, ал бала туылғаннан кейін әкелерге арналған жүктілік демалысы бүкіл әлемдегі саны артып бара жатқан елдерде енгізіліп жатыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *