Қазақстанда әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігі артып келеді

Жаңалық

2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында елімізде 22 777 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі бейімделді. Бұл жоспарланған көрсеткіштен әлдеқайда жоғары нәтиже.

Инклюзивті саясат аясында Қазақстанда бірқатар стратегиялық бастамалар жүзеге асырылуда:

🔹 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы
🔹 «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы
🔹 Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықпен бірге» жобасы

«Amanat» партиясының жол картасына сәйкес, 2023-2027 жылдары интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген 40 000-нан астам нысанды бейімдеу көзделген. Жыл сайын объектілердің 20%-ы жаңғыртылады. Осылайша, 2027 жылға қарай барлық нысандар мүгедектігі бар азаматтар үшін толық бейімделмек. — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды

📊 2024 жылы бейімделген 22 777 объектінің санаттары:
✔ Денсаулық сақтау – 3 385
✔ Білім беру – 7 577
✔ Мәдениет – 1 819
✔ Сауда және қызмет көрсету – 3 943
✔ Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 3 367
✔ Спорт нысандары – 397
✔ Көлік инфрақұрылымы – 108
✔ Әлеуметтік қорғау – 140
✔ Қоғамдық тамақтану – 529
✔ Ойын-сауық және демалыс – 74
✔ Басқа объектілер – 1 438

Мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жақсарып келеді

Бірінші топтағы мүгедектігі бар Дастан Раушанбеков инклюзивті инфрақұрылымның даму қарқынына оң баға берді:
«Бүгінде кәсіпкерлер мен объектілердің иелері ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасауға барынша көңіл бөлуде. Жаңа ғимараттарда лифттер, пандустар, тактильді белгілер орнатылып, бұрын қолжетімді болмаған орындар қазір бейімделуде. Мысалы, 2024 жылы MEGA Silk Way сауда орталығында күрделі жөндеу жүргізілді, енді мүгедектігі бар адамдар екінші қабатқа да еш қиындықсыз көтеріле алады.»

Мемлекеттік бақылау және құқықтық шаралар

2024 жылы Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті 2 695 тексеру жүргізді. Оның ішінде:
🔹 741 – профилактикалық бақылау
🔹 751 – жоспардан тыс тексеру
🔹 1 203 – прокуратура органдарының талабы бойынша

Тексеру нәтижесінде 1 087 ұйғарым беріліп, 973 әкімшілік айыппұл салынды, жалпы сомасы 230,3 млн теңгеден асты. Айта кету керек, бұзушылық алғаш рет анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартудың орнына, оны жоюға уақыт беріледі. Егер көрсетілген мерзімде бұзушылық түзетілмесе, айыппұл салынады.

Қазақстан инклюзивті қоғам қалыптастыру бағытында маңызды қадамдар жасауда. Бұл бастамалар ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттырып, олардың қоғамдағы белсенділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 🚀

Photo by Jakub Pabis on Unsplash

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *