Жүрек-қан тамыр аурулары, алдын алу

Uncategorized

Автор: Усенова Ботагоз Рысбековна Ушарал  Жансактау бөлімі Аға медбике

Алакольская ЦРБ


    Жүрек-қан тамыр аурулары — бұл жүрек және қан тамырларының ауруларын топтастырады, оларға:

  • Жүректің ишемиялық аурулары – жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз ететін қан тамыр ауруы;
  • Ми қан тамырларының ауруы – миды қанмен қамтамасыз ететін қан тамыр аурулары
  • Перифириялық артерия ауруы – аяқ-қолды қанмен қамтамасыз ететін қан тамыр аурулары
  • Ревмокрдит – стрептоккоктық бактерияның жүрек бұлшық етін және жүрек клапанын зақымдайтын ревматоидты ауруы.
  • Жүректің туа біткен ақауы — дүниеге келгеннен кездесетін жүректің деформациялық ауруы
  • Вена тромбозы және өкпе эмболиясы – аяқ веналарында тромбтың пайда болып жүрек пен өкпеге әсер етуі жатады.

Жіті коронарлық синдром (инфаркт) – жүректің қанмен қамтамасыз етуінің жіті нашарлауы.

Симптомдары:

  • Кеуденің ауруы ұзақ (20 минуттан аса) қысылып ауруы
  • Тыныштықта кеуденің немесе сол жақ кеуденің сол иыққа, қолға, мойын мен төменгі жаққа беріліп, жауырын аралығы, құрсақ жақтың ауруы.
  • Әлсіздік
  • Алқыну
  • Нитроглициринді қабылдаудан ауру басылмайды
  • Суық тердің шығуы
  • ЭКГ-дан жүректің қанмен қамтамасыз етуінің нашарлағанын көрсететін өзгерістер анықталады.

     Инсульттің жиі кездесетін белгілері (көбіне бір жақ бөлігінің) бет бұлшық етінің әлсізденуі,. Бет бұлшық етінің , аяқ қолдың бір жақ бөлігінің ұюы, есінің шатасуы, дұрыс сөйлей алмау, бастың интенсивті айналуы, тепе-теңдікті сақтай алмау, естен тану.

Осындай белгілерді байқаған кезде кешіктірмей медициналық  көмекке жүгіну керек.

Жүрек-қан тамыр ауруларының алдын-алу:

  1. Дұрыс тамақтану
  2. Дене қозғалысы
  3. Уақытылы диагностикадан өту
  4. Зиянды әдеттерден бас тарту.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *