ҚАЗАҚСТАН МЕН АРМЕНИЯ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ЖАНДАНДЫРУДА

Uncategorized

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова екі елдің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылау үшін Арменияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Армен Гевондянмен кездесті.

Кездесудің негізгі қорытындысы екіжақты өзара іс-қимылды жандандыру және 2025-2026 жылдарға арналған Жол картасын әзірлеу туралы келісім болды.

Тараптар сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) қызметін жетілдіру, денсаулық сақтауда IT-технологияларды енгізу, Қазақстанда Армения азаматтарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, сондай-ақ кардиология, кардиохирургия, экстракорпоралдық ұрықтандыру және нейрохирургия саласында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Ақмарал Әлназарова армяндық әріптестерін МСАК жөніндегі елдер коалициясына қосылуға, сондай-ақ Қазақстанның медициналық ғылыми және білім беру ұйымдарына баруға шақырды.

Армен Гевондян өз кезегінде Армениядағы Денсаулық сақтау жүйесі туралы айтып, өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *