Автор:
Б.Б.Танабаева
Дәрігер-офтальмолог
«Коксумед» клиникасы
Суқараңғылық (глаукома) — көз ішіндегі қысымның көтерілуінен болатын дерт.
Бұл ауру 40-тан асқан адамдарда жиі кездеседі. Ауырған адам бұл дертке шалдыққанын білмей қалуы мүмкін. Сондықтан аурудың алдын алу үшін келесі белгілерді білген дұрыс:
— көз алдыңыз қарауытып, бұлдырлайды;
— сәулеге қарағанда «түрлі-түсті жарық ұшқындары» көрінеді;
— көзіңіздің ішінде ыңғайсыздықты сезінесіз;
— қараңғыда көруіңіз нашарлайды;
— ауық-ауық көз ауырған жақтағы басыңыздың жартысы ауырады;
— тамаққа тәбетіңіз шаппай, ұйқыңыз бұзылады.
Бұл белгілерді байқап, сезінсеңіз дереу көз дәрігеріне қаралып, тексеріліңіз. Уақыт өткізіп алсаңыз, көптеген жағдайда суқараңғылық нашар көрушілікке және соқырлыққа әкеліп соғуы мүмкін.
Зерттелген мәліметтерге сүйенсек, суқараңғылық көз ауруына қазақ халқы жиі шалдығады, әсіресе әйел адамдарда қан-жүрек патологиясымен бірге қалыптасады.
Теледидар көргенде, іс тіккенде, оқып, жазғанда жақсы жарық беретін шам пайдалану керек. Көз органдарының қан жүрісі дұрыс болуы үшін мойынды қысатын көйлек, галстук кимеңіз.