Төсек тартып жатқан науқастарды күту: заманауи тәсілдер, этика және жайлылықты қамтамасыз ету

Мақала

Авторлар: Кангабылова Бану Муратбековна – операциялық блок медбикесі, Ақсу аудандық ауруханасы
Егизбаева Жанар Мырзахметовна – балалар консультациясы, учаскелік медбике,Ақсу аудандық ауруханасы
Солтанбаева Айнур Илибековна – учаскелік медбике, Көкөзек ауылы,Ақсу аудандық ауруханасы

Кіріспе
Медицинадағы ең күрделі әрі жауапты бағыттардың бірі – төсек тартып жатқан (паллиативті немесе қалпына келтірілмейтін) науқастарға күтім көрсету. Мұндай науқастар өздігінен қозғала алмайды, күнделікті қажеттіліктерін орындай алмайды және ұзақ уақыттық бақылауды қажет етеді. Сондықтан күтімнің сапасы – олардың өмір сүру сапасының басты көрсеткіші. Медициналық мейірбикенің бұл процесстегі рөлі ерекше: ол тек медициналық манипуляцияларды орындап қана қоймай, адамның қадір-қасиетін сақтай отырып, этикалық нормаларға сай күтім көрсетеді.

Заманауи күтім принциптері
Төсек тартып жатқан науқастарға күтім көрсету халықаралық стандарттарға негізделген және бірнеше негізгі қағидаттарға сүйенеді:

  1. Комплексі күтім
    Науқастың тек физикалық емес, сонымен қатар психо-эмоционалдық және әлеуметтік жағдайы ескеріледі. Бұл принциптің мақсаты – науқастың қалдық өмір сапасын арттыру, ауырсыну мен қолайсыздықты азайту.
  2. Индивидуалды тәсіл
    Әр науқас – жеке тұлға. Оның жасы, ауруының сипаты, психологиялық жағдайы және сенімдері күтім жоспарын құруда ескерілуі керек.
  3. Үздіксіздік және жүйелілік
    Күтім күнделікті, жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Бұл асқынулардың (мысалы, ойық жаралар, пневмония) алдын алуға көмектеседі.
  4. Науқастың қадір-қасиетін сақтау
    Күтім барысында науқасқа құрметпен қарау, оның жеке кеңістігіне қол сұқпау және барлық манипуляцияларды алдын ала түсіндіру – этикалық нормалардың негізі.

Негізгі күтім бағыттары

  1. Терінің күтімі және ойылудың алдын алу
    Ойық жара (пролежень) – қозғалыссыз жатқан науқастарда жиі кездесетін асқыну. Оны болдырмау үшін:

Науқасты 2–3 сағат сайын басқа қалыпқа ауыстыру

Арнайы противо-пролежневый матрацтар қолдану

Теріні құрғақ және таза ұстау

Қан айналымын жақсарту үшін жеңіл массаж жасау

Қарсы көрсетілімі болмаса – теріні антисептикпен өңдеу

  1. Тамақтану және сұйықтық режимі
    Науқастың тағамы:

Жеңіл сіңетін, дәруменге бай, ақуызды көп қамтитын болуы керек

Тамақты жұту қиын болса, сұйық пюре түрінде ұсынылады

Ішу режимі – күніне кемінде 1,5–2 литр сұйықтық (егер қарсы көрсетілім болмаса)

Тамақтандыруда науқастың қалпы маңызды – тұншығып қалмауы үшін жартылай отыру жағдайы қамтамасыз етілуі керек.

  1. Гигиеналық күтім
    Күнделікті жуындыру, ауыз қуысы мен жыныс аймағының тазалығын сақтау – инфекциялардың алдын алады. Бұл бағытта:

Арнайы ылғалды сүлгілер немесе дезинфекциялық ерітінділер пайдаланылады

Тырнақ, шаш, тері күтімі жүйелі жүргізіледі

Жатын төсек пен киімді уақтылы ауыстыру міндетті

  1. Зәр және үлкен дәретті бақылау
    Қозғала алмайтын науқастарда зәр мен нәжісті шығару қиындық тудырады. Қажет болса:

Қуыра, судно немесе катетер пайдаланылады

Терінің тітіркенуінің алдын алу үшін арнайы кремдер, тальк қолдану қажет

Асқазан-ішек жолдарының қызметін қадағалау, іш қатудың алдын алу маңызды

  1. Психоэмоционалдық қолдау
    Науқастар көбінесе оқшаулану, жалғыздық, үмітсіздік сезімін бастан кешіреді. Бұл жағдайда мейірбике:

Жылы қарым-қатынас орнатып

Тыңдай білу қабілетін танытып

Психолог немесе әлеуметтік қызметкермен бірге жұмыс істеуі керек

Этикалық аспектілері
Төсек тартып жатқан науқаспен жұмыс істеу – тек техникалық емес, үлкен моральдық жауапкершілік жүктейді. Мейірбике:

Әрбір әрекет алдында науқастан келісім алуға

Өз көзқарасын таңбауға

Құпиялылықты сақтауға

Науқастың діни және мәдени ерекшеліктерін ескеруге міндетті

Бұл қағидалар – науқастың адами құқығы мен қадір-қасигін сақтаудың кепілі.

Жайлылықты қамтамасыз ету
Комфорт – бұл физикалық қана емес, психологиялық және рухани жайлылықты білдіреді. Ол үшін:

Жарық, тыныш, таза орта жасау

Жеке заттарына қолжетімділік (кітап, радио, фотосурет)

Туыстарымен кездесу мүмкіндігін қамтамасыз ету

Температура мен ылғалдылық режимін бақылау

Қорытынды
Төсек тартып жатқан науқастарға күтім – медицинаның ең нәзік, ең маңызды саласы. Бұл жұмыс – үлкен жүрек, кәсіби білік, сабыр мен адамгершілік талап ететін мамандық. Мейірбике – тек көмек көрсетуші емес, ол — үміт, қолдау, жайлылық пен сенімнің символы.

Науқастың өмір сапасын арттыру – әрбір медициналық қызметкердің борышы. Бұл жолда мейірбикелердің еңбегі баға жетпес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *