МӘМС жүйесінде мәртебені уақытша сақтау мерзімі ұзартылды

Жаңалық

21 мамыр күні Мәжіліс екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасының негізгі мақсаты — халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен кеңірек қамту және азаматтар үшін қолайлы шарттар жасау.

Атап айтқанда, құжатта сақтандырылған мәртебені сақтау мерзімін ұзарту жөнінде жаңа норма енгізілген. Енді бес жыл бойы МӘМС жүйесіне өз бетінше үздіксіз жарна төлеген азаматтар төлемдер уақытша тоқтатылған жағдайда да, алты айға дейін сақтандырылған мәртебесін жоғалтпайды.

Бұған дейін мұндай жеңілдік тек үш айға ғана берілетін. Осылайша, жаңа ереже жүйелі түрде жарна төлеп келген, бірақ белгілі бір себептермен уақытша қиындықтарға тап болған азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған.

Бұл өзгеріс әлеуметтік әділеттілікті нығайтып, азаматтардың медициналық қызметтерге қолжетімділігін сақтау мақсатында маңызды қадам болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *