Қазақстанда дәрі-дәрмектерді цифрлық таңбалау жүйесіне 8000-нан астам дәріхана мен 1900-ден аса медициналық ұйым қосылды

Жаңалық Медицина в РК

Қазақстанда дәрілік заттардың цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесіне дәрілік айналымның барлық негізгі қатысушылары толық интеграцияланды. Қазіргі уақытта бұл жүйеде 19 отандық өндіруші, 276 көтерме сауда субъектісі, 8000-нан астам дәріхана мен 1900-ден астам медициналық мекеме жұмыс істейді.

Ірі дистрибьюторлар таңбаланған 60,9 миллион дәрі-дәрмек қаптамасын елге жеткізсе, оның 46 миллионы нарыққа шығарылды. Дәріханаларға 48,4 миллион қаптама жеткізіліп, олардың 29,2 миллионы айналымнан алынды.

2024 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілген цифрлық таңбалау жүйесі аясында отандық өндірістің 110,4 миллион қаптамасы таңбаланып, оның 76,8 миллионы айналымға енгізілді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі (МПТ АЖ) арқылы дәрі-дәрмектердің қабылдануы мен айналымнан шығарылуын тұрақты түрде бақылап отырады.

2025 жылдың наурыз айының соңында медициналық ұйымдарда таңбаланған дәрілік заттардың шығу үлесі 53,2%-ға жетіп, бұл көрсеткіш қаңтармен салыстырғанда 17,1%-ға артқан. Дәріханаларда бұл көрсеткіш 24,3%-ға өсіп, 60,3%-ды құрады.

Сонымен қатар, министрлік таңбалау жүйесінің операторы арқылы дәрі-дәрмек айналымына қатысушыларды оқыту және кеңес беру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Ақпараттық жүйелердің талдамалық модульдерін жетілдіру арқылы бақылау процесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру жалғасуда.

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде барлық дәрі-дәрмектерге міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Бұл шара фармацевтикалық нарықтағы заңсыз өнімдермен күресуге және дәрі-дәрмек айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. 2024 жылдың қараша айында жобаны одан әрі дамытуға арналған жол картасы бекітіліп, техникалық және ұйымдастырушылық дамудың негізгі бағыттары айқындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *