Қожахметова Сая Жансейтовна
ГКП на ПХВ «Акуская ЦРБ» Школьная медсестра ЦБ, с Капал
АИТВ — ЖИТС-ның басты себебі болып табылатын індет. Егер жұқпаланған адамның қаны, шәуеті, қынап сұйықтары немесе ана сүті дені сау адамның қанына (инъекция, дене жарасы арқылы) немесе сілемейлі қабыншақтарына түссе, жұқпалану мүмкін. Тұрмыстық жағдайда жұғу мүмкін емес.
Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) ретровирустар (Retroviridae) тобына, баяу вирустардың (Lentivirus) кіші тобына жатқызылған.
Қазіргі кезде ленталы вирустардың 7 түрі белгілі, осылардың 6-ы жануарлар үшін патогендік болып табылады және біреуі ғана (АИТВ) адамды ауруға шалдықтырады. Адамның иммун тапшылығы вирусын (Human immunodeficiency virus — HIV) 1983 ж. Париждегі Пастер институтында профессор Люка Монтанье (Montagnier L.) тобымен ЖИТС-пен науқас адамның лимфатикалық жүйесінен бөлініп алынған. Сол жылы АҚШ-та профессор Роберта Галло (R. Gallo) тобы ЖИТС-пен науқас адамның шеткергі қанының лимфоциттерінен вирусты бөліп алған. Екі вирус та бірдей болған және ДДҰ 1987 ж. «адамның иммун тапшылығы вирусы» (АИТВ, ағылшынша аббревиатурасы — HIV) деген бірыңғай атауды қабылдаған.
Қазіргі кезде вирустың: құрылымдық және антигендік сипаты бойынша ажыратылатын, АИТВ-1 және АИТВ-2 деген 2 серотипі сипаттала жазылған. АИТВ-1 неғұрлым эпидемиологиялық маңызға ие, ол көбінесе қазіргі тырысқақ індетіне басым болуда және Ресей Федерациясының аумағында кеңінен таралған. Электрондық микроскоптың деректері бойынша, АИТВ вирондары диаметрі 100-120 нм дөңгелек түрінде болады. Вирустың сыртқы менбранасы, иесі жасушасының белогынан құралған, ол белок қабықшасы тәрізді белгіленген.
АИТВ — ЖИТС-ның басты себебі болып табылатын індет. Егер жұқпаланған адамның қаны, шәуеті, қынап сұйықтары немесе ана сүті дені сау адамның қанына (инъекция, дене жарасы арқылы) немесе сілемейлі қабыншақтарына түссе, жұқпалану мүмкін. Тұрмыстық жағдайда жұғу мүмкін емес.
Жұқпа жұқтырылған күнінен бастап ағзада өзінің бұзушылық жұмысын атқарады, иммундық жүйенің жасушаларын жаулап алады. ЖИТС диагнозы осы жасушалардың 80 пайызының бұзылуын білдіреді.
АИТВ жұқпасын емдеуге арналған дәрі-дәрмек әлі ойластырылып табылмаған. Бірақ бүгінгі таңда науқастың өмір сапасын жақсартуы және өмірінің ұзақтығына әсер ететін дәрі-дәрмек бар.
Ашылу тарихы
ЖИТС-ның этиологиясының нәтижесінде адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы 1983 жылы ашылды. ЖИТС туралы ең алғашқы ғылыми ресми баяндама ретінде, гомосексуалист-ер адамдарда кездескен белгілі емес пневмоцистік пневмония және саркома Капоши туралы 1981 жылы шыққан екі мақала болып табылады. 1982 жылдың шілде айында алғаш рет жаңа ауыруға ЖИТС термині қолданды. Осы жылдың қыркүйек айында гомосексуалистер мен нашақорлар, А гемофилиясымен ауыратын адамдарда бірнеше қатар оппортунистік жұқпалар диагностикасы негізінде ЖИТС ресми түрде ауыру деген мағынада қолданады. 1981 жылдан 1984 жылға дейін ЖИТС-ның таралыуының дамуы жыныстық қатынас арқылы және нашақорлықтың қауыпты екендігі туралы бірнеше жұмыс шықты. Оған қатар ЖИТС-ның індеттік табиғаты бар екендігінің гипотезасы бойынша жұмыс жүргізілді.
Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышын 1983 жылы бір-бірінен бөлек екі лаборатория анықтады:
-Люк Монтанье басшылығының қол астында Францияда Пастер Институтында
— Роберт Галло басшылығының қол астында АҚШ ұлттық рак институтында
1983 жылдың 20 мамыр айында Science журналы зертеулер нәтижесінде науқастардың ағзасында жаңа ретровирус кездескені туралы жазады. Бұл мақалаларда жаңа ашылған қоздырғыш HTLV топ қоздырғыштарына жататындығы мәлімдігін жазады. Зерттеушілер жаңа табылған қоздырғыш ЖИТС –ны тудыру мүмкіндігін ұсынды. 1984 жылды мамыр айының 4- күні зертеушілердің хабарлауы бойынша, ЖИТС-мен ауыратын 72 адамның 26-ның лимфоциттерінен, пре-ЖИТС жағдайымен ауыратындар арасында 21 ден 18 науқастарда сол кезде HTLV-III атты қоздырғыш анықталған. Зертеушілер 115 дені сау бақылау топтағы гетеросексуалдардың арасынан қоздырғышты таппады. Оның себебі Т4лимфоциттардың санының аздығына байланысты, деді олар. Қоздырғыштың алғашқы атауы АИТВ атауына өзгертілді.
Вирустың берілуі
АИТВ ағзаның барлық биологиялық сұйықтықтарында пайда болады. Бірақ, зарарлануға қажетті қоздыруыштың керекті саны тек қанда, шәуетте, қынапта, лимфада және ананың сүтінде (ананың сүті тек нәрестелер үшін ғана қауіпті – олардың асқазандарында АҚТБ-ны өлтіретін асқазан қышқылы өнделмейді) болуы мүмкін. Індет адамның қан және лимфоток арқылы тікелей қауіпті биосұйықтықтыраның, сонымен бірге зақымдалған шырыш қабыршақтарына (бұл шырыштылардың сіңу қызметіне негізделеді) түсуі жолымен де болады. Егер АҚТБ-жұқпасының қаны басқа адамның қаңы жүріп тұрған ашық жарасына түскенде жұқпаның әсері болмайды.
АИТВ – тұрақсыз вирус – ағзадан тыс ортада, қанның (шәует және қынаптың) кебуінде өледі. Індет тұрмыстық жолмен берілмейді. АИТВ 56 С градусынан жоғары жағдайында лезде өледі.
Бірақ, тамыр арқылы инъекцияларда вирустың таратылуының дәрежесі өте жоғары – 95 %-ге дейін. Инемен шаншуда медперсоналға АҚТБ-ның жұғуы жолдары да тіркелген. Бұндай жағдайда, АҚТБ таратылуы жолдарының алдын алу мақсатында (пайыз үлестеріне дейін) дәрігерлерге жоғары белсенді антиретровирустік терапияның төрт апталық курстары тағайындалады. Химиопрофилактика, сондай-ақ жұқпалану қатеріне тәуелді өзге адамдарға тағайындалады. Химиотерапия вирустың ықтимал таратылуынан кейін 72 сағаттан аспай тағайындалады.
Нашақорлардың бірнеше рет инелер мен шприцтерді пайдалану АҚТБ-ның таратылуына әкеліп соғады. Оның алдын алу үшін арнайы қайырымдылық орындары құрылады, онда ақысыз негізде қолданылған шприцтер орнына таза шприцтер беріледі. Сонымен бірге жас нашақорлар жыныстық белсенді, қорғалмаған жыныстық қатынастарға жие түседі, бұл вирустың таратылуына қосымша жол ашады.
Әртүрлі көздер бойынша қорғалмаған жыныстық қатынастарында берілетін АҚТБ-ның таратылуы туралы мәліметтері өзгеше. Таратылуы қатері көбінесе қатынас типінен (қынаптық анустық, ауызбен) және серіктес рөліне (кіргізуші тарап/қабылдаушы тарап) қатысты болады.
Сондай – ақ, анадан балаға тараудың тіке жолдары болуы мүмкін. Жоғары белсенді антиретровирустік терапия арқылы оның алды алуда, вирустің тіке таратылуының қатері 1,2%-ға дейін төмендетіледі.
Вирустың өзге биологиялық сұйықтықтарда сілекейде, көз жасында болуы өте төмен; сілекей, көз жасы, тері арқылы таратылу туралы ақпарат жоқ. Ананың сүтімен тамақтандыру жұқпаны тарату себебі болуы мүмкін, өйткені ананың сүтінде АҚТБ болады, сондықтан АҚТБ-мен ауыратын аналарға балаларын кеудесімен тамақтандырудан бас тарту қажет.
АҚТБ қан сорғыш масалар және басқа құрт-құмырсқалар, ауа, қол алысу, сүйісу (кез-келген), ыдыс-аяқ, киімдер, ваннаны, дәретхананы, жүзу бассейнің пайдалану және т.б.арқылы таратылмайды.
АИТВ диагностикасы. АИТВ-ға тестілеудің түрлері.
Қоздырғышты арнайы тест жүргізу арқылы табуға болады. Тест үрдісінің қорытындысы антиденені табуарқылы, қоздырғыштың ағзаға өтуі арқылы қалыптасады.
Бірінші тест — иммунндық-ферменттік талдау (ИФТ). Бұл-диагностиканың кеңінен тараған әдісі болыптабылады. Жұқпадан 3 ай кейін ағзаға түскеннен соң, адам ағзасында иммуноферментті талдауды анықтай алатынантиденелер саны жинақталады. Теріс расталмаған нәтиже жұқпаға антиденелер жетілдірілмеген немесе ЖИТС-ның терминалды деңгейінде, яғни қан құрамында жұқпа өте көп болғандықтан CD-4 антиденелер жоқ дегендібілдіреді. Егер сіз теріс расталмаған нәтижеңізге көз жеткізгіңіз келсе, онда сізге 3 айдан кейін ИФТ өтудің маңызыбар.
Теріс расталмаған нәтиже негізінен жұқпалы, аутоиммундық, онкологиялық және т.б. күрделі аурулары бар науқастарды, сонымен қатар жүктілік кезінде тексерген кезінде анықталады.Сондықтан кез келген оң нәтижені міндетті түрде өте сезімтал тест – иммуноблотта тексереді. Иммуноблот ИФТ-ның оң нәтижесінен кейін оңнәтиженің 99,9% растайды – бұл кез келген медициналық тест үшін максималды нақтылық. Екінші тест –иммуноблот (ИБ). Бұл тест АИТВ-ға спецификалық антиденелердің барын анықтайды. Нәтиже оң, теріс жәнесенімсіз (немесе анықталған) бола алады.
Анықталмаған нәтиже адамның қан құрамында АИТВ бар, бірақ ағзаның антиденелер спектрі толық жетілдірілмегендігін білдіреді. Ережеге сәйкес сенімсіз нәтиже алғаннан 1-3-6 ай өткеннен кейін ерітіндіде біріненсоң бірі антиденелер және АИТВ пайда болады. Бұндай жағдайда сенімсіз нәтижелер АИТВ-жұқпасының бастапқыкезеңінің куәсі болып табылады. Иммуноблоттың анықталмаған нәтижесі адамның АИТВ-ны жұқтырмағандығын,бірақ оның ағзасында АИТВ антиденелеріне ұқсас денелер барын білдіреді. ИБ-ның белгіленбеген нәтижесінденауқас дәрігер-инфекционисттың қарауында болады және 1,3 және 6 айдан кейін қайта тексерістен өтеді. Үшіншітест – полимеразды цепті реакция (ПЦР). Ол жұқпаның РНК және ДНК анықтау үшін қолданылады. ПЦР келесілерүшін қолданылады:
— «Терезе кезеңінде» және иммуноблоттың нәтижесі түсініксіз болған кезде АИТВ-ның бар немесе жоғын анықтау үшін;
— Ағзада АИТВ1 немесе АИТВ2 жұқпасының қайсысы барын анықтау үшін;
— Жұқпалы жүктілікті анықтау және бақылау үшін;
— АИТВ-жұқпаланған анадан туған нәрестелерде АИТВ-статусын анықтау үшін;
— Қан құю
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.
1. Ішпеген,шылым шекпеген Жасайды жылдар көптеген
2.Ұзартқың келсе ғұмырды, Таста арақ пен шылымды.
3. Темекінің кермегі- Еріккеннің ермегі.
4. Шарап-арақ ішіңе көшеді, Ақыл шөлмек ішіне түседі.
5. Жабылады шарабыңды ішерде, Бәле төнсе,жоқ араша түсерге.
6. Жасында темекісін будақтатқан, Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
7. Адам арақты ішеді. Ақыл арақты ішеді.
8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр, Одан кейін өзгелерді сақтаңдыр.
Қорытынды:
ТЕСТ 1. СПИД жұқпалы ма? а) Иә ә) Жоқ
2. СПИД вирусын не дейміз? а) Кох талшығы ә) Айде б) А вирусы
3. Қай жылы СПИД вирусы ашылды? а) 1983 ә) 1985 б) 1956 в) 1988
4. Ауру белгілері бірден біліне ме? а) иә б) жоқ
5. СПИД қандай жолдармен таратылады?
а) жыныстық жолдар арқылы ә) қан арқылы б) тағам арқылы в) насекомдар арқылы г) кір қол арқылы.
6. Қай континетте адамдар СПИД-пен ауырғанын білмеген? а) Африка ә) Азия б) Америка г) Австралия
7.Қазақстанда СПИД-пен ауыратын адамдар кімдер? а) жастар ә) балалар в) үлкен адамдар
8.СПИД-ті қандай жағдайда дұқтыруы мүмкін. а) норкомания ә) әңгіме кезінде в) темекі шегу г) жезөкшелік
9.Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні? а) 1 қазан ә) 1 желтоқсан б) 1 қаңтар
10 Қай ел СПИД-пен ауырған адамдарды басқа аралға апарып тастайды,оларға жағдай жасайды?
ЖИТС — жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы бүгінгі таңда адамның иммунитет тапшылығы вирусынан /АИТВ/ туындайтын аса қауіпті дерт. АИТВ, ең алдымен, организмнің әр түрлі ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз ететін иммундық жүйені зақымдайды. Иммундық жүйе клеткаларынаң өлуі біртіндеп адамды сырқаттану факторынаң алдында қорғанышсыз етеді. ЖИТСпен ауыратын науқастардын өлімі әдетте өкпенің, нерв жүйесінің, қатерлі ісіктердің зақымдауынан туындайды. ЖИТС – жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы, АИТВ -ның соңғы даму сатысы.
АИТВ– адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы, яғни ЖИТС ауруын тудыратын вирус. Бұл вирус 1983 жылы ашылған. Вирус өте кiшкентай болғандықтан қарапайым микроскоп арқылы көрiнбейдi. Вирус қан жүйесiне түскеннен кейiн адамның қорғаныш жүйесiне жауап беретiн ақ қан түйiршiктерiн зақымдап құрта бастайды.
Екi түрлi ұғым бар: АИТВ -жұқтырған және ЖИТСпен ауыратын адам. Ұқсастығы: екеуiнiң де қанында ЖИТС қоздырғышы бар, екеуi де сыртқы ортаға қауiптi, ауруды жұқтыра алады. Айырмашылығы: АИТВ –жұқтырған адам ағзасында вирус болғанымен әлi клиникалық белгiсi жоқ, сырт пiшiнiне қарағанда денi сау адам. Ал ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарда аурудың клиникалық белгiлерi бар, ол АИТВ -ның соңғы даму сатысы. ЖИТС-тың ең басты клиникалық белгiлерiне мыналар жатады: аурудың 1 айдан аса дене қызуы көтерiледi, 1 айдан аса тоқтамастан iшi өтедi, 10 пайыздан аса салмақ жоғалтады. Адамда иммунитет тапшылығы байқалғандықтан адам ағзасы кез келген жұқпалы, паразитарлық, бактериалдық ауруларға қарсы тұра алмайды.
Адамдар АИТВ –ны қалай жұқтырады? Инфекцияның көзі ЖИТСпен ауыратын науқастар немесе АИТВ -ны жұқтырушы адам. Вирус қанда, спермада, қынап сұйықтықтарында, омырау сүтінде көп болады. Адамның түкірігінде, терісінде, көз жасында, несебінде және басқафизиологиялық сұйықтарында вирус аздап қана кездеседі, сондықтан ол сұйықтықтарға қан араласпаса АИТВжұқтырмайды.
Қандай жолдармен АИТВ адамға жұғады?
— Қан арқылы (ортақ шприцті, инені және басқа медициналық, қырыну құралдарды пайдаланғанда, донордың қаны арқылы)
— Жыныстық қатынас арқылы (мүшеқап қолданбаған жағдайда)
— Анадан балаға жүктілік, босану және емізу кезінде
Күнделікті тұрмыста адам АИТВ жұқтырған қаннан аулақ жүрсе АИТВ-ны жұқтыруы мүмкін бе? Жоқ. АИТВ қол алысқанда, «құрғақ» сүйісу кезінде, ауа арқылы, соның ішінде түшкіргенде әрі жөтелгенде, тамақпен және сумен, ыдыс төсек орны киім мен аяқ киім арқылы, моншада жуынғанда, ортақ дәретқананы паидаланғанда сондай ақ жәндіктер шаққанда жұқпайды.
АдамАИТВ –ны жұқтырғанын немесе жұқтырмағанын қалай айқындауға болады? Зертханалық тексеруден өту керек. ЖИТСорталықтарында, сол сияқты емханалардаерікті құпия немесе жасырын түрде тексеруден өтуге болады.
АИТВ -ны жұқтырудан сақтануға болады?
АИТВ жұқтыру мүмкін болмайтындай өзін-өзі ұстау керек.Соның ішінде иньекциялық есірткіден бас тартқан, біреумен бірге ортақ шприцті, инені,ұстараны пайдаланбаған, кездейсоқ жыныстық қатынасқа түспеген жөн. Жыныстық қатынас арқылы жұқтырудың алдын алудағы басты шара-тұрақты түрде мүшеқап қолдану.
Мен ЖИТС-қа қарсы күрес жүргізу үшін не істей аламын?
— Ең бастысы — АИТВ инфекциясы мен ЖҚТБ туралы білім алыңыз да, оны өз
денсаулығыңыз үшін пайдаланыңыз.Өзіңіздің достарыңызға, туысқандарыңызға АИТВ туралы көбірек білуге көмектесіңіз.Өз құрбы-құрдастарыңыздың арасында АИТВ -ның алдын-алу туралы ақпаратты таратыңыз.АИТВ-ны жұқтырған адамдарға қатысты жанашырлық білдіріңіз, оларға көмектесуге тырысыңыз.Есте сақтаңыз: Достық қарым қатынас арқылы АИТВ-ны жұқтыруға болмайды.ЖИТС-қа қарсы күрес жүргізетін ұйымдардың жұмысына белсенді қатысыңыз.