Лейкоз ауруы

Мақала Сестринское дело

Авторлар: Оспанова Салтанат Жараскановна медсестра врачебно-консультационного кабинета.

Турганова Гульшат  Саметовна, медсестра инфекционного кабинета

Жаксыгелдинова Айман Кенжегалиевна, медсестра Флюорокартотека

Гкп на Пхв Алакольская ЦРБ г Ушарал

Лейкоз — өте қауіпті қан ауруы. Оның лимфадениттен айырмашылығы — без организмнің кез келген жеріне түйін тастайды, қызарып ісінбейді. Лейкозда ақ қан түйіршіктері көбейіп, қызыл қан түйіршіктері азаяды. Оның себебі сүйек майында, көк бауырда, басқа да органдарда тканьдердің ісіну процесі жүреді. Лейкоздың жедел және созылмалы түрі болады. Жедел лейкоз тез басталады, бала тез шаршайды. Бала әлсіреп, беті қуарып, аяқ-қолы сырқырап ауырады. Денесінің ыстығы көтеріліп, әр жері қанталап, бауыр, көк бауыр безі үлкейеді. Балаға диагноз қою үшін төс сүйек майын арнайы инемен алып тексереді. Төс сүйектің майынан қанның ісік клеткалары — гемоцитобласттар мен миелобластарды көруге болады.

Жедел лейкоз кезінде сүйектер ісінгендей болады (омыртқа, қабырға т. б.). Созылмалы лейкоз баяу басталады. Бала шаршағыш, аяқ-қолдары сырқырап ауырады, анда-санда ыстығы да көтеріледі. Іші үлкейіп, бауыры, көк бауыры өседі. Баланың денесіндегі барлық бездері ісінеді. Науқас қатты жүдейді. Қанның анализінен (лейкоциттің) ақ қан түйіршіктерінің тым көбейгенін 50 мыңнан 500 мыңға дейін, ал қызыл қан түйіршіктерінің өте азайып кеткенін көруге болады. Қанның ұюына тікелей әсер ететін тромбоциттер де азаяды. Баланың ауруы үдеген сайын мұрыны, денесінің кез келген жері қанайды. Аяқ-қолдарының сүйектері ісініп, сүйектердің әр жерінде тесік пайда болады. Лейкоз ауруын түрлі гормондармен, қанның әр түрлі құрамдарын денеге енгізу арқылы емдейді. Лейкоз клиникасы белгісіз болғандықтан бұл емдердің тиімділігі айтарлықтай емес. Лейкоз немесе ақ қан ауруының белгілерімен сипаттамасы. Остеомиелиттің созылмалы остеомиелитке жедел ауысатын түрлері Неге балалар остеомиелит ауруына жиі ұшырайды? Инфекциялық монопуклеоз ауруы және оның белгілері.    

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *