Авторы: Жакупова А.А.
Дулатбаева Ж.А.
Дуйсенбинова С.Т.
Қалалық орталық емханасы №2 учаскелік медбекелері
Бет кескіндерінің айқындылығын сақтау үшін басты назар мен уақытыңызды шашыңыздың үлгісіне, қастың ұқыпты алынуына және тырнақтарыңыздың ұзындығына бөліңіз. Ол үшін бірнеше аптада бір рет осы жерлердің бабын жасайсыз. Әлбетте,шашты реттеп отыру үшін шаштаразшының көмегіне жүгінуге тура келеді. Ал тырнақ пен қастың қалпын өзіңіз-ақ жүзеге асыра аласыз. Көзіңіздің үстінен бір артық қылшық өсіп кетсе, сол бір қылшық бүкіл ажарыңызды алып қояды. Ол өзіңізге білінбегенімен, айналадағы жандардың көзіне оттай басылады. Сондықтан, өзіңіз жиі жүретін жерлерде: әжетханада, жұмыс үстелінде, айна алдында бір қас жұлғыштан тұрса, жақсы. Қол босаған уақытта қастың артық жерлерін теріп отырасыз. Ал шаш мәселесіне келсек, оны екі күнде бір жуып тұрған дұрыс. Шашты бос жаю немесе түйіп алуды еркіңізге беріңіз. Бастысы, ұқыпты жиналған немесе жайылған болса дұрыс. Егер шаш ұштары шашақтанып кеткен болса, бос жіберемін деп, әуреге салынбаңыз. Себебі, шашақталып кеткен шаш ұштары ажарыңызды қашырады. Тырнақтың жөндеуі де өзіңіздің қолыңыздан келеді.
Егер сенімсіз болсаңыз, сән салондарынан жасатуға болады. Бастысы, тырнақтар бір ұзындықта болуы керек және боялған түсі қатты көзге түспейтін, жай түстен болуы шарт. Қара немесе көк сияқты қатаң түстерді қазақ қызы жақпаған. Егер, тырнақты бояу басты шарт деп қабылдамасаңыз, бояусыз қалдырыңыз. Бастысы, күтім көрініп тұрса, болғаны.