Қаназдық  (анемия)

Мақала

                         Автор: Шарипбаева Загира Турдыкевна,

Тышыманова Бахыт Касенгазыевнажалпы тәжрибелі телімдік мейірбикелері

 Кошкарбаева Кульзат Аскаровна, фельдшер 

ШЖҚ « Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК   Енбекші ауылдық-дәрігерлік амбулаториясы         

Қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын ауру. Қаназдықтың болу себептері: денеден көп қан кету; химиялық заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен эритроциттердің тіршілігін жоюы; кемік майы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы; эритроциттердің түзілуіне катысатын заттардың (темір, Вх, витамині) жетіспеуі және т. б.                            Қан оттегіне қанықпағандықтан, мүшелер мен ұлпаларға оттек жетіспейді. Зат алмасу бұзылады. Эритроциттердің мөлшері азайғанда қанның түтқырлығы төмендеп, жүрек соғуы жиілейді. Қаназдықтан жүрекке көп күш түседі. Оны қан құю арқылы емдейді.

Қанның құрамында темірдің жетіспеушілігі бүгінгі күнде өзекті мәселелердің біріне айналды. Медицина тілінде анемия, яғни қаназдық деп аталатын аурудың бұл түрі жүкті әйелдерде жиі кездеседі екен.

Қан аздық – қан құрамындағы қанның қызыл түйiршiктерінiң (эритроциттер) және қызыл қан жасушалары санының азайып, гемоглобин мөлшерiнiң кемуiнен пайда болады. Алғашқы кезде бұл дертке шалдыққан науқастар ештемені сезбейді. Дегенмен, ауру өрши келе тез шаршап, басы айналып, тәбеті бұзылады. Керісінше бұл дертпен науқастанған адамдар бор, топырақ сынды заттарды үнемі жегісі келеді. Көп жағдайларда қан аздыққа шалдыққандардың өңі бозарады. Бұл белгі әсіресе көздің ішкі жағынан тез байқалады.

Сонымен қатар тiстің қызыл етi қанап, тырнағы ағарады. Жиі талып қалуы да мүмкін. Адамдар жарақаттанғанда, мұрыннан, асқазаннан, жатырдан, тiк iшектен қан кеткенде, iш сүзегiмен сырқаттанғанда қанның тоқтамауы анемияға шалдықтыруы мүмкiн.       Ал, әйелдердегi қан аздық көп жағдайда, етеккiр келген кезде дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болатын әлсіздіктен және босанғанда қанның тоқтамай көп ағуынан болады.     Дұрыс әрі уақытылы тамақтанбау да қан аздық ауруына шалдықтырады. Тағам құрамында темiр тектес элементтердің аз болуы қаназдыққа апарады.  Қаны аз  науқастар құрамында темірі көп өнімдерді көп тұтынғаны жөн. Мәселен, ет, балық, бұршақ, сұлы жармаларын жеген өте пайдалы. Ересектер темірі бар дәрілермен емделіп жүрген кезде сүт тағамдарынан шектелуі тиіс. Қызылшадағы, щавельдегі, шоколадтағы, сырлардағы фосфаттар мен кока-коладағы, кофедегі кофеин және шайдағы таниндер темір тапшылығына әкеледі әрі темірдің ағзаға сіңуіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан, құрамында темір бар дәрілерді, тағамдарды қабылдаған соң шайды тамақтан кейін бір сағаттан соң ішу керек.

Қан аздық емделмейтін ауру емес. Сондықтан, дерттің асқынбай тұрған алғашқы кезінен бастап, дәрігерге көрініп, кеңесін алған жөн. Өйткені, өз бетінше емделу хауіпті жағдайға апаруы мүмкін. Қан аздықтың неден болатынын анықтап алған соң, дәрігердің кеңесі арқылы дәруменге бай тамақ iшiп, тамақтану кезінде режимдi дұрыс сақтауға тырысыңыз. Денені жаттықтырып, демалысты жақсы ұйымдастыру кез-келген дерттің алдын алады. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстанып, пайдалы дене әрекеттерімен шұғылданып тұруды әдетке айналдырыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *