Орталық кеңес қаулысына және Алматы, Жетісу облыстарының филиал іс-жоспарына сәйкес, ағымды 2023 жыл ,,AQNIET» кәсіподағының — 100 жылдығына арналды. Жыл басынан кәсіподақ мүшелерінің игілігіне арналған көптеген іс-шаралар өтті:- органайзинг бағдарламасын іске асыру жөнінен Талдықорған қаласында үлкен семинар өтті; — бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төраға/төрайым және филиал төрағасының жыл қорытындысы бойынша есебі берілді; — кәсіподақ белсенділері орталық кеңес, филиалдың ұйымдастыруымен бірнеше вебинарлар мен семинарларға қатысты (жалпы саны 122 адам); — қоғамдық құқық қорғаушы Дәурен Нұрсапаның және ,,Медициналық адвокат» проектінің бастамасымен беделді медициналық адвокаттардан, сот-медицина сараптамашыларынан, мамандандырылған заңгерлерден тұратын медициналық қызметкерлерді сауатты қорғау үшін ,,Qorgaumed» командасы құрылды. Кәзіргі таңда республика бойынша медициналық мамандарды негізсіз айыптау жөнінде бірнеше іс оң шешімін табуда; — әлеуметтік серіктестердің ортақ мәмлеге келіп 2023-2025 жж арналған үшжақты Келісімге қол қойылып, іске асты; -Ташкент шаһарында орталық Азия мемлекеттерінің денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ төрағаларының арасында өткен жиында озық тәжірибемен бөлісу, кәсіподақ белсенділерімен алмасу жөнінде бірнеше құжаттарға қол қойылды; — Алматы және Жетісу облыстарының филиалы Атқару комитетінің қаулысына сәйкес 100 жылдыққа арнайы кәсіподақ мүшелеріне — 100 тегін жолдама берілді және де аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы отбасының өрендері де тегін жолдамаға ие болды; — футболдан Республикалық және облыс аралық жарыстар ұйымдастырылды; — волейболдан облыс көлемінде тартысты жарыстар өтті; — 100 жылдық мерейтойға арнайы бағалы сыйлық пен төсбелгілер кәсіподақ қозғалысының белсенділеріне және әлеуметтік серіктестерге салтанатты түрде тапсырылды. Атқарылған іс-шараны бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Өткен жылға өкпеміз жоқ, сала қызметкерлерінің дәрежесін арттыру, беделін көтеру, ынталандыруға арналған іс-шараларымыз сәтті өтіп, әріптестеріміздің алғысын алып, жағымды әсерлерге бөлендік. Жаңа 2024 жылда алдымызға қойған мақсат — жоспарымыз іске ассын, ең бастысы аман-есен болайық, берекелі, мерекелі жыл болсын !!!
- Автор:
- Асан Шалтабаев, «AQNIET» кәсіподағы, Алматы және Жетісу облысы филиалының төрағасы