Автор: Жылысова Гульжан Мырзагалиевна, Сарыөзек ауылы, Әскери лазарет, зертхана бөлімшесінің зертханашысы.
1. Қан аш карынга таңертенгі уақытта тапсырылады. Ол үшін тексерілуге дейін 1-2 кун бұрын ас рационынан майлы тағамдарды жемеу керек.
2. Қаннын көрсеткіштері күні бойы өзгеруі мүмкін, сол себептен барлық анализдарды таңертенгі сағаттарда тапсыруы қажет.
3. Зерттеу алдында ( 24 сағат бойы) алкоголь, дәрілік препараттарды
қабылдамау керек.
4. Қан тапсыру алдында 1-2 сағатка дейін темекі шекпеу, шырын, шәйді, кофені ішуге болмайды, бірақ газдалмаган суды ішуге болады. Қанды тапсыру алдында 15 минутқа дейін демалу, тынышталу ұсынылады.
5. Физиотерапевтикалык процедурадан, рентгенологиялық және ультра-дыбыстық зерттеуден, массаждың және басқа да медициналық процедуралардан кейін қан тапсыруға тыйым салынады.
6. Лабораториялық көрсеткіштің тексерісінде қайталама зерттеуді бірдей шарттарда — бір зертханада, қан тәуліктің бірдей уақытында тапсыруы ұсынылады.
7. Қанды зерттеуге дәрілік препараттарды қабылдамай тұрып тапсыру қажет.
Соңғы дәріні қабылдағаннан кейін 7-14 күннен соң әртүрлі препараттармен емделу тиімділігін тексеру үшін зерттеу жүргізу керек. Егер сіз басқа да дәрілерді қабылдап жүрсеңіз, осы туралы дәрігерге ескертіңіз.
Ортақ ережелер барлық зерттеулерге қолданылады бірақ кейбір зерттеу үшін арнайы дайындық және қосымша шектеулер керек.