Шала туған балалардың күтімі

Uncategorized

Авторы: Батырбаева Жупар Саметовна.  Нәрестелер  бөлімінің медбикесі

Капсаламова Жанар Мусатаевна. Жансақтау нәрестелер бөлімінің медбикесі

Мадикадырова Гульзира Мадикадыровна. Жансақтау нәрестелер бөлімінің медбикесі
МШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МҚК, Талдыкорған, Жетісу Облысы

Мерзімінен бұрын туған баланың күтімі бірінші перзентханада, содан кейін арнайы шала туған балалар бөлімінде жасалады. Мұндай нәресте орталық нерв жүйесінің және тері қабатының температураcын реттеу қызметінің жетілмей туу себебінен дене температурасын өз қалпында ұстай алмайды. Салқын жерде тез тоңып, ыстық жерде дене қызуы көтеріліп кетеді. Сондықтан, шала туғандарға шалалықтың дәрежесіне сәйкес әртүрлі температуралық режимді сақтау керек.

Нәрестенің салмағына қарай шала туудың 4 дәрежесі бар:

І дәреже – 2500-2001 грамм;

II дәреже – 2000-1500 грамм;

III дәреже – 1500-1001 грамм,

IV дәреже – 1000 грамнан 500 грамға дейін.

Дәрігерлер өз деңгейінде дұрыс ұйымдастырылған көмек көрсетілсе 500 грамнан жоғары тірі туған балаларды аман алып қалуға болады.

Шала туған нәрестені өз бетінше анасының кеудесінен тамақтана алса, шығаратын кезде салмағы кемінде 2 келіге жетсе, дене температурасын ұстап тұруға қабілетті болса, жақсы дем алса, жүрек соғысында проблема болмаған кезде ауруханадан шығаруға болады.

3 және 4-дәрежелі шала туған балаларға алғашқы күндері арнайы кереует – кювезде күтім жасалады. Оның ішіндегі температураны осы балаларға қажет 30-35 градусқа дейін көтеріп, ылғалдықты 60-65%-ке, оттегі концентрациясын 30%-ке жеткіземіз. Мұндай кювездер жоқ болса, шалалықтың 1-ші және 2-ші дәрежесіндегі балалардың дене температурасын жылытқыштар қою арқылы реттеуге болады. Шала туған баланың тері қабатының қорғаныш қызметінің төмен болуына, жалпы иммунитетінің төмендігіне байланысты оның күтімінде тазалықты қатаң сақтап, әртүлі аурулардан сақтандыру қажет.

Шала туған балалардың тыныс алу жүйесіндегі ерекшеліктеріне және дем алу орталығының жетілмеуіне байланысты, олардың дем алысын жақсарту үшін келесі әрекеттер жасалады:

  • бөлме ауасын жиі желдетіп, тазартып тұру;
  • баланы бос жөргектеп, бас жағын көтеріңкі етіп жатқызу;
  • ылғалдатылған оттегін беру;
  • баланың кеудесіне қыша қағазын қойып тұру.

Медициналық қоғамдастық пен болашақ ата-аналардың басты міндеті – мерзімінен бұрын босану санын азайту.

Шала туу себептері

Мерзімінен бұрын босануға түрткі болатын ең негізгі себептердің бірі сыртқы факторларға, жүкті әйелдің жұмысына қатысты болмақ. Жүкті әйелге ұзақ уақыт тік тұру, керісінше бір қалыпта ұзақ отыру зиянын тигізеді. Болашақ ананың жасы мен денсаулық жағдайы, дұрыс тамақтанбауы да мерзімінен бұрын босану қаупін күшейтеді.

Мерзімінен бұрын босанудың себептері әртүрлі. Олардың қатарында анасының жас ерекшелігі, экстрагениталдық патология және инфекциялар, аборттар, стресс факторлары және экстремалдық мінез-құлық, генетикалық факторлар, дұрыс тамақтанбау мен жаман әдеттер де бар.

Шала туған нәрестелердің ағзасы дұрыс дамымағандықтан олар өте әлсіз келеді. Мерзімінен бұрын туған сәбидің терісі жұқа әрі сезімтал, тері асты майдың деңгейі төмен, жүрек-қан тамырлары мен ас қорыту жүйелері жетілмеген және орталық нерв жүйесі өте сезімтал болады. Толық жетілмеген өкпе ағзаны оттегімен қамтамасыз ете алмайды. Мұндай нәрестелерге күтім жасау процесі күрделі. 

Шала туған нәрестелер күтімі

Шала туған баланың күтімі бірінші перзентханада, содан кейін арнайы шала туған балалар бөлімінде жасалады. Мұндай нәресте орталық нерв жүйесінің және тері қабатының температураcын реттеу қызметінің жетілмей туу себебінен дене температурасын өз қалпында ұстай алмайды. Салқын жерде тез тоңып, ыстық жерде дене қызуы көтеріліп кетеді. Сондықтан, шала туғандарға шалалықтың дәрежесіне сәйкес әртүрлі температуралық режимді сақтау керек.

Тамақтандыру

Шала туған баланы тамақтандырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бала тез өсіп, өз қатарларын қуып жету үшін тамақ мөлшерін артығымен қабылдау қажет. Алайда дәрігерлер баланың ас қорыту ағзаларының жетілмей тууы және ему, жұту рефлекстерінің әлсіздігі бұл қажеттілікті орындай алмайтынын айтады. Шала туған балалар шалалық пен рефлекстерінің даму дәрежесіне сәйкес әртүрлі әдістермен және әртүрлі мерзімдерде тамақтандырылады.

Медбикенің рөлі

Медбикенің шала туған нәрестелерге күтім жасаудағы рөлі маңызды. Медбикелер реанимациядағы жаңа технологияларды қолдана отырып, нәрестелердің жағдайын үнемі қадағалап, медициналық жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, медбикелер ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, оларды қолдау арқылы бала күтімін жақсартады.

Қорытынды

Шала туған нәрестелердің өмір сүру сапасын жақсарту заманауи технологиялар мен озық әдістердің арқасында мүмкін болды.  Медбикелердің рөлі — тек медициналық процедураларды орындау ғана емес, сондай-ақ ата-аналармен жұмыс істеу, қиын жағдайларда шешім қабылдау және этикалық нормаларды сақтау. Әрбір шешім нәрестенің өмірі мен болашағына әсер етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *