Төтенше жағдайлар кезіндегі мейірбикелік әрекет алгоритмі: кәсіби шеберлік пен адами фактордың үйлесімі

Первая помощь Сестринское дело


Автор: КОШИМБАЕВА СЫМБАТ АБДЫМАНАПОВНА, жалпы тәжірибелі мейірбике, Кіші шыған дәрігерлік амбулаториясы

КОЛДАСБАЕВА ГУЛНУР ЕСБОЛАТОВНА, жалпы тәжірибелі мейірбике, Кіші шыған дәрігерлік амбулаториясы

КҮЛЬНАЗАРОВА САЛТАНАТ ТУРГАНГАЗИЕВНА, мектеп мейірбикесі, Кіші шыған дәрігерлік амбулаториясы мектеп мейірбикесі

«Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК


Кіріспе
Медицинада әр секундтың құны бар. Төтенше жағдай орын алған сәтте медбике әрекетінің нақты әрі жүйелі болуы – науқастың өміріне тікелей әсер етеді. Жарақат, улану, күйік, есінен тану секілді жағдайларда мейірбикенің кәсіби дайындығы мен салқынқандылығы басты рөл атқарады. Бұл мақалада біз нағыз клиникалық тәжірибеге сүйене отырып, төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар алгоритмін ұсынамыз.


1. Жарақат: шұғыл әрекеттің дәлдігі

Күнделікті тәжірибеде біз түрлі жарақаттарға куә боламыз – үй жағдайындағы жеңіл кесіктен бастап, өндірістік немесе жол-көлік оқиғаларындағы ауыр жарақаттарға дейін. Мұндайда мейірбикенің міндеті – қан кетуді тоқтатып, шоктың алдын алу.

Кәсіби ұсыныс:

  • Қан тоқтатудың ең тиімді тәсілі – қысым таңғышын дұрыс салу. Бұл үшін біз «үш қабатты таңғыш» әдісін қолдануды ұсынамыз: стерильді дәкемен тікелей жараны жабу, сыртынан қысым түсіретін материал, соңында бекіткіш бинт.
  • Қанның түріне қарай (артериялық, веноздық, капиллярлық) таңғыш қысымы мен орны өзгереді – мұны дұрыс ажырату өте маңызды.

2. Улану: клиникалық сергектік пен дер кезінде реакция

Біздің тәжірибемізде тағамнан, дәріден және химиялық заттардан улану жағдайлары жиі кездеседі. Көп жағдайда алғашқы әрекет дұрыс болмаса, у асқынуға әкеліп соғады.

Кәсіби ұсыныс:

  • Емшара бөлмесінде әрқашан белсендірілген көмір, асқазан шаюға арналған құралдар мен антидоттар қоры болуы тиіс.
  • Пациент есінен танбаған жағдайда көп сұйықтық ішкізу және құстыру – ең алғашқы көмек. Бірақ мұны дұрыс жағдайларда ғана қолдану қажет: мысалы, бензин, қышқыл, сілті жұтылғанда – құстыруға болмайды.

3. Күйік: ауырсынуды азайтып, инфекцияның алдын алу

Күйік – біздің бөлімшеде ең жиі кездесетін шұғыл жағдайлардың бірі. Әсіресе балалар мен егде жастағыларда.

Кәсіби ұсыныс:

  • Күйікті салқын сумен 15 минут бойы жуу – бұл тек ауырсынуды емес, терінің терең зақымдану деңгейін де азайтады.
  • Біз өз тәжірибемізде гидрогелевые повязки қолданамыз – бұл жараға тыныс беріп, микробқа қарсы әсер етеді.
  • Күйік дәрежесін визуалды анықтауға арналған арнайы Burn-chart кестесін міндетті түрде қолдану керек – бұл дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

4. Есінен тану: жүрек пен тыныс – басты назарда

Естен тану – көбіне гипотония, эмоционалды жүктеме немесе ауыр ауру белгілерінің бірі ретінде көрініс табады. Бұл сәтте уақыт шектеулі.

Кәсіби ұсыныс:

  • Біздің алгоритм: ABC – airway (тыныс жолдары), breathing (тыныс), circulation (қан айналымы). Бұл ретпен бағалау – ең қауіпсіз әрі тиімді.
  • Қалтада әрқашан нашатыр спирті, шағын пульсоксиметр және глюкометр болғаны дұрыс – себебі кейде есінен тану диабеттік гипогликемиямен байланысты болады.

Қорытынды

Төтенше жағдай – бұл тек сынақ емес, мейірбикенің кәсіби этикасы мен дағдыларының айқын көрінісі. Біз, мейірбикелер, тек емшара орындаушы ғана емеспіз, біз – шешім қабылдайтын, жауапкершілік арқалайтын, кейде өмір мен өлімнің арасындағы көпір болатын мамандармыз.

Кез келген жағдайға дайын болу үшін оқу, жаттығу және өзара тәжірибе алмасу – біздің басты миссиямыз болуы керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *