Автор: Султангазиева Кумискан Айсаевна Егу бөлімінің мед. Бикесі
Тынистамова Айсулу Наурызбаевна ЦСО автоклав Мед бике
Нургелдина Ардақ Нурлыжигитовна Ревмотолог мед бике
Жетысу обл.Талдыкорган каласы. Калалык емхана № 1.
Қаназдық (анемия) дегеніміз не?
Қаназдық (анемия) – қан құрамындағы эритроциттердің, гемоглобиннің азаюы салдарынан оттегінің ағзадағы тіндерге жеткіліксіз болуынан пайда болатын ауру түрі болып табылады.Гемоглобиннің ер адамдарда 130г/л, әйел адамда 120г/л ал жүкті әйелдерде 110 г/л төмен болуымен қаназдық көрінеді. Ол жеке ауру түрінде және көптеген аурулардың салдарынан дамиды. Адам ағзасынан темір, фолий қышқылының тапшылығынан қаназдық туындап жатады. Сонымен бірге сүйек кеміктерінде қан бөлшектерінің жеткілікті түрде бөлінбеуі де осы аурудың пайда болуына әкеліп соғады. Қаназдықтың алдын алу үшін жылына екі рет қан тапсыру керек. Қаназдық кезде ауыр патологиялық жағдайлар жиі дамиды. Ол жалпы жағдайдың төмендеуіне әкеліп қоймай, онкологиялық және инфекциялық аурулардың дамуына себеп болады. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көрсеткішері бойынша әлемде қаназдықпен ауыратын 1 млрд 987 миллион 300 мың адам тіркелген. Соның ішінде темір тапшылықты қаназдық 25-40% адамдарда кездеседі екен.
– Біз қаназдық ауруын жеңіл ауру ретінде қарамауымыз керек. Себебі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, жыл сайын 2 млрд-қа жуық адам қаназдықпен ауырады екен. Сонымен қатар оның ішінде ең көп кездесетінін қаназдық түрі темір тапшылықты қаназдық болып табылады. Сондықтан айтатын кеңесім дұрыс тамақтану және құрамында темір, В12 мен фолий қышқылы бар тағамдарды дұрыс пайдалансақ, оның барлығының алдын алуға болады, – деді дәрігер.
Қаназдықтың дамуына алып келетін факторлар
Қаназдықтың дамуына алып келетін көптеген факторлар бар. Демографиялық жағдай, тамақтану режимінің бұзылуы, құрамында темір бар тағамдарды аз пайдалану, дәрумен жеткіліксіздігі және де әлеуметтік жағдай да қаназдыққа әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен бірге созылмалы қан кетулер оның ішінде қызыл иектен, мұрыннан, асқазан-ішек жолдарынан, жатырдан қан кету және сіңіру бұзылыстары, энтерит асқазанға жасалған оталар да өзінің үлкен әсерін тигізуі мүмкін.