Автор: Бастасов Серик Сайлауович,стоматолог дәрігер, Алакөл орталық аудандық аурухана, ст.Достық
Ауру сезімін басатын дәрі ішу
Дәріқағазсыз (рецепт) берілетін ауру сезімін басатын парацетамол немесе ибуфен сияқты дәрілерді қабылдау көптеген адамдар үшін жеңіл және орташа тіс ауруын тиімді азайтудағы ең жылдам және қарапайым әдіс болып табылады. Әрқашан қорапта көрсетілген ұсынылатын мөлшерді сақтаған жөн.
Суық компресс
Суық компресс тіс ауруын жеңілдетуі мүмкін. Орамалға оралған мұз салынған пакетті бет немесе жақтың зақымданған аймағына қойса, сол жердегі қан тамырларын тарылтып, ауру сезімін азайтады және адамға ұйықтауға мүмкіндік береді.
Тұзды сумен шаю
Тұзды сумен шаю – тіс ауруын басатын үй жағдайындағы классикалық тәсіл. Тұзды су табиғи бактерияға қарсы агент және соның арқасында қабыну үрдісін азайтуы мүмкін. Сонымен қатар зақымданған тістерді жұқпадан қорғауға көмектеседі. Тұзды сумен шаю тістегі немесе қызыл иектегі тұрып қалған тамақ қалдықтарын алып тастауға көмектеседі.