Қордың Жетісу облыстық филиалы Талдықорған қалалық емханасы, «Нұр-Авиценум», «ХАК» медициналық орталықтары, қалалық №2 емханасының және облыстағы орталық аудандық ауруханалардың ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Қор мен медициналық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Оның басты мақсаты алдағы уақытта тұрғындармен кері байланысты жетілдіруге бірігіп атсалысу.
«Қор мен медициналық ұйымның ортақ мүддесі — халықты қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қаматамасыз еті. Осы ретте ақпараттандырудың, халықпен тиімді кері байланыс орнатудың маңызы зор. Біздің алдағы жоспарымыз осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, МӘМС жүйесінде сақтандырылғандардың санын азайту», — дейді Қордың Жетісу облыстық филиалының директоры Иван Самойленко.
Сондай-ақ, кездесуде филиал директоры Қордың негізгі қағидаттарын және медициналық көмек пакеттерін қайта қараудың тиімділігімен түсіндірді.
Кездесу соңында, медицина қызметкерлерімен ағымдағы жұмыс барысы, шешімін таппаған мәселелер, медициналық қызметті жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды.