Тіс аурулары және олардың алдын алу жолдары

Uncategorized

Автор:
Шуиншинова Гулдария Аскербаевна
ГКП на ПХВ «Алакольская ЦРБ», стоматология медбикесі


Кіріспе

Ауыз қуысы гигиенасын сақтау – жалпы денсаулықтың маңызды құрамдас бөлігі. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, ауыз қуысындағы патогенді бактериялар көптеген жүйелі аурулардың, соның ішінде жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті және асқазан-ішек жолдарының патологияларының дамуына әсер етуі мүмкін.

Ауыз қуысының дұрыс күтімі болмаған жағдайда, тіс пен қызыл иектің әртүрлі аурулары пайда болады. Олардың ең жиі кездесетін түрлері:

  • Тіс тасы (зубной камень);
  • Тіс жегісі (кариес);
  • Тіс ұлпасының қабынуы (пульпит);
  • Қанжел (периодонтит).

Бұл аурулардың алдын алу үшін дұрыс тіс гигиенасын сақтау, уақытылы стоматологиялық тексеруден өту және дұрыс тамақтану маңызды.

1. Тіс тасы (зубной камень)

1.1. Тіс тасының пайда болу себептері

Тіс тасы – тістің бетіне жиналған бактериялар мен сілекей минералдарының қатайған қоспасы. Егер тіс үнемі тазаланбаса, тамақ қалдықтары мен бактериялар жұмсақ жабынды түзеді, ал уақыт өте келе ол қатайып, тіс тасына айналады.

Тіс тасының негізгі себептері:

  • Тіс пен қызыл иекті дұрыс тазаламау;
  • Кальций мен фосфордың көп мөлшерде сілекейде жиналуы;
  • Шылым шегу және кофе, шай, газдалған сусындарды жиі тұтыну;
  • Ауыз қуысының құрғауы (сілекейдің аз бөлінуі).

1.2. Тіс тасының қауіптілігі

Тіс тасын уақытылы тазаламау қызыл иектің қабынуына (гингивит) және пародонтозға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, тіс тасы бактериялардың көбеюіне жағдай жасайды, бұл ауыз қуысының жағымсыз иісіне (галитоз) себеп болады.

1.3. Алдын алу шаралары

  • Күніне кемінде екі рет тіс щеткасын қолдану.
  • Тіс жіптерін (флосс) және ауыз шайғыштарын пайдалану.
  • Жылына кемінде екі рет стоматологқа барып, кәсіби тіс тазалау процедурасын жасау.

2. Тіс жегісі (кариес)

2.1. Кариестің даму кезеңдері

Кариес – тістің эмаль қабатының зақымдануынан пайда болатын патологиялық процесс. Ол төрт негізгі кезеңде дамиды:

  1. Бастапқы кезең – тіс эмалінде бор түсті ақ дақтар пайда болады, ауру әлі сезілмейді.
  2. Беткей кариес – тістің эмаль қабаты жұқарады, кейде сезімталдық жоғарылайды.
  3. Орташа кариес – тіс тінінің терең қабаттары зақымданады, ыстық және суық тамаққа сезімталдық пайда болады.
  4. Терең кариес – тістің қатты тіндері қатты зақымданып, жүйке қабатына жақындайды, қатты ауырсыну байқалады.

2.2. Кариестің пайда болу себептері

  • Қантты және көмірсуға бай тағамдарды шамадан тыс тұтыну;
  • Ауыз қуысының дұрыс тазаланбауы;
  • Фтор жетіспеушілігі;
  • Генетикалық бейімділік;
  • Тұрақты стоматологиялық бақылаудың болмауы.

2.3. Кариестің алдын алу

  • Тұрақты түрде тісті тазартып, фторлы тіс пасталарын қолдану.
  • Құрамында қант аз, кальций мен фосфорға бай тағамдарды тұтыну.
  • Стоматологқа жылына екі рет барып, алдын алу шараларын жасау.

3. Пульпит – тіс ұлпасының қабынуы

3.1. Пульпиттің пайда болу себептері

Егер кариес уақытылы емделмесе, микробтар тістің ішкі ұлпасына (пульпа) жетеді, ол қабынып, пульпит ауруын тудырады.

3.2. Пульпиттің белгілері

  • Түнде немесе тамақ ішкен кезде қатты ауырсыну.
  • Ыстық немесе суық тамақтан кейін ұзақ уақыт ауырсынудың сақталуы.
  • Тістің механикалық әсерлерге жоғары сезімталдығы.

3.3. Пульпитті емдеу және алдын алу

  • Ерте кезеңде кариесті емдеу.
  • Тістің пломбалануын уақытында орындау.
  • Инфекцияның таралуын болдырмау үшін стоматологқа уақтылы бару.

4. Қанжел (периодонтит)

4.1. Периодонтиттің себептері

Периодонтит – тіс түбірінің сыртқы қабатының қабынуы. Ол дұрыс емделмеген пульпиттің асқынуы нәтижесінде пайда болады.

4.2. Периодонтиттің белгілері

  • Тістің айналасындағы тіннің ісінуі.
  • Қызыл иектен ірің бөлінуі.
  • Қатты ауырсыну және тістің қозғалмалылығы.

4.3. Периодонтиттің қауіптілігі

Емделмеген жағдайда периодонтит жақ сүйегінің қабынуына, тіс түбірінің бұзылуына және тістің толық жоғалуына әкелуі мүмкін.

4.4. Алдын алу шаралары

  • Кариесті ерте кезеңде емдеу.
  • Қызыл иек күтімін жақсарту, антисептикалық ерітінділермен шаю.
  • Дұрыс тамақтану және кальцийге бай өнімдерді қолдану.

5. Тіс ауруларының алдын алу бойынша жалпы ұсыныстар

  1. Күнделікті ауыз қуысы күтімі:
    • Тісті таңертең және кешке кемінде екі минут тазалау.
    • Қосымша тазалау құралдарын (тіс жібі, ирригатор, ауыз шаю сұйықтығы) пайдалану.
  2. Тамақтану тәртібін сақтау:
    • Тәтті және көмірсуға бай өнімдерді шектеу.
    • Кальций, фосфор, магнийге бай тағамдарды тұтыну.
  3. Стоматологқа тұрақты бару:
    • Жылына кемінде екі рет тексеруден өту.
    • Кәсіби тіс тазарту және фторлау процедураларын жасау.

Қорытынды

Ауыз қуысының денсаулығы – бүкіл ағза денсаулығының айнасы. Тіс пен қызыл иек аурулары асқынған жағдайда организмнің басқа мүшелеріне де кері әсерін тигізуі мүмкін.

Тіс ауруларының алдын алу үшін дұрыс ауыз қуысы күтімі, сауатты тамақтану және стоматологқа тұрақты бару өте маңызды. Өзініздің денсаулығыңызға мұқият қарап, тісіңізді уақытында емдеңіз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *