Диета №10: Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларында дұрыс тамақтану

Кардиология

Автор: Рахманова Мария Кемелахуновна, Рустембекова Замзагуль Мадияровна, Кусаинова Бакытгуль Тулегеновна, жансақтау бөлімінің  мейіргерлері, ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық» МКК

Диета №10 – жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастарға тағайындалатын емдік тамақтану түрі. Бұл диетаның мақсаты – жүрек жұмысын жеңілдету, қан айналымын жақсарту, ісінуді азайту және ағзадағы зат алмасу процестерін реттеу.

Диета №10 негізгі принциптері

            1.        Тұзды шектеу:

            •          Күніне тұз мөлшері 5-6 грамнан аспауы керек (шамамен 1 шай қасық).

            •          Асты тұздамай, тағам дайын болғаннан кейін аздап қосқан жөн.

            2.        Сұйықтық мөлшері:

            •          Тәуліктік сұйықтық мөлшері 1-1,2 литрден аспауы тиіс (сорпа, шай, су барлығы есептеледі).

            3.        Майлы тағамдарды шектеу:

            •          Қаныққан майлар мен қуырылған тағамдардан бас тарту.

            •          Майсыз ет (тауық, қоян, балық) пен өсімдік майларын тұтыну ұсынылады.

            4.        Калорияны бақылау:

            •          Калория мөлшері науқастың салмағына және физикалық белсенділігіне байланысты реттеледі.

            •          Қант, тәттілер, нан өнімдерін азайту қажет.

            5.        Көкөністер мен жемістер:

            •          Ас мәзірінде жаңа піскен көкөністер мен жемістер көп болуы керек. Олар ағзаны калий, магний және талшықтармен байытады.

            6.        Жіктелген тамақтану:

            •          Тағамды күніне 5-6 рет аз мөлшерде қабылдау ұсынылады. Бұл асқазанға күш түсірмей, жүректің жұмысын жеңілдетеді.

Рұқсат етілген тағамдар

            •          Майсыз ет түрлері (тауық, күркетауық, қоян еті).

            •          Көкөніс сорпалары.

            •          Пісірілген немесе буда дайындалған көкөністер (картоп, сәбіз, қызылша, асқабақ).

            •          Тұтас дәнді дақылдар (қарақұмық, сұлы, күріш).

            •          Майсыз сүт өнімдері.

            •          Кептірілген нан немесе тұзсыз печенье.

            •          Жемістер: алма, банан, өрік, шабдалы.

Шектеу қойылатын немесе тыйым салынған тағамдар

            •          Тұздалған, қақталған өнімдер (шұжық, балық).

            •          Қуырылған тағамдар.

            •          Майлы ет және балық түрлері.

            •          Қатты тұздалған ірімшіктер.

            •          Консервілер, маринадталған өнімдер.

            •          Қант мөлшері жоғары тәттілер (торт, кәмпит, балмұздақ).

            •          Кофе, қара шай, газдалған сусындар, алкоголь.

Диета үлгісі

Таңғы ас: Сұлы ботқасы, бір тілім тұзсыз нан, майсыз айран.

Түскі ас: Көкөніс сорпасы, буда пісірілген тауық еті, пісірілген картоп.

Кешкі ас: Майсыз сүзбе, бір алмұрт.

Ұйықтар алдында: Бір стақан майсыз айран.

Ескерту

Бұл диетаны дәрігердің ұсынысы бойынша ғана ұстанған жөн. Әр адамның денсаулығы мен ағзасының ерекшелігіне қарай диетаны маман өзгертіп бере алады.   Дұрыс тамақтану – жүрек саулығының кепілі!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *