Авторы: Жакупова А.А.
Дулатбаева Ж.А.
Дуйсенбинова С.Т.
Қалалық орталық емханасы №2 учаскелік медбекелері
Сұлу болғыңыз келе ме? Ол үшін қымбат косметикалық дауалар мен сәнді киім керек деп ойлайсыз ба? Жоқ. Сұлу болу үшін жай ғана өзіңізді іштей нағыз сұлу сезінуіңіз керек. Бір-ақ сәтте сергіп, нағыз ханшайым болыңыз.
- Арқаңызды тік ұстаңыз! Түзу арқа — өзіне сенімді адамның бірден-бір белгісі. Арқаңыз түзу болғанда, денеңіз де әдемі көрінеді. Ішіңіз тартылып, сымбатты көрінесіз.
- Күлімдеңіз! Жаныңызды кейбір мәселелер мазаласа да, жымиып жүруге тырысыңыз. Бұлайша сіз басқаларға жылы келбетті адам болып көрінесіз және уақыт өте өзіңіздің де көңіліңіз көтеріле бастайды. Жайдары көңілді ару әлбетте сымбаттырақ көрінеді.
- Сүйікті әуеніңізді тыңдаңыз. Өзіңіздің ең сүйікті деген әндердің плейлистін қосып демалыңыз. Мейлі ол поп-әндер, ретро әуен не ауыр рок болсын, ән көңіліңізді көтерсе болғаны.
Сіз шын мәнінде әр кез сұлусыз! Осыны ұмытпаңыз. Сіздің сұлулығыңыз макияж бен брендті киімде емес, ішкі жан дүниеңізде, өзіңізге деген сенімділікте!
Әдемі болып көріну — өнер. Өнерге баулу арқылы ғана адам оны өз бойына дарыта алады. Әдемі болу өнерін үйрену қиын емес. Бар болғаны, еріншектікке жол бермеу. Жас пен дәрежеге, материалдық және психологиялық жағдайларға қарамастан, әйел адам әдемі болып жүруі тиіс. Сұлулық көші одан әрі жылжиды, бүгін “күтім” жайында сыр шертпекпіз.
Психологтар мынадай дәлелді келтіреді: сырт келбеті арқылы әйел әлемге өзін таныстырады. Табиғаттың әйелді қалай жаратқандығына қарай,ол өзіне өзгелердің таңданысы пен өкінішін тудыра алады. Өз-өзіңізге күтім жасауды қолға алыңыз және әдетке айналдырыңыз. Сұлулыққа ұмтылу — наздық емес, асыра сілтеушілік те емес. Өзіңізге айналадағы жандардың тарапынан жағымды әсер қалдыру үшін әдемі болып жүру маңызды.
Ал әдемілік немен өлшенеді деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Шаштың түсі мен ұзындығы, қас пен кірпіктің қалыпты жағдайда болуы, киім киюдегі стиль — кез келген бойжеткен мен келіншектің айнасы. Алайда, барлық ханымдар есте ұстайтын бірнеше ережелер бар. Бір қызығы, әдемі болып көріну үшін шығындалудың қажеті шамалы. Бірақ, ескерту қатал: ережелерді бұзбай, күнделікті сақтап отыру қажет. Бір сәтте ханшайымға айналып шығу тек ертегілерде ғана болады. Ал өмірде ханшайым болу үшін, өмір бойы тынбай күтініп жүру керек. Бізден алынған кеңестерді есте сақтай отырып, өзіңіздің сырт келбетіңізді бір сәтке болса да, назардан тыс қалдырмауға тырысыңыз.