Онкоскринингтер қолжетімді болады: заңнамаға өзгерістер енгізілді

Жаңалық Онкология

2025 жылғы 26 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл түзетулер онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау және есту аппараттарымен қамтамасыз ету салаларындағы қолжетімділікті кеңейтеді.

Енді онкоскринингтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәртебесіне қарамастан жүргізілетін болады. Скринингтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қолжетімді.

Онкоскринингтер ережелері:

  • Сүт безі обыры: 40–70 жас аралығындағы әйелдер әр екі жыл сайын маммографиядан өтеді.
  • Жатыр мойны обыры: 30–70 жас аралығындағы әйелдер әр төрт жыл сайын цитологиялық жағынды (Пап-тест) тапсырады.
  • Колоректалдық обыр: 50–70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер әр екі жыл сайын нәжісті жасырын қанға талдау арқылы тексеріледі, оң нәтиже болса — бейнеколоноскопия және гистология жасалады.

Скринингтер тіркелген мекенжайы бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында өткізіледі.

Қабылданған шаралар халықтың онкологиялық ауруларды ерте анықтау мүмкіндігін арттыруға, емдеуді уақытылы бастауға және халықтың денсаулығы мен өмірін сақтауға ықпал етеді.

Сонымен қатар, жаңа заң мүгедектігі жоқ азаматтарды есту аппараттарымен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді де қарастырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *