Авторы: Жакупова А.А.
Дулатбаева Ж.А.
Дуйсенбинова С.Т.
Қалалық орталық емханасы №2 учаскелік медбекелері
Тазалыққа табынушылық бұл күнделікті күтім жасаудың альфасы мен омегасы. Бұл ереже сан ғасырлар бұрын шыққан, маңыздылығын бүгінгі күнге дейін жоғалтпаған. Орта ғасырда суға шомылу өте қауіпті саналды. Соған қарамастан, ол заманның адамдары екі аптада бір рет жуынатын болған. Бетке бояу жағу ықылым заманнан бері бар, орта ғасырлық адамдар бояу лас бетке ұқыпты жағылатынын және жақсы сақталатынын білген. Алайда, бұл ескінің дәстүрі.
Қазіргі таңда тазалық—денсаулықтың кепілі. Сұлулықтың да кепілі тазалық болып тұр. Күнделікті қоршаған ортаның зиянды факторларынан бетті тазартып тұру үшін күніне екі рет бетке арналған сусабынның көмегімен жуынып тұруыңыз шарт. Кірдің әсерінен бет терісі астында қосымша қабық пайда болады. Қабық болса, бет терісін күтімсіз көрсетеді. Қоршаған ортаның кейбір жағымсыз мінездері адамның сырт келбетіне қатты әсер етеді. Сол үшін бетті тазалап отыру — күтімнің басты әрі негізгі ережесі. Маңызды бір жайт, барлық істі орындаған кезде ләззат ала отырып, шын ынтамен жасаңыз. Міндет санап, амалсыздан күтім жасау күтім емес. Бет жуған сәтте рахат ала отырып, жусаңыз, оның әсері екі есе болады.
Бетіңіздің терісіне мән беріп, келісті иіссу таңдай білу маңызды. Бет терісі әдетте майлы, құрғақ болып бөлінеді. Майлы бетті құрғақтандырғыш иіссумен, құрғақ бетті ылғалдандырғыш иіссумен жуу қажет.