Авторлар: Сабазова З.С — главная медсестра
Токанова А.А медсестра перевязочного кабинета хир.отд-ия
Жунисова Ж.Ж постовая медсестра детского отделения
Калиаскарова Ф.К ст медсестра хирург, Жетысуский область, Алакольский район «ГКП на ПХВ » СБ п.Достык
Оториноларингологияның даму тарихына қысқаша шолу
- Оториноларингологияның медицина ғылымында алатын орны.
- Көне заман ғалымдарының құлақ, мұрын және тамақ ауруларын емдеуге берген кеңестері.
Медицина өз дамуында көптеген қателіктер мен адасуларға, жетістіктер мен түңілістерге толы күрделі жол кешкен көне ғылым. Әр дәуір өз білім дең гейінің дамуына сай сан алуан ауруларға көрсетілер дәрігерлік нақты ұсыныстар қалдырып отырған. Көне египет папирусының өзінен-ақ, Рамзес II табытынан әртүрлі ауруларды оның ішінде құлақты емдеу жолдарын табуға болады. Онда «құлақ ауырлығын кетіруге арналған емдік зат» деген рецепт бар. Көмей, мұрын қуысы және құлақ аурулары жайында гиппократ біршама нақтылау мәлімет берген. Ол дабыл жарғағының ботлатындығын бірінші біліп, оны «өрмекші торындай өте нәзік қабықша» деп сипаттаған. Ол жасаған хирургиялық емдер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ, айталық, сұқ саусақпен таңдай бездерін алу , теңіз кубкасы түйіршігі мен жібек жіпті пайдалану арқылы мұрын қуысындағы полипті (кішкене өскін ісіктер) алу. Ол құлақ ауруы кезінде есту жолдарына өсімдік майын тамызу керек деген кеңес береді. Ортаңғы құлақ қабығында ыстық суға, тағы басқаларға шылап алған жұмсақ мақта, дәке, шүберекспен құлақты орап қыздырма (компресс) жасауды да ұсынған. Цельс көз ауруынан гөрі, құлақ ауруы анағұрлым қауіптірек, өйткені ол аурудан адам жиірек өледі деген. Оның еңбектерінде сонымен қатар, есту жолдарындағы бөгде заттарды жуу, бүрку (спринцевание) арқылы немесе арнайы ілмекпен алу сияқты ұсыныстар айтылған.
Араб дәрігерінде де (Әбу Әлі әл Хусейн, 980 – 1037) Лор – мүшелері ауруларына көмек көрсету жолдары туралы ұсыныстар баршылық. Мысалы, Абуль-Казен құлақ қатты қатты ауырған жағдайда, құлақ қалқаны мңайындағы нүктелерді ыстық темірмен жеке-жеке күйдіріп емдеуді ұсынған.
Дегенмен, ол кезеңдегі мәліметтердіңбарлығы құлақ, мұрын және көмейдің көзге көрінетін жерлерінің аурулары туралы ғана еді.
Осыған қарамастан, көне заман мен орта ғасыр ғалымдарының оториноларингологияның қалыптасуына аса үлес қосқандары туралы арнайы атап айтқан орынды. 1314 жылы бірінші рет Мандино де Луцци өліденені союды жүзеге асырып, адам денесінің әртүрлі бөлімдері құрылымындағы ғажап жаңалықтар дүниесіне енуге жол ашты. Фаллопий (1523-1562) сондай жомен құлақ лабиринтін зерттеп суреттеді. Онда екі тесіктің (окон), иірімді өзектің, дабыл қуысының бар екендігін көрсетіп, оларға осы атаулады берген. Ол, әсіресе, бет нерві өтетін өзекті (канал) талдап зерттеген. Сондықтан өзек соның атымен аталады.
Евстахий (1570 жылы қайтыс болған) дабыл қуысы еттерін, дабыл қуысын мұрын-жұтқыншақпен байланыстыратын өзекті, яғни евстахий түтігін ашқан. Везалий (1513-1564) бірінші рет есту сүйекшелерін ашып, екеуін – балғаша мен төсше сүйекшелерін (әрі осы атауларды берген) анықтап суреттеген. Үзеңгіні беріректе Ингрессиас (1500-1580) ашып суреттеген. Дю Вернье 1683 ж. бірінші рет ұлудың құрылысын ашып, оны ішекті музыкалы аспаппен салыстырған және де негізгі мембрана талшықтарының ұзындығына байланысты әртүрлі тондағы дыбыстарды ажыратуға қабілетті деген болжам айтқан.
Вальсальва 1704 жылы үзеңгінің кіреберіс терезесінің шеттерімен бірігіп кетуінен кереңдіктууы мүмкін деген. Ол қазір біз айтып жүрген «отосклероз». Ол сонымен қатар, мұрынды жауып тұрып Евстахиев түтігінен ауа үрлеу арқылы құлақты іріңнен тазарту тәсілін ұсынған. Вальсальва , өзіне дейін өмір сүрген аристотель сияқты, ішкі құлақ пен құлақ лабиринті ерекше ауаға толы деп есептеген. Оның пікірінше, дыбыс толқыны әскерінен ауа иірімді өзектен кіреберіс сатысы арқылы ұлу иірімдерінен өтіп дыбысты қабылдайтынарнайы субстанцияны теңселтеді. Сөйтіп, біздің қалай еститініміз ғалымдарды көптан бері ойландырған. Кейбір құлақ ауруларын хирургиялық жолмен емдегісі келген талпыныстар да болғанын айта кеткен орынды. 1649 жылы Риолан құлақтың шуылы мен кереңдігі жағдайында (есту түтігіндегі саңлау жабылып қалғанда) емізікше өскінді ашу керек деген кеңес береді. Құлақ лабиринтінде ауа емес, өзінше бөлек сұйық зат барын бірінші рет Котаний дәлелдеген (1736-1822). Бұл жаңалық отиатрия қалыптасуындағы маңызды кезең болып саналады. Ол соныменқатар, ішкі құлақтың екі су жүретін құбырын (водопровод) анықтаған. Купер бірінші рет 1800 жылы, ортаңғы құлақ қабынғанда дабыл жарғағын кесу жолын анықтады.
Россияда құлақ, мұрын және тамақ аурулары туралы бірінші үлкен оқулық медико-хирургиялық академияның профессоры И.Ф. Буштың (1771-1843 ж.ж.) «хирургияны оқытудың жетекші кітабы» атты еңбегіндегі көлемді тарау болады. Ол сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ ауруларын зерттеп жазған, мұрын маңындағы қуыстардың аурулары туралы мәліметтер келтіріп, көптеген ауруларды дәрі-дәрмекпен және хирургиялық жолмен емдеуге кеңес, ұсыыстар берген.
Сонымен, біз медицина ғылымы және іс-тәжірибесі бөлімдерінің бірі – оториноларингологияның тек біртіндеп және үлкен қиындықпен қалыптасқанын көріп отырмыз. Ал ауру саны сол кездердің өзінде де, әрине, баршылық еді. Осыған дәлел ретінде өткен ғасырдың соңына қарай Россияда іріңді аурулармен ауырған балалар саны 90% болғанын айтсақ жеткілікті. Оториноларингология өз алдына жеке сала болып қалыптасқанға дейін, жоғарғы тыныс жолдары ауруларын – терапевтер, ал құлақ ауруларын – хирургтер емдеп келеді. өйткені, негізінен, құлақ аурулары хирургиялық көмек көрсетуді қажет ететін зардабты асқынуларға жиірек ұшырап отыратын.
Сөйтіп, оториноларингологияның қалыптасуына өзінің көрнекті өкілдерінің арқамсында терапия мен хирургия даүлкен үлес қосты. Клиникалық тәжірибенің жинақталуы мен физиология жетістіктері, зерттеу мен емдеудің жаңа тәсілдерін меңгеру нәтижесінде құлақ, мұрын, тамақ, көмей патологияның теориясы мен іс-тәжірибесі мәселелерін өз дәрежесінде көрсететін мамандықтарды жалпы мамандықтан бөлу қажеттігі туды. Бұл іске көмейді, мұрын, жұтқыншақ және құлақ іщшін қарап тексеру тәсілдерінің табылуы да айтарлықтай мүмкіндік туғызды. Осындай құралдардың бірі – есту жолы мен мұрын қуысының ең түбіне дейін сәуле шоғырын дәлдеп бағыттай алатын Гофманның дөңгелек айнасы. Ларингологияның өмірге келуіне, дәрігер емес, ән өнерінің белгілі оқытушысы Мануель Гарсия (1855 ж.) жасаған ұсыныс үлкен қозғау салды. Ол өз көмейінің әртүрлі дыбыстар қлыптастыратын сәтін көру үшін тіс дәрігерлері қолданатын кішкене айнаны пайдаланған. М.Гарсия бұл айнаны ауыз ішіне кіргізіп, ал қарапайым айнаны көз алдына ұстап тұрып өзініңдауыс саңылауы мен дауыс желбезектерін (байламын) көре алатын болған. Көмей ауруларымен шұғылданатын дәрігерлер бұл тәсілді тез пайдалана бастады, өйткені ол тек қарау үшін ғана емес, емдеуге мүмкіндік туғызды. Дәл осы тәсіл терапияның өз алдына жеке саласы – ларингологияны өмірге әкелді. Клиникалық тәжірибенің жинақталуы да бұл саланы бекіте түсті. Кейінірек мұрын қуысын қарау мүмкіндігі пайда болуына байланысты тағы да бір тармақ – ринология , сонымен қатар отиатрия қалыптасты.
Осы үш мамандық ұзақ уақыт бойы, Батыс Европада тіптен 1914-1918 ж.ж. дейін, әр қайсысы өз алдына бөлек болып келді. Россияда бұл үш мамандықты біріктіру біршама ертерек, яғни академик Н.П. Симановский дің 1893 ж. оториноларингологияның ең бірінші кафедрасы мен клиникасын ашқаннан кейін-ақ жүзеге асты. Бұл біріктіру үстірт әрекет емес, құлақ, мұрын және көмей маңындағы қуыстардың анатомо-топографиялық, физилогиялық, генетикалық өзара тығыз байланыстылығынан, әрі көптеген аурулардың пайда болып, дамуына олардың бірдей әсер ететіндігінен туындаған қажеттілік еді. Бірінші клиника Масквада 1896 жылы Масква университеті жанынан ашылып, ең озық Европа клиникалары деңгейінде жабдықталды. Оның негізін қалаушы, 89 еңбектің авторы, құлақ лабиринті мәселелерімен шұғылданатын С.Ф. Штейн ееді.
Оториноларингология өз дамуында бірнеше кезеңнен өтті: 1) Клиника мәселелеріне байланысты мәліметтер жинақтау, зерттеу тәсілдерін дайындап жасау, анатомиялық және топографиялық-анатомиялық ізденістер, Лор – мушелер функциялары мәселелерін анықтау. Бұл кезең өкен ғасырдың 60-70 жылдарына деінгі уақытты қамтиды. 2) мамандықтың барлық салаларының тез қарқынмен дамуы, күрделі теориялық зерттеулер, емдеудің консервативті және хирургиялық тәсілдерін меңгеру, құлақ пен мұрын маңы қуыстарының іріңді аурулуры салдарынан болатын ауыр асқынуларымен күрес. 3) мамадар қалыптасуына жағдай туғызып, көмек ете білетін тамаша басшылықтардың өмірге келе бастауы , атап айтқанда А.Политцер (Австрия), Тойнби (Англия), Шварц (Германия) Н. П. Симановский (Россия) және т.б. есімдері оториноларингология тарихына оның дамуына негізгі кезең ретінде енді.
Қазігі уақытта оториноларингология өркендеу кезеңінде.ол, әсіресе, оториноларинголдогтардың операциялық микраскопты өз тәжірибелерінде іс жүзінде бірінші болып қолдануына байланысты. Құлақ, тамақ микрохирургиясының ғажап жетістіктері хирургия ауқымын кеңейте түсіп, мүше функциясын қалпына келтіру ісімен де шұғылдануға мүмкіндік туғызды. Емдеу мен диагностиканың жаңа тәсілдерін іс-тәжірибеде жүзеге асыру, түрлі ультрадыбыстар мен лазар энергиясын пайдалану ауыр дерттерден азап шегуші ауруларды емдеу мүмкіндігін кеңейте түсті. Қазіргі оториноларингология әртүрлі саңыраулықтың (оныңішінде өндірістік факторларға байланыстыларын да) мәселелерін қарастырады, сонымен қатар Лор – онкология мен организмнің Лор – мүшелер арқылы білінетін аллергиялық қал-жағдайы қазіргі оториноларингологияның басты көңіл бөлер обьектілерінің біріне жатады. Иммунитет, пластикалық хирургия мәселелері де қазіргі оториноларингология саласына еніп отыр.
Қазақстанда 6 дәрігерлік және бір дәрігерлерді жетілдіру институттарында маман оториноларингологтар дайындайтын 7 кафедра бар. Оның ішінде 5 ғылым докторы мен 52 кандидат, бір мыңға жақын ЛОР дәрігерлері жұмыс істейді. 1983 жылы Республикамызда осы мамандардың 1-съезі өтті.
2. От Мұрын мен оның қосалқы қуыстарының клиникалық анатомиясы,физиологиясы және зерттеу әдістері риноларингологияның даму тарихына қысқаша шолу.
- Мұрынның анатомиялық құрылысы.
- Мұрынның қосалқы қуыстарының физиологиясы.
- Мұрын мен оның қосалқы қуыстарын зерттеу әдістері.
1. Мұрын анатомиялық құрылысы жағынан сыртқы мұрынға және мұрын қуысына бөлінеді.
Сыртқы мұрын мұрын сүйектерінен, жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісінен тұрады. Мұрын сүйектері сырт жағынан жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісімен қосылып мұрынның бүйір бетін құрайды, ал мұрын сүйектерінің өзара орталық байланысы мұрын қабырғасын құрайды. Мұрынның шеміршек бөлігі қос үшкіл, үлкен және кіші қырлы қосымша шеміршектерден құралған. Мұрынның сыртын май бездері бар тері жауып тұрады.
Сыртқы мұрын бет және көз артериясы арқылы қоректенеді. Сыртқы мұрын венасы мұрын қуысы венасымен жалғасып (анастомоз) бет венасына келіп құяды. Лимфа тамырлары лимфаны жақасты лимфа түйіндеріне әкеледі.
Мұрын қуысы жоғарғы жағынан алдыңғы бас сүйек ойығымен, төменгі жағынан ауыз қуысымен, ал сырт жағынан көз ұяларымен жалғасады және оны мұрынның қосалқы қуыстары қоршап тұрады.
Алдыңғы жағында ішкі тыныс алатын – танау (ноздри), артқы жағында сыртқа тыныс шығаратын – хоаналар бар. Бұлар мұрын қуысын мұрын-жұтқыншақ қуысымен жалғастырады. Мұрын пердесі мұрын қуысын екі жартыға бөліп, оның медиальды қабырғасын құрайды. Мұрын пердесі үстіңгі жағынан перпендикуляр пластикадан, артқы және төменгі жағынан желбезек (сошник) сүйекшесімен, ал алдыңғы жағынан мұрын пердесі шеміршегімен жалғасады. Мұрын пердесінің алдыңғы үсті 4 бұрышты шеміршектен құралған.
2. Мұрын қуысының жоғарғы қабырғасы алдыңғы жағынан мұрын сүйектерінен, ортасында торлы сүйектен (елек тәріздес) артқы жағынан – сына тәрізді қуыстың алдыңғы қабырғасынан құралған. Торлы пластиканың көптеген тесіктері арқылы иіс сезу нервінің тармақтары өтеді.
Мұрын қуысының түбі жоғарғы жақ сүйегінің таңдай өсінділерінен және артқы жағынан таңдай сүйегінің көлденең (горизонталь) пластинкасынан құралған.
Сыртқы қабырғаның құрылысы бұдан күрделірек. Ол мұрын сүйектерінің ішкі бетінен, жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісінен, қаңырақ сүйектен; торлы сүйектің клеткаларынан, таңдай сүйектің тік пластикасынан және артқы жағынан – сына сүйектің қырлы өсіндісінің ішкі пластикасынан құралған. Сыртқы қабырғасында үш кеуілжір орналасқан – төменгі, ортаңғы және жоғарғы. Бұлардың астында үш мұрын жолы бар. Олардан басқа мұрынның жалпы жолы бар. Төменгі кеуілжір күмбезі (свод) астында жас-мұрын каналының тесігі орналасқан. Мұрынның ортаңғы жолының бүйір қабырғасында жарты ай тәрізді саңылау бар. Оны бірінші рет Н. И. Пирогов анықтаған. Мұрынның ортаңғы жолына қарай гаймор қуысы, торлы лабиринттің алдыңғы және ортаңғы клеткалары, маңдай қуысы ашылады. Мұрынның жоғарғы жолына қарай торлы лабиринттің артқы клеткалары мен сына тәрізді қуыс ашылады.
Мұрынның кіреберіс бөлігі май бездері мен түктері бар терімен жабылған. Ол онан кейін аралық белдеуге, одан әрі шырышты қабыққа айналады. Дем алу және иіс сезу зоналары мұрын қуысында орналасқан. Иіс сезу зонасы мұрын қуысының жоғарғы 3-ші бөлімінде, онда демеуші клеткалардан тұратын арнайы рецепторлық нейроэпителийлер орналасқан. Иіс сезу клеткаларының негізінен (қатты) талшықтар – аксондар басталып, ол горизонтальды пластинка тесіктері арқылы бас сүйектің қуысына өтеді де, иіс сезу нерв буылтығын (луковица) құрайды (І нейроном). Иіс сезу жолы онан әрі иіс сезу үшкілінің клеткалары мен алмұрт тәрізді бөлігіне жетеді (ІІ нейроном). Одан әрі сүйелді дене мен аммон мүйізі шетіне жетеді (ІІІ нейроном). Бұл бөлім иіс сезу анализаторының қыртысы аймағы болып саналады. Ал кірпікшелі эпителий (шырышты қабық), біріңғай салалы ет ткані мен тамырлар жататын қалған бөлігі тыныс алу аймағы болып табылады.
Үстіңгі жақ қуысы (Гайморова) көлемі жағынан (10-нан 18см дейін) ең үлкені. Оның алдыңғы беттік қабырғасын ұрттың жұмсақ тканьдері жауып тұрады. Қабырғаның шұңқырлау жері анағұрлым жұқа. Оның астында артерия, вена және нерв өтетін көзасты тесігі бар.
Төменгі қабырға немесе альвеола өскінінің екінші кіші азу тіс пен екі бірінші азу тіс орналасқан бөлігіне сәйкес келеді. Қуыс мұрынның ортаңғы жолына ашылады.
Сыйымдылығы 3 – 5см 3 маңдай қуысының формасы да көлемі де әртүрлі болады, кейде ол болмауы да мүмкін.
Жаңа туған сәбиде маңдай қуысы болмайды, ол оның өмірге келген алғашқы жылынан бастап дамып, 25 жасқа дейін толық қалыптасып болады.
Торлы қуыс (торлы лабиринт) маңдай және сына тәрізді қуыстар аралығында ораласқан. Ол 2 – 14 ауа жүретін клеткалардан құралған, формасы мен көлемі әртүрлі болып келеді. Торлы қуыстың үстіңгі қабырғасы бас сүйектің алдыңғы шұңқырымен шектеседі. Сыртқы қабырғасы көз ұясына жұқа қабырға арқылы бөлініп тұрады. Торлы қуыстың ішкі қабырғасы мұрын қуысының сыртқы қабырғасының бір бөлігі болып табылады.
Сына тәрізді қуыс (негізгі) мұрын-жұтқыншақ күмбезі үстінде орналасқан. Қуыс перде арқылы көлемі бірдей емес екі жартыға бөлінген. Қуыс алдыңғы екі жұқа қабырға тесігі арқылы жоғарғы кеуілжірдің үстіңгі жағындағы мұрынның жоғарғы жолына жалғасады.
Жаңа туған сәбиде сына тәрізді қуыс саңылау сияқты болып келеді, дамуы тек 20 жаста аяқталады. Мұрын қуысының көз ұясы және бас сүйек шұңқырымен жақын орналасуы – қабыну процесінің көз шарасы мен бас сүйек қуысына таралуына ықпал етеді.
Мұрын қуысы тыныс алу, қорғау, иіс сезу және резонаторлық функция атқарады. Тыныс алу функциясы – ауа ағымы танау арқылы жоғары қарай одан төмен қарай хоаналарға, одан әрі мұрын-жұтқыншаққа барады.
Егер де ауа иіс сезу және эссенциаль (хош иісті сезінетін) аймақтарына келмесе, иіс сезу клеткаларының, нервінің рецепторлары функциясы бұзылса – распираторлық гипоксия (тканьдегі оттегінің жеткіліксіздігі) пайда болады.
3. Мұрын мен оның қосалқы қуыстарын зерттеу әдістері.
Сыртқы мұрынды, оның бетте орналасқан қосалқы қуыстарын қарап тексереді. Екі қолдың сұқ саусақтарымен мұрын қабырғаларынан бастап түбін және ұшын, үшкіл нервтің шығу нүктелерін, алдыңғы маңдай қабырғасын, гаймор қуысын, жақасты, иекасты лимфа түйіндерін сипалап көреді. Сау лимфа түйіндері қолға байқалмайды, ал қуыс қабырғалары ауырмайды.
Тыныс алу функциясының жағдайын анықтағанда ең бірінші сол қол саусағымен мұрынның оң қанатын кеңсірік пердесіне басып, оң қолымен кішкене мақтаны сол жақтағы танауға тақайды да, науқастан ішке және сыртқа тыныс алуын өтінеді. Мақтаның қозғалысынан мұрынның өткізгіштігін анықтайды. Мұрынның келесі жартысының өткізгіштігін де осы әдіспен анықтайды. Бұл тексерісте мұрын арқылы тыныс алу еркін, қиын немесе тіптен болмауы мүмкін. Мұрынның тыныс алу функциясын ринопневмометр аппараты бұдан да дәлірек анықтайды.