Жедел коронарлы синдром

Кардиология Мақала Скорая помощь

Авторы: Сурамбекова Айнур Рахимтурдиевна- врач выездной бригады скорой помощи
Курмаева Гульмира Маликовна- старший врач скорой помощи
Бижанова Роза Тортаевна-старший врач скорой помощи. Талдыкорган


Жедел коронарлы синдром-тұрақсыз стенокардияға немесе жедел миокард инфарктісіне күдік тудыратын симптомдар немесе клиникалық белгілер жиынтығы.
Жедел коронарлы синдром ST жоғарылауымен және ST жоғарылауынсыз деп бөлінеді. Термин осы аталған жағдайлардың соңғы диагнозына дейінгі емдеу тактикасын таңдау қажеттілігіне байланысты пайда болған.
ST жоғарылауынсыз миокард инфарктісіне, биомаркерлер бойынша, немесе ЭКГ белгілері бойынша, ферменттер өзгерісі бойынша анықталған миокард инфарктісі және тұрақсыз стенокардия жатады.
ST жоғарылауымен жедел коронарлы синдромға кеудесіндегі ауырсыну немесе дискомфорт және электрокардиограммадағы ST сегментінің тұрақты жоғарылауы немесе “жаңа” ( алғаш пайда болған) Гисс шоғыры сол аяғының толық блокадасы тән. ST сегментінің тұрақты жоғарылауы коронарлы артерияның жедел толық бітелуін көрсетеді. Бұл жағдайда емдеудің негізгі мақсаты тамыр бітелуін тез және тұрақты жою. Осы мақсатта тромболитиктер қолданылады ( егер қарсы көрсеткіштері болмаса).
ST жоғарылауынсыз жедел коронарлы синдромға кеудесіндегі ауырсыну және электрокардиограммада жедел ишемия белгілерінің болуы, бірақ ST сегментінің жоғарыламауы тән. Бұл пациенттерде ST сегментінің тұрақты немесе өтпелі депрессиясы, Т тісшесінің инверсиясы, тегістелуі болуы мүмкін. Түскен кезде ЭКГ қалыпты болуы да мүмкін. Бұл пациенттерде ишемияны және симптомдарды жою, ЭКГ-ны қайталап түсіріп, бақылау және миокард некрозының маркерлерін (жүрек тропониндері, креатининфосфокиназа) анықтау қажет. Мұндай пациенттерді емдеуде тромборлитиктер қолданылмайды.
Тұрақсыз стенокардия бұл ауырлығы және ұзақтығы миокард некрозын тудыруға жеткіліксіз жедел миокард ишемиясы. ЭКГ-да ST жоғарылауы жоқ , қанда миокард инфарктісі диагнозын қоюға жеткілікті мөлшердегі миокард некрозының биомаркерлері жоқ.
Этиологиясы:

  • коронарлы артериялардың тромбозы
  • ⁠коронарлы тамырлардың ұзақ спазмы
  • ⁠миокардтың оттегіне қажеттілігінің кенеттен жоғарылауы
    Патогенезі:
  • коронарлы тамырлардың бітелуі
  • миокардтың оттегімен жеткіліксіз қамтылуы
  • ⁠жүрек бұлшық етінің некрозы
    Жіктелуі:
    Клиникалық өтуіне байланысты келесі түрге бөлінеді:
  • ауырсынулы
  • абдоминалды
  • ⁠демікпелі
  • ⁠аритмиялы
  • ⁠цереброваскулярлы
  • ⁠симптомсыз
    Некроздың орналасуы бойынша:
  • сол жақ қарынша инфаркті ( алдыңғы, перделік, артқы)
  • ⁠оң жақ қарынша инфаркті( өзіндік диагноз болып табылмайды, төменгі миокард инфарктымен бірге дамиды).
    Жүрек бұлшық етінің зақымдануының тереңдігіне байланысты:
  • Q-қалыптасқан ( трансмуральды немесе ірі ошақты). Аурудың алғашқы сағаттарында ST жоғарылауымен және кейін Q тісшесінің қалыптасуымен сипатталады.
  • ⁠Q- қалыптаспайтын ( трансмуральды емес немесе ұсақ ошақты). Q тісшесінің қалыптасуы тән емес, теріс Т тісшелерімен сипатталады.Асқынуының болуына байланысты :
  • ⁠асқынусыз.
  • ⁠асқынумен.
    Клиникалық белгілері.
    Төс артындағы және жүрек тұсындағы қысып немесе батып ауырсыну. Ауырсыну стенокардияның әдеттегі ұстамасынан күштірек, әдеттегіден ұзақ, 20 минуттан көп сақталады. Ауырсыну сол жақ немесе оң жақ қолға, мойынға, төменгі жаққа, сол жақ жауырын астына , эпигастрий аймағына таралуы мүмкін. Пациент қозған, мазасыз, қорқыныш сезімі пайда болады. Нитраттарды тіл астына қойғанда әсері жоқ немесе ауырсынуды толық жоймайды немесе ауырсыну қысқа уақыттан кейін қайтадан пайда болады. Тері жабындары бозғылт, суық тер басқан. Жалпы әлсіздік, ауа жетпеуі мазалайды.
    Асқынулары:
  • жүрек ырғағының бұзылыстары
  • ⁠жедел жүрек жетіспеушілігі
  • ⁠кардиогенді шок
  • ⁠перикардит
    ⁠жедел көмек.
    Нитроглицерин тіл астына 0,5-1 мг немесе 0,4-0,8 мг 1-2 доза ауырсынуды басу үшін. Қажет болған жағдайда және артериалдық қысымның қалыпты деңгейінде әрбір 5-10 минутта қайталау.
    Ацетилсалицил қышқылы 325 мг.
    Кловикс 300 мг 75 жасқа дейінгі пацинттерге. 75 мг 75 жастан жоғары.
    Немесе тикагрелор 180 мг.
    Гепарин 5000 ЕД көк тамырға.
    Ауырсынуды басу үшін наркотикалық анальгетиктер енгізіледі. Морфин 1мл 1% ерітінді 20 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен араластырып көк тамырға әрбір 5-10 минутта 4-10 мл-ден бөліп енгізеді. Ауырсыну синдромы мен ентікпе жойылғанға дейін немесе жағымсыз әсерлері пайда болғанға дейін (гипотензия, тыныс алудың тежелуі, құсу).
    ST жоғарылауымен және алғаш пайда болған Гисс шоғыры сол аяғының толық блокадасымен миокард инфарктісінде қарсы көрсеткіштері болмаса тромболитиктер енгізіледі. Алтеплаза 15 мг көк тамырға алғашында, содан кейін 0,75мг/кг (50мг-нан көп емес) 30 минут ішінде. Содан кейін 0,5 мг/кг (35мг-нан көп емес) 60 минут ішінде. Тромболитиктер шеткі көк тамыр арқылы енгізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *