Өңеш обыры

Онкология

Авторлар: Ниязбекова Милана Борисовна — Медсестра кабинета Контроля Инфекционных Заболеваний, Дуйсенбекова Жанар Кенесбаевна — Медсестра эндокринологического кабинета, Бекбосинова Айгул Жаныбековна — Медсестра УЗИ кабинета, ГКП на ПХВ «Аксуская ЦРБ»

Өңеш обырының болжамы өте қиын орындалатын қатерлі ісік. Бұл дерт қазақ халқы үшін, әсіресе, Каспий, Арал теңізі аймағындағы тұрғындардың негізгі бір өлім себептері болып табылады. Ауырғандардың 70-80% бірінші жылдың ішінде өліп отырады. Өңеш обыры-cыртқы қабық қорғаныш қабілетін атқара алмайды, сондықтан обыр ауруында дерт көрші сау ұлпаларға тез тарайды. Кейінгі жағдайларда ота жасалынбайды. Өңештің кілегей қабыршығы жуан келеді, ол жалпақ жасушалы болады да егде жастағы кәрі адамдарда жиі түлейді. Осы жерде пайда болған обыр жалпақ жасушалы обыр болып саналады. Өңештің ішкі кілегей қабыршығының астындағы қабат цилиндр тәріздес келеді; ал егер кардий қыспағы жеткіліксіз болған жағдайда асқазандағы қышқыл орта кейін қарай өңешке лақтырып құйылады. Сөйтіп ол өңештің жалпақ жасушалы кілегей қабыршығын шырышты қабыршыққа ауыстырады. Бұдан өнген обыры аденокарцинома дейді. Қан және лимфа айналысы. Өңештің мойын тұсы төменгі қалқанша без артериясы арқылы қоректенеді. Кеуде бөліміне аортаның кеуде бөлімінен өңешке арнайы шығатын тармағы келеді; төменгі бөлімі сол жақ асқазан және төменгі диафрагма артериялармен байланыста болады. Қан кілегей қабыршық астында орналасқан вена қантамырлары арқылы кері жүреді.

 

Белгілері

Сонымен бұл қатерлі аурудың белгілерін қалай біліне бастайды:

Ішкі мүшелердегі қатерлі ісіктерге қарағанда өңеш обыры жарқын белгілермен :

Дисфагия (тағамның өңештен жүрмеуі, қиналып жүруі, ауру адамның осыған байланысты бұларды жұтынған кезде сезінуі)

Дерт орналасқан жерде ауру сезімінің болуы немесе қолайсыздық сезіну

Ауыздан сасық иіс шығуы, сілекейдің көбеюі

Ауыру адамның қақырынуы, тағамның кері шығуы, жүрек айнып, құсықтың болуы

Егер осындай белгілер білене бастаса міндетті түрде дәрігерге көрініңіз. Себебі ісік аурулары ерте анықтаса, онда өмірге қауіпті факторлардан сақтануға болады. Лимфа тамырлары өңештің барлық қабаттарында өте бай дамыған; олар арқылы лимфа сұйығы өңештің алдыңғы және артқы жағында орналасқан бұлшық еттері арқылы мойынмен, орталық кеуде қуысымен және іштің жоғарғы қабаттарында мүшелермен тікелей байланыста болады. Осының нәтижесінде өңеш обыры барлық бағыта дамиды, метастаздар береді.

Ісік түйіннің бет пішініне сәйкес дерт

  1. Экзофитті түрінде дерт өңеш қуысына қарай өседі; шекарасы тегіс келіп, ісік жасушасы ыдырай бастайды. Ұлпаның тығыздығы өте жұмсақ келуіне байланысты ісікті ми тәріздес деп те атайды.
  2. Эндофитті түрінде ісік ұлпасы өте қатты келеді, шекарасы көмескіл келіп, өсу бағыты өңеш бойымен жүреді, айналдыра сақина тәрізді қысады.
  3. Аралас (инфильтртивті) мүшеде жара болып, ол көрші сау ұлпаларды тез жарақаттайды. Жараның шеттері білеуленіп, көтеріліп тұрады, ол қолға өте қатты сезіледі, шекарасы тегіс келмейді.
  4. Полипті (өсінді) сияқты келеді. Мұнда өңеш қуысында өсінді пайда болып, ол жіңішке аяғымен өңеш қабырғасымен байланысады; жайылып кетпейді, тек бір жерде ғана өсіп тұрады.

Гистологиялық (морфологиялық) құрылысы

 

Жалпақ жасушалы келеді, оның түлейтін, түлемейтін түрлері бар. Дерттің шырышты немесе жалпақ жасушалы + шырышты аралас түрлері өте сирек тіркеледі. Аденокарцинома көбінесе өңештің төменгі бөлігінде немесе Баррета өңешінде байқалады. Дерттің өсуі көбінесе өңеш қабырғасынан тыс жүреді және жалпы лимфа арқылы таралады. Қан арқылы өну өте сирек. Мүше қабырғасын бойлап, сырқат лимфа тамырлары арқылы жоғары бағытта, көрініп тұрған ісік шекарасына 4-5см қашықтықта таралады. Ісіктің бұл қасиеті өңешке операция жасағанда ұмытпау керек. Клиникалық ағымында сырқаттың гистологиялық айырмашылығы айтарлықтай өзгеріске әкелмейді.

Диагностикасы

Бұл дертті дәлелдеу қиын емес: рентгенге түсу және эндоскопиялық көру, оның соңында биопсия жасау. Әрине, бұлар пәрменді ем бағдарламасына жеткіліксіз болады; сондықтан сырқаттың өсу дәрежесін дәл анықтау – рентгенге түсіру, эзофагоскопия – ең шешуші нәрсе. Осы мақсатпен ауруханалық жағдайда компьтерлік томография (КТ) жасалынады.

Емі

Толық жазылу тек хирургиялық әдісті қажет етеді. Бірақ барлық ауруларға оны қолдану өте қиын. Сырқаттың жоғарғы бөлігінде сәуле әдісі қолданады, одан кейін тағамның өңештен өтуі жақсарады. Кейбір жағдайда бұл нәтиже ұзаққа созылуы мүмкін. Химиотерапия дәрменсіз келеді. Әстінде ол операциямен, немесе сәулемен қабаттасып келгенде паллиативті әсер етеді. Көптеген аурулар дертті асқынып, өршіген кезінде ем қабылдауға мәжбүр болады, себебі тағам жүрмегеннен кейін аштық, оның соңы дегенерация және дистрофияға әкеледі, яғни алмасу үрдістері қайтадан қалпына келмейтін жағдайға тап болады. Бұларды болдырмау мақсатында паллиативті операциялар – гастростомия (асқазанды тесу, жару, сөйтіп сол арқылы қолдан тағамдану) немесе өңештің тарылған жеріне түтікше қойып, оны кеңіту (интубация пищевода) жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *