Авторлар: Мергенбаева Перизат Муратқызы — клиникалық фармакология
және ауруханалық фармация бөлімінің мейірбикесі,
Шантиева Гаухар Аскаровна — жұқпалы аурулар бөлімінің мейірбикесі
Сазабек Марияхан Абенқызы — зарарсыздандыру бөлмесінің мейірбикесі
ШЖҚ «Райымбек аудандық ауруханасы» МКК
Кіріспе
Медициналық құралдардың стерильділігі — науқасқа қауіпсіз көмек көрсету мен ауруханаішілік инфекциялардың алдын алудың негізі. Стерилизация — бұл құралдарды патогенді микроорганизмдерден (бактерия, вирус, саңырауқұлақ, споралар) толық тазарту процесі. Бұл көпсатылы, жауапкершілігі жоғары және нақты ережелерге бағынатын процесс.
Төменде медициналық құралдарды зарарсыздандырудың кезеңдері қадам-қадамымен кәсіби түрде баяндалады.
Стерилизацияның негізгі кезеңдері
1-қадам: Алдын ала (дезинфекциялық) өңдеу
Мақсаты – қолданылған құрал-саймандарды биологиялық ластанудан (қан, ірің, сұйықтық) тазарту және қоршаған ортаға жұқпа таралуының алдын алу.
Мейірбике әрекеттері:
Құралдарды арнайы белгіленген ыдысқа салып, дезинфекциялық ерітіндіге батырады
Ерітіндінің концентрациясы мен әсер ету уақытына (20–60 минут) сәйкес қадағалайды
Құралдардың толықтай ерітіндіге батырылғанын тексереді
2-қадам: Механикалық жуу және шаю
Мақсаты – органикалық қалдықтар мен микробиологиялық ластануларды жою.
Мейірбике әрекеттері:
Құралдарды ағын суда арнайы щеткамен, жуғыш затпен тазартады
Ішкі қуыс, түтікше, буындар толық жуылады
Арнайы ультрадыбыстық ванна қолдануға болады
Соңында ағын сумен және дистилденген сумен мұқият шайылып, кептіріледі
3-қадам: Қаптау (упаковка)
Мақсаты – стерилизациядан кейін стерильділікті сақтау.
Мейірбике әрекеттері:
Құралдарды стерильді қағазға немесе контейнерге орналастырады
Арнайы индикатор жапсырмаларын жабыстырады
Қаптамада стерилизация күні, жарамдылық мерзімі мен жауапты тұлғаның аты көрсетіледі
Орам материалы тұтас және зақымсыз болуы тиіс
4-қадам: Стерилизация жүргізу
Мақсаты – құралдарды толық зарарсыздандыру.
Әдістері:
Бу стерилизациясы (автоклав): 121–134°С, 15–30 минут
Құрғақ ауа (сухожар): 160–180°С, 60–120 минут
Химиялық әдіс: арнайы ерітінділер (глутар альдегид, перекись водорода)
Газдық әдіс: этилен оксиді
Мейірбике әрекеттері:
Құралдарды стерилизаторға салып, қажетті режимді қояды
Температура мен уақыт параметрлерін тексереді
Стерилизация процесін қадағалайды
5-қадам: Стерилизация сапасын бақылау
Мақсаты – стерилизацияның тиімділігін растау.
Бақылау түрлері:
Физикалық бақылау: аппарат көрсеткіштері (температура, қысым, уақыт)
Химиялық бақылау: индикатор қағазының түсі өзгереді
Биологиялық бақылау: арнайы бактериялық споралар арқылы жүргізіледі
6-қадам: Сақтау және қолдану
Мейірбике әрекеттері:
Стерильді құралдарды таза, құрғақ, арнайы шкафтарда сақтайды
Жарамдылық мерзімі өткен құралдар қайта стерилизацияланады
Қолданар алдында қаптаманың тұтастығы тексеріледі
Қорытынды
Стерилизация — бұл жүйелі, нақты, кәсіби тәсілді қажет ететін процесс. Әрбір кезеңнің дұрыс орындалуы науқастың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Мейірбикенің мұндағы рөлі жауапты, талапшыл және өте маңызды.
«Таза құрал — қауіпсіз ем» қағидатын сақтау — әрбір медициналық қызметкердің кәсіби міндеті. Стерилизация ережелерін сақтау арқылы инфекциялардың алдын алып, медициналық көмектің сапасын арттыра аламыз.