Қыз бала гигенасы

Гинекология

Автор: Ниязова НургульНиязовна фельдшер доврачебного кабинета

Садуакасова Салтанат  Одасыновна акушерка женской консультации

Туктыбаева Жайнагуль Рысбековна медсестра ЦСО

ГКП на ПХВ Алакольская ЦРБ

Қыз бала гигиенасы Жеке бас гигиенасының бірінші ережесі – тазалық, ол туралы бұрыннан белгілі. Жекелеген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының адам жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір арнайы жағдайлары бар. Етеккірдің басталуы, қыз баланың алдына бір мәселе қояды. Алдымен етеккірдің келуі денсаулық жағдайына, қыз баланың жеке гигиена ережелерін сақтауына байланысты екенін есте ұстау керек. Әдетте, дені сау, шыныққан, спортпен шұғылданатын , жақсы тамақтанатын қыз балаларда етеккір жақсы өтеді. Жалпы сау қыз бала да етеккір келген кезде жабығу сезу мүмкін.Алайда бұл сырқат емес, қалыпты жағдай. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану қажет. Ой, физикалық жұмыстардан бас тартпау керек. Алайда ауыр физикалық жұмыстарды азайту керек. Етеккір кезінде сыртқы жыныс ағзаларын таза ұстағанның маңызы зор.Бұл үшін оларды леген үстінде таза жылы «ыстық емес» сумен алдынан артқа қарай жұмсақ иіс сабын қоданып жуу керек. Жуынуды тәулігіне 2 реттен кем емес өткізу керек. Осы кезде күнделікті душ қабылдаған дұрыс. Ваннада, теңіз, өзендерде жуынуға болмайды, өйткені,менструация ауру тудырғыш микробтарға жол ашады да, жыныс ағзаларының қабынын тудырады. Моншадан, әсіресе булы моншадан алшақ жүрген жөн, өйткені жоғары температура қан бөлінуін күшейтеді. Етеккір келген кезде арнайы салмалар қолдану қажет. Менструация кезінде тағамға ащы тамақтар қолданбау керек, өйткені олар қан ағуын күшейтеді. Сонымен қатар, жазды күндері – тығыз жатаны іш киім, қысты күндері – жылы трико, рейтуз және жылы аяқ киім киген жөн. «Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік (әйелдік) ол тек сыртқы физикалық пішін емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Мәселен тым алшың адым, не теңселіп жүру нәзіктік түсінікке жат белгі. Грациялық – бұл алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес. Қатты дауыс шығарып сөйлесу, күлу, әсіресе, қоғамдық орындарда  көргенсіздік болып табылады.

Дұрыс киім кию аса орынды болып табылады. Бұл кезде таным болуы тиіс, осы танымды тәрбиелей білу қажет. Әдемілікті бәрінен көре білу керек – қоршаған ортадан, мәдениеттен, адам денесі гармониясынан. Жақсы киіне білу қажетті талаптарды, жағдайларды талап етеді. Ең бастысы алған зат бағасы, не оның сәнділігі емес. Моданы қолдау қажет. Бірақ оны қумау керек. Егерде бірде біреудегі сәнді киім жақсы көрінсе, оның сізде де жақсы көрінуі мүмкін бола бермейді. Бұл жағдайларда сәнді киімнің өзі дөрекі көрініп, ол сіздің парықсыз және әдепсіз екендігіңізді баяндайды.

Косметика – қыз баланың сыртқы бейнесінің маңызды құрамды бөлігі. Өкініштісі, ол қыз бала бейнесін әсемдеуден гөрі, дөрекілейді.

Аса боялған ерін ерсі көрінеді, аса пудрланған бет көркі келіспейді. Аса ғаламат шаш түстері, тушты ұлпалы кірпік бейнелері әсер бермейді. Жаныңызда ұстайтын жайт, ол ең әдемі жеріңіз – бұл сіздің бетіңіз, оны танымды ете білу қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *