Қояншық ауруы (Эпилепсия) дегеніміз не? Аяқ астынан ұстамасы ұстаған адамға қалай көмектесу керек?

Мақала Неврология

Авторлар: Оспанова Салтанат Жараскановна медсестра врачебно-консультационного кабинета.

Турганова Гульшат  Саметовна, медсестра инфекционного кабинета

Жаксыгелдинова Айман Кенжегалиевна, медсестра Флюорокартотека

Гкп на Пхв Алакольская ЦРБ г Ушарал

Қозу және тежеуші жүйелердің бұзылуынан туындайтын бас миының ауруы ретінде танылған. Нейрондар жоғары қуатты электр күшін бөле бастағанда, тежеуші күштің оған әлі келмей қалады. Осыдан ұстамасы басталады. Көпшілік ойлағандай мұндайда адам есінен танып, аузынан ақ көбік атқыламайды. Ұстаманың түрі болуы мүмкін: қалтыраудан бастап, денесінің құрысуына дейін. Бұл ауру жұқпайды және психикалық ауру болып саналмайды. Қояншығы ұстап ауыруы ғана ықтимал. Алайда, балалардың дене қызуы көтерілгенде талып қалуының бұл ауруға еш қатысы жоқ.

Ежелгі Грекия және Рим елдерінде бұл ауруды «Қасиетті ауру» деп атаған. Пётр Первый, Микеланджело, Юлий Цезарь, Наполеон, Ван Гог секілді танымал тұлғалар осы аурумен ауырған екен.

Аурудың негізгі белгілері қандай?

Қояншық ауруы кезінде адамның қозғалысы, тәртібі, сезімталдығы бұзылады, кейде есінен танып қалады. Дені сау адамның да есінен тану қаупі бар. Олар бірнеше секундтан минуттарға дейін созылады. Талып қалудың мынадай түрлері болуы мүмкін:

Есінен тану;

Қатып қалу;

Қысқа уақытта біртүрлі иіс, дәм, дыбыс сезу;

Іштің жоғары бөлігін өзгеше сезіну;

Беті мен аяқ-қолдары жансызданады;

Қысқа уақытқа талып қалу (есінен танбастан);

Бұлшық еттері сілейіп, еріксіз қимыл-қозғалыстар жасайды;

Дене мүшелері булығады;

Баланың сөйлеу қабілеті кеш дамиды, оқуда қиындық туындайды;

Түнде бұтына кіші дәретін жіберіп қою;

Түсінде сөйлеу, түсінде жүру (Айкезбе).

Қояншық ауруын емдеуге бола ма?

Өте қиын мәселе. Уақыт өте келе өздігінен кететін, жасы ұлғайған сайын жоғалатын түрлері болады. Қояншық ауруы көбіне балаларда кездеседі, өйткені олар өздігінен қозу және тежеу процестерін реттей алмайды. Бұл – бас миының дамуының принципі саналады. 10 жастан кейін ми пісіп жетілгенде, бала бұл процестерді басқаруға үйренеді. Сол кезде қояншық ауруы тоқтауы мүмкін.

Аурудың баланың дамуын тежеуге, мүгедектікке әкелетін ауыр түрлері де бар. Пациенттің ұстамасы ұстағанда көмектесу емдеумен пара-пар.

Ұстамасы ұстаған адамға қалай көмектесу керек?

Келесідей әрекеттерді орындау керек:

Айналасындағы өткір заттардың бәрін алып тастау, ауру адам қауіпсіз жерде болып, өзіне қол жұмсамауы тиіс;

Тынысын тарылтпау үшін мойнын босату, мәселен жейдесінің жоғары түймелерін шешу;

Ауруды бір бүйіріне қарай бұру;

Басына жұмсақ бір нәрсе қою;

Аузына ештеңе салмау;

Жедел жәрдем шақыру.

Адамдардың арасында мұндай аурулардың ұстамасы ұстағанда жағын ашып, тілін шығару қажет деген пікір қалыптасқан. Алайда, бұлай жасауға мүлдем болмайды. Бұл адамның жүрегін айнытады, ол құсығына шашалып қалуы мүмкін.

Ұстамасы ұстаған уақыт пен оның ұзақтығын анықтау – ем тағайындап, емдеу жолын табуға керек. Емдейтін дәрігерге ұстаманың бейнежазбасы да қажет болу мүмкін.

Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз:  Что такое эпилепсия, и как помочь человеку справиться с внезапным приступом?

 Қояншық ауруымен ауыратындарға мемлекет не ұсына алады?

Бұл аурумен ауыратындарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде диагностика жасалады, және емханаға жатқызылып, амбулаторлық ем тағайындалады.

Емдеуге қажетті тырысуға қарсы дәрілер пациенттерге тегін беріледі. Қазақстанда мұндай препараттардың 10 тобы, 120 түрі бар. Оның ішінде 6 тобын тегін береді. Бұл әсіресе балаларға жеткіліксіз, өйткені оларға Қазақстанда тіркелмеген емдік дәрілердің түрлері де қажет.

Үйде емделуге мына дәрілер берілед:

окскарбазепин;

бензодиазепины (диазепам, брюзепам, клоназепам);

левитирацетам;

прегабалин;

габапентин;

фенобарбитал.

Ауруханаларда:

вальпроаты (депакин, конвулекс);

ламотриджин;

топирамат;

карбамазепин;

бензод.

 Баласында қояншық ауруының белгілері байқалса, ата-анасы не істеу керек?

Тұрғылықты мекен-жайы бойынша неврологқа жүгіну керек. Ол тексерісті тағайындайды, егер қажет болса тексеріп, ем жасайтын стационарға жолдама береді. Мұндай балаға басқа сау балалармен бірдей қарау керек. Қояншық ауруымен ауыратын балаға мүмкіндігі шектеулі бала деп қарамау маңызды саналады. Қояншық ұстамасы баланың өміріндегі уақытша белгілер ғана. Ауру оған спорттық және шығармашылық әуестіктерімен айналысуға кедергі бола алмайды. Бастысы, емі дұрыс таңдалуы керек. Ата-анасы балаға ауру туралы айтып, тіпті оның көзінше ауруды талқыламауы тиіс.

 Осындай диагноз қойылған ересек адам нені білуі қажет?

Өзімен бірге ұстамасы ұстаған уақытын, оның түрін, ұзақтығын, қолданған дәрілері мен көлемі жөнінде жазып жүретін күнделігін алып жүру керек. Бұл дәрілерді уақытылы қабылдап, өз денсаулығын күтуге көмектеседі.

Жүйелі түрде тамақтануы тиіс, өйткені тамақтану режимі ішіп жүрген дәрілерінің қанға сіңуіне әсер етеді. Шет елдерде бұл аурумен ауыратын адамдар өздерінің ұстамасы бар екенін ескерту үшін күлгін браслеттер тағып жүреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *