ТУБЕРКУЛЕЗ ЖӘНЕ АИТВ

Инфекционные болезни Мақала

Автор: Жунисова Кенескул Турганбаевна, фтизиатр дәрігер, №10 Қалалық емхана,

Шымкент қаласы             

Әлемде әрбір үшінші адам туберкулез ауруына алып келетін бактерия жұқтырушы болып есептеледі. Туберкулез ауруы әлеуметтік жағдайы нашар тұратын және халқы тығыз орналасатын қалаларда тез таралады. Сол сияқты  ірі қалалар АИТВ ауруының эпид.орталығы болып табылады. Алдымен АИТВ деген не?Қысқаша тоқталып кетсек. Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы  және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы (АИВ/ЖИТС) — адамның имунотапшылық вирусы (АИВ) қоздырған инфекцияның организмге әсерінен дамитын дертті жағдай.. Инфекция жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы мүмкін. Әдетте, инфекцияның симптомсыз кезеңі ұзаққа созылады. Ауру үдеген жағдайда адамның иммунды жүйесі әлсіреп,  сондай-ақ иммунитет қызметі қалыпты адамдарда бола бермейтін оппортунис инфекциялар мен ісіктер пайда болуы мүмкін. Кейде адам туберкулезбен ауырғанда,иммунды жүйесі қалыпты жауабының арқасында,өкпеде туберкулезден кейінгі тыртықты өзгерістер қалады.Бұл дегеніміз не? Яғни жалпақ тілмен айтқанда адам иммунды жүйесі инфекциямен күресі нәтижесінде ,туберкулезді дәрі дәрмексіз жеңіп шығады.Ал АИТФ ауыратын науқастарда иммунды жүйесінің төмендігіне байланысты,ауа тамшылы жолмен жұғатын туберкулез таяқшаларын тез жұқтырып алады және ол тез өршиді.Сонымен қатар туберкулездің асқынған түрімен ауырып, кейде жүргізілген емге қарамастан қайтыс болуы мүмкін,немесе туберкулулездің тұрақтылық түрімен ауруы мүмкін.Сондықтан АИТВ науқастар туберкулезбен ауырырып қалу  қауіпі бар адамдар болып есептеледі.Сәйкесінше туберкулезбен ауырған әрбір науқасты АИТВ ауып\руына тексерілуі керек.АИТВ мен  туберкулез қосалқы инфекция кезінде нені ескеру қажет:АИТВ жұқтырғандардың көбінде, туберкулез екі жыл бұрын пайда болады.Өте ауыр  иммундық  тапшылық кезінде туберкулез өкпенің  төменгі бөлігінде орналасады, кеудеішілік лимфабездерінің  ұлғаюмен орталық нерв  жүйесі  және басқа да органдар мен  жүйелер  процесске  енуі мүмкін.АИТВ инфекциясының ерте сатысында қақырықта туберкулез таяқшалары  табылады және өкпеде қуыстар пайда болады.АИТВ инфекциясының кеш  сатысында қақырықта  туберкулез таяқшалары  табылмайды  және өкпеде қуыстар сирек кездеседі , себебі иммунитеті  төмендеген  ағза бойындағы бактерияларға қарсы тұруға  дәрменсіз.АИТВ мен өмір сүрушілерде  өкпеден тыс туберкулез жиі кездестін формалары : -перифериялық  және  кеудеішілік  лимфа бездерінің қабынуы , – өкпе, жүрек сыртындағы қабықтарының қабынулары  .

Осы жоғарыда көрсетілген мәліметтерді ескере отырып әрбір азамат өзінің денсаулығына саналы түрде жауапкершілікке алып, қоршаған ортаға,отбасына қауіпсіз болу үшін осы қосарланған аурудың эпидемиясын азайту үшін мүмкіндік болары сөзсңз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *