Автор: Жуманова Гульмира Садановна
диагностика бөлімі медбикесі, «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы»
Іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі ең қолжетімді, қуіпсіз зерттеу әдістерінің бірі болып табылады., бұл оның органдарын: бауыр, өтқалтасы, ұйқыбез, көкбауырды кешенді диагностикалық зерттеуі.
Бұл ішкі органдардың жағдайын бағалауға, мүмкіндік береді: мөлшері, құрлымы, даму аномалиялары, қабыну ошақтары, тамыр патологиясы, ісіктер және қатерлі ісіктер.
— Бауырдың ультрадыбыстық зерттеуі: бұл әртүрлі аурулардың фонында тіндерде дамитын өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. (өлшемдері, құрлымдық өзгерістері, ісіктердің пайда болуы және т.б.).
— Өтқалтасының УДЗ: орналасуын, көлемін, пішінін, контурын, тастарды, ісіктерді көрсетеді.
— Ұйқыбезінің УДЗ: органның өлшемі мен пішінін бағалау, оның жағдайын бағалау. Жедел және созылмалы панкретитті бағалау және диагностикалауға, кисталар мен ісіктерді анықтауыға көмектеседі.
— Көкбауыр УДЗ: орналасуын, көлемін анықтайды. Қан аурулармен, көкбауырдың травмадан болған зақымданғандығын көруге тағайындайды.
Ультрадыбыстық зерттеу нәтижелерінің дәлдігіне бірнеше факторлар әсер етеді, соның ішінде зерттеуге дұрыс дайындық. Ұсыныстар орындалмаса, ультрадыбыстық аппаратпен алынған сурет бұрмалануы мүмкін.
Іш қуысы ультрадыбыстық зерттеуіне арнайы дайындық
Ультрадыбыстық зерттеуден 3 күн бұрын: Әр 3-4 сағат сайын, күніне шамамен 4-5 рет тамақты аз мөлшерде жеу. Газ түзілуін арттыратын тағамдар диетадан толығымен алынып тасталады: қара нан, кекстер, жемістер мен көкөністер, майлы ет және балық, алкоголь, сүт, шырындар, бұршақ дақылдары және т.б.
Рұқсат етілген өнімдер: дәнді дақылдар (қарақұмық, зығыр, судағы сұлы, арпа), майсыз құс еті, сиыр еті, майсыз балық, майсыз ірімшік, жұмсақ пісірілген жұмыртқа (күніне 1).Рұқсат етілген өнімдерді дайындау әдістері: қайнату, пісіру, бумен пісіру.
УДЗ алдында кешке: Жеңіл кешкі асқа рұқсат етіледі, оны 20.00-ге дейін жеу керек. Ет пен балық өнімдерін, тіпті диеталық өнімдерді кешкі асқа қоспау керек.
Ультрадыбыстық зерттеу күні: Зерттеу таңертең жүргізілсе, таңғы ас алынып тасталады.
Егер зерттеу 15:00-ден кейін жоспарланған болса, 11:00-ге дейін ішу керек жеңіл таңғы ас рұқсат етіледі.
Жедел жағдайларда іш қуысын ультрадыбыстық зерттеу арнайы дайындықсыз жүргізіледі.