Авторы: Казангапова Райса Токишовна, Медсестра портала бюро госпитализации,
Адибасова Назгул Айткалиевна, Медстатист
Зубайрова Раушан Камитовна, Уч медсестра ВОП,
ГКП на ПХВ Алакольская ЦРБ
Бүйректердің, жоғарғы несеп жолдарының және қуықтың топографиялық анатомиясы.
Бүйрек-сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс болып келетін бұршақ бітімдес жұп орган; омыртқаның екі жағында, ішперде арты кеңістігінің бүйір бөлімдерінде орналасады. Бүйректің, жоғарғы несеп жолдары мен қуықтың топографиялық анатомиясы және физиологиялық негіздері 2.1 және 2.2-ші суреттерде көрсетілген.
Әрбір бүйректің алдыңғы (facies anterior) және (facies posterior ) екі беті болады. Бүйректің жоғарғы және төменгі екі полюсі бар. Бүйректің ортадағы жиегінің ортасында кақпалары — hilus renalis -болады, осылар арқылы буйрекке тамырлар, жуйкелер, шүмекшесі бар несепағар кіреді және шығады. Шүмекше (pelvis renalis) бүйректің ішінде және бүйректің сыртында болуы мумкін. Буйрек шүмекшесі сыйымдылығы 10 мл. Бүйректердің жоғарғы полюсі бүйрек бездерімен жабылған. Қалыпты жағдайда дені сау ер адамның бүйрегінің ұзындыгы 12 см, ені— 6 см, қалыңдығы — 4 см. Бүйректің салмағы 120-140 г.
Бүйректердің қанқатопиясы мен синтопиясы. Қанқатопиялық тұрғыдан бүйректер омыртқаға катысты біркелкі орналаспаған: сол бүйрек XI кеуде омыртқасының денгейінен II бел омыртқаның төменгі шетіне дейін орналасқан; оң бүйрек жоғарыда бауыр болғандыктан сол буйректен 1,0-1,5 см төменіректе, XII кеуде омыртқасы мен III бел омыртқа ортасының арасында болады. Бүйректің орналасуын анықтайтын манызды меже — XII кабырға; сол жақтан ол бүйректі тең 2 белікке бөледі, оң жақтан оң бүйректің жоғары үштен бipi XII кабырғадан жоғары, ал қалған үштен eкici одан төмен жатады. Бүйректердің ұзына бой осьтерінің төменге қарай ашық сүйір бұрыш тузеді. Бүйрек бұрышының шамасы 15 тен 30 та дейін аралықта болады. Бүйректердің ұзына бой осьтерінің бұрышын анықтаудын әжептеуір диагностикалык мәні бар. Меселен, бүйрек аномалиялары, пиелонефрит, нефроптоз, бүйрек iciктері кезінде бүйрек бұрышы өзгереді.
Бүйректердің синтопиясы. Оң бүйрек алдан бауырға, ұлтабардың төменгі бөлігі мен мен жиек ішектің өрлеме бөлігіне тақалып тұрады. Сол бүйректің алдынғы бөлігі кіші шарбы май қуысымен, асқазанмен, ұйқы безінің кұйрығымен, жиек ішектің көкбауыр иінімен және жіңішке ішектің тұзақтарымен жабылған, ал оның алдыңғы-сыртқы жиегі көкбауырмен және жиек ішектің төменгі бөлігімен жабулы.
Оң бүйректің қақпасына жақын төменгі қуыс вена (көктамыр) сол бүйректің қақпасына жақын қолқа бар. Бүйректің қақпаларында тамырлар мен несепағардың өзара қатысы мынадай: шүмекше мен несепағардың бастауы неғұрлым артта орналасқан, алдынан тармақтары және оларға оралған жүйкелерімен бүйрек артериясы (кызылтамыры) өтеді және одан да гөрі алда өзін құрайтын тармақтарымен бүйрек венасы өтеді. Тамырлар мен несепағарлардың орналасуының ерекшелігі шүмекшеден тастарды операциямен алып тастау кезінде маңызды — неғұрлым жиі жасалынатыны артқы пиелолитотомия.
Бүйрек қанмен бүйрек артериясы арқылы жабдықталады. Бүйрек қақпасы маңыңда бүйрек артериясы көпшілік жағдайда екі тармаққа бөлінеді, алдыңғы тармақтар паренхиманың көбірек бөлігін, артқы тармақтар азырақ бөлігін жабдықтайды. Шамамен 1/3 жағдайда бүйрек қосымша артериялар алады, олар қолқадан не оның тармақтарынан бөлініп, органға көбіне төменгі полюс өңірінде кіреді. Бүйрек қақлаларына жетпей тұрып, әрбір бүйрек артериясы шағын бүйрек үсті артериясын береді (a. suprarenalis inferior). Бүйрек артериясының тармақтары бүйрек синусына кіргенде интерлобарлық артериялардың бір тобы бойынша желпуіш тәрізді бөлініп, айыр тармағымен шүмекшені қамтиды да, бүйректің ұзына бой осімен паралель дерлік өтеді. Қантасушы тамырлардың бөлінуі негізінде бүйректің табиғи бөлінісінің сызығы кабылданған, ол органның сыртқы жиегінен 1 см артқа жүргізіледі: бүйректі осы жерден жарған кезде болмашы ғана кан ағады (бүйректі резекциялау кезінде). Нефрэктомия, пиелолитотомия жүргізген кезде немесе шүмекше-несепағар сегментінің пластикасында негізгі және косымша бүйрек артерияларына қоса коллатералдық жолдардың бар екенін есте ұстау керек. Ол бүйрек артериясы мен а. testicuiaris бүйрек безінің төменгі және ортанғы артериялары, бүйрек безінің жоғарғы артериясы (a.phrenica inferior тармағы) арасындағы бүйректен тыс анастомоздар есебінен болады. Бүйректен тыс тамырлар желісі кебіне бүйректің майлы қабында орналасады.
Бүйректен веналық кері ағыс екі вена арқылы болады, олар төменгі қуыс венаға сол жақтан I бел омыртқаның ортасы деңгейінде, оң жақтан II бел омыртқа деңгейінде құйылады; осының өзінде бүйрек венасы өз жолында құрсақ қолқасын жоғарғы шажырқай артерия кететін тұсқа жақын алдан кесіп өтеді. Бүйрек веналары қанның бүйректерден ғана емес, көрші ағзалардан: ішперде сырты клетчаткасынан paracolon және бүйректің майлы кабынан канды кері ағызып әкетеді. Бүйрек веналарының v. azygos, v. hemiazygos, порталдық жүйе (көкбауырдағы, шажырқайдағы) веналарымен
анастомоздары болады. Порто-кавалдық анастомоздардың болуы ісіктердің метастазы мен гематогендік инфекциялануға, бүйрекке операция жасалған кезде өзге органдардан (ішектен, асказаннан) қан ағуына не асқазанға, ішекке, көкбауырға операция жасаған кезде гематурияға себептеседі (ретроградтық эмболия).
Бүйректердің лимфалық тамырлары төменгі қуыс вена мен құрсақ колқасы төңірегінде орналасқан тораптарға құяды.
Бүйректердің иннервациясы жоғарғы шажырқай және қолқа-бүйрек симпатикалық тораптарының талшықтары құрайтын бүйрек өрімі арқылы жүзеге асады. Бүйрек өрімінен бүйрек безі, несепағар, бүйрек маңы клетчаткасы иннервацияланады, plexus renalis-тен шыққан тармақтар plexus testicularis internus құруға қатысады. Бүйрек өрімі жоғарғы және төменгі шажырқай өрімдерімен, кұрсақ қолқасы өрімімен, бауыр мен көкбауыр өрімдерімен озара тығыз байланысты; осы себепті бүйректер мен көрші органдарда кесел болған кезде ауру нышандары күрделі болып келеді.