Туберкулез және жүктілік,босанғаннан кейінгі жағдай

Ана мен бала Инфекционные болезни

Автор: Жунисова Кенескул Турганбаевна, фтизиатр дәрігер,

№10 Қалалық емхана, Шымкент қаласы

                                     

Жүктілік және босану әйел адамның ағзасындағы эндокриндік мен иммундық жүйенің өзгеруімен бірге жүреді,сондықтан бұндай әйелдер туберкулезбен ауырып қалу қауіпі бар адамдар  болып табылады. Туберкулезбен ауыратын әйелдерге қарағанда жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдер жиі ауырады.Жүктіліктің кез келген кезеңінде  туберкулезбен ауырып қалуы мүмкін. Егер жүкті әйел туберкулез таяқщаларын жүктілігіне дейін жұқтырып алған болса,онда жүктіліктің алғашқы айларында аурудың өршуі мүмкін. Жүкті әйелде жалпы клиникалық белгілері ,әлсіздік, жөтел, салмақ жоғалту, ұзаққа созылған субфебрильді дене қызуының көтерілуі байқалады. Бірқатар науқастарда туберкулездің өршуі жүктіліктің 5-7 және 9 айында қайталануы мүмкін. Туберкулездің жиі кездесетін түрлері: ыдырау фазасындағы инфильтративті, диссеминирленген туберкулез, экссудативті плеврит. Босанғаннан кейінгі кезеңде туберкулезді уақтылы диагностикаламау және емдеу кезінде өлім 20% жағдайда болуы мүмкін.Өкпе туберкулезі алғаш рет ауырған әйелдерде, әсіресе жүктілік кезінде және босанғаннан кейін қысқа мерзімде қолайсыз жүреді. Жүктілік кезінде әйелде 2-3 аптадан астам уақытқа созылатын жөтел болса, орташа мөлшерде қақырық бөлінсе, тәбеті төмендесе, дене қызуы көтерілсе, кеуде қуысының ауыруы, шамадан тыс тершеңдік, әлсіздік пайда болса, онда дереу әйелдер кеңесіндегі акушер-гинекологқа, учаскелік терапевтке немесе фельдшерге қаралу керек, олар өз тараптарынан қосымша зерттеулерге жолдайды – туберкулез микобактриясын анықтау үшін қақырықты  тексеру. Жүкті әйелдер жоғарыда аталған белгілерді жиі токсикоздың әсерімен байланыстырады, сондықтан дәрігермен уақтылы кеңесу және қажетті диагностикадан өту өте маңызды. Анықтаудың негізгі әдісі – туберкулез таяқшаларын анықтау үшін қақырықты зерттеу.Рентгендік зерттеуді 12 аптадан кейін жүргізуге болады (сақтық ережелерін сақтай отырып: ұрықты қорғау үшін арнайы қорғасын алжапқышы).Біздің елімізде туберкулезді дер кезінде анықтау үшін босанғаннан кейінгі кезеңде барлық әйелдер кеуде қуысының мүшелерін міндетті түрде флюорографиялық тексеруден өтеді. Сондықтан бұл зерттеуді мерзімінде – босанғаннан кейін бір ай ішінде жасау өте маңызды.Жүктілік кезінде туберкулезбен ауырған әйелдерде жүктілікті қалдыру немесе тоқтату мәселесін дәрігер шешеді. Бірақ, әдетте, туберкулезге қарсы препараттармен емдеу курсын тағайындау арқылы мерзімді жүктілікке рұқсат етіледі. Туберкулезге қарсы емдеу көбінесе ана мен баланың денсаулығына зиян келтірместен жүктілікті сақтай алады. Дәрігер дұрыс таңдаған, туберкулезге қарсы препараттармен емдеу ұрықтың өсуі мен дамуына теріс әсер етпейді. Жүкті әйелдердегі туберкулез ауруы жаңа туған нәрестенің ағзасына әсер етпейді. Тек ауыр прогрессивті процестерде салмағы аз және денсаулығы нашар балалар туылады. Қарсы көрсетілім болмаған жағдайда, өмірінің алғашқы 4 күнінде перзентханада сау анадан жаңа туған нәрестелер БЦЖ вакцинасымен егіледі.Егер анасы белсенді туберкулезбен ауырса және оны оқшаулау мүмкін болмаса, баланы кем дегенде 3 ай оқшаулау керек. 3 айдан кейін балаға БЦЖ вакцинасы егілуі керек, бірақ Манту сынамасының нәтижесін ескере отырып, нәрестеде иммунитетті дамыту үшін анасынан тағы 2 айға оқшаулайды. Туберкулез диагнозы анықталған жүкті әйелдер есепке алынып, учаскелік фтизиатр мен акушер-гинекологтың бақылауында болады.Егер туберкулезді ерте анықталса  еміде сәтті аяқталады..Осыған байланысты әрбір азамат өзінің денсаулығына немқұрайлы қарамау керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *