Автор: Нурпеисова Рыскельды Курмангалиевна, жалпы тәжірибелі дәрігер
«Алакөл аудандық орталық ауруханасы» МКК
Қабанбай ауылдық аурухана бөлімшесі
Тақырыптың өзектілігі: Кәзіргі таңда Артериальді гипертония ауруы тек қана үлкендер арасында ғана емес жұмыс істеуге қабілетті жастар арасында кеңінен дамып келе жатқан созылмалы аурулардың қатарында. Осы АГ ауруын емдеуде және асқынулардың алдын алуда кеңінен қолданылуда жүрген Нолипрел препараты тұралы айтып өткім келеді.
Нолипрел бұл екі активті ингредиент: АПФ ингибитор периндоприл және диуретик — индапамид арқылы бүгінгі күнде тиімділігі жоғары препараттардың бірі.
Нолипрел препараты бүгінгі күнде біздің Қабанбай бөлімшесі ауруханасында емханада толығымен қамтамасыз етілген. Сондықтан Артериальді гипертензиямен емделуші науқастарға бұл препарат толығымен қолжетімді денгейде.Ауруханамызда бұл дәрі жеткілікті болғандықтан біз дәрігерлер де , науқастарда препараттың тиімділігіне көз жеткізудеміз.
Емханада 50 аймақта халық саны 1850 адам. Олардың ішінде 35 адам АГ бойынша Д есепте тұрады.
Артериальді гипертензия ауруы туралы қысқаша айтатын болсақ. Артериальді гипертензия (гипертония, АГ) деп — артериялық қан қысымы 140 мм.сын.бағ жоғары болатын жағдайды айтады.Артериялық гипертензия дамуының қауіп факторлары .Басқарылмайтын факторлар: Адам жасы; Тұқымқуалаушылық; Қоршаған орта;
Басқарылатын факторлар: Гиподинамия, Психоәлеуметтік факторлар, семіздік , Шылым шегу, Ас тұзы, Тамақтану, Алкоголь, Майлар.
АГ клиникасы: Бас айналуы,Көз алды қарауытуы, ұйқысы бұзылуы, мазасыздану,көру нашарлауы, жүрек тұсында ауырсыну.
Артериальді гипертензия патогенезі:
- Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі
- Симпатико-адренальді Эндотелиндер
Артериялық гипертонияны емдеу мақсаттары :
- АҚ деңгейін көздеген деңгейге дейін түсіру
- Өмір салтын жақсарту Нысана ағзаларда өзгерістерді азайту
- АҚ деңгейін көздеген деңгейге дейін түсіру біртіндеп және науқас жақсы көтере алатындай болуы қажет.
Тамақтануды дұрыстау,Ас тұзын тәулігіне 5г артық қолданбау, Алкогольді қолдануды шектеу Шылым шегуден бас тарту,физикалық белсенділікті арттыру,артық дене салмағынан құтылу, стреспен күресу,АҚ бақылау, өз өзін бақылау күнделігін жүргізу тамақтану пирамидасы .
Тапсырмалар: науқастардың орташа өмір суружасы ұзарту,науқастарды тиімді әсер ететін дәрілермен емдеу, тегін дәрілермен қамтамасыз ету, науқастарға Артериальді Қан Қысымын күнделікті тұрақты түрде бақылауы қажеттігі тұралы түсіндіру, Артериальді Гипертензиямен емделмегендіктен дамитын асқынулар тұралы түсіндіру, әр бір науқасқа өз денсаулығы тұралы, АҚҚ жоғары болған жағдайға, дәрінің тиімділігі болмаған жағдайда дәрігерлер кеңесінен өту тұралы,уақытылы түрде қажетті зерттеулерден өту қажеттігі тұралы түсіндіру.
Артериялық гипертензиядағы медикаментозды ем принциптері: 24 сағ. дейін ұзақ әсер ететін препарат Нолипрел таңдалады. Ем бір препараттан басталады, әсері болмаса аз дозада бірнеше препарат тағайындалады. Нолипрел тәулігіне 1 рет тағайындалатын қолдануға тиімді дәрі. Нолипрел бұл екі активті ингредиент: периндоприл,индапамидарқылы бүгінгі кунде тиімділгі жоғары препараттардың бірі. Ренинангиотензин Альдестерон жүйесін тежеу арқылы қан тамырларды кеңейтеді, тікелей релаксациялық әсері перифериялық қан тамырлардың түсетін күшін азайтады. Перифериялық артериолалардың кеңеюі жүрекке қан тамырларға түсетін салмақты азайтады, рефлекторлы тахикардия шақырмайды, миокардтың оттегіге қажеттілігі төмендейді. Ірі көлемді коронарлі артерия және артериолалардың кеңеюі миокарддың ишемия аймағын оттегімен қамтамасыз етеді. Тұрақты және тұрақсыз стенокардия кезінде оттегімен қамтамасыз етілуді күшейтеді. Қан плазмасында липиддер, глюкоза денгейіне теріс әсері байқалмайды. Нолипрел белсенді симпатомиметикалық әсері жоқ, мембраностабилизациялық, теріс инотропты әсер етпейді әсер Максимальді эффекті препаратт қабылдағаннан 3-4 сағаттан кейін басталады. Терапиялық эффект 24 сағат көлемінде сақталады, 10-12 қан плазмасында 10-12 сағат сақталады, Максимальді антигипертензилық эффект толығымен емді бастағаннан кейін 2 аптадан кейін басталады. Нолипрелді 1 реттік қолдану басқа препараттарға қарағанда Созылмалы бүйрек шамасыздығы бар науқастарда қолдануға қарсы көрсеткіш жоқ , қолдануға тиімді. Жүрекке түсетін фракция көлемін азайтады,жүректің сол қарынша гипертрофиясын регрессиялайды.
Нолипрел қабылдағанда асқазан ішек жолдарында оңай қорытылады. С Кан плазмасында 6-12 сағаттан кейін пайда болады. Нолипрел 93-98% қан плазмасындағы белоктармен байланысады.
Қорытынды: Нолипрел бүгінгі күнде тиімділігі жоғары антигипертензивті дәрілердің бірі. Бұл препарат емхана бойынша тегін қамтамасыз етілгендіктен науқастарға қол жетімді. Нолипрел препаратымен емдеудің арқасында АГ мен ауыратын науқастарда дамитын асқынулар саны азаюда. Емханада дәрігерлері осы препаратты науқастарға тағайындаудың арқасында АГ мен стационарға түсетін науқастардың саны төмендеді. Сондықтанда Журек қан тамыр жүйесі ауруларымен ауыратын науқастардың күнделікті АҚҚ тұрақты денгейге.Сонымен бірге науқастардың орташа өмір сүру жасын ұзартуда.