Түбір өзектерін пломбалау кезіндегі қателіктер: клиникалық талдау

Стоматология

 

Авторлар:Мухаметжанова Макпал Сериккалиевна – дәрігер-стоматолог

Молжигитов Жаксылык Кемелханович – дәрігер-стоматолог

Еркенова Жулдыз Салимовна – дәрігер-стоматолог

«Жетісу обылысы ДСБ» ММ-ның ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық емхана» МКҚ

Кіріспе

Эндодонтиялық емдеу қазіргі заманғы стоматологияда маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Бұл әдістің негізгі мақсаты — тістің түбір өзек жүйесін толықтай өңдеп, оны микробтардан толық тазарту және түбір өзектерін герметикалық пломбалау арқылы тістің анатомиялық және функционалдық тұтастығын сақтау. Алайда клиникалық тәжірибеде түбір өзектерін пломбалау кезінде бірқатар қателіктер орын алуы мүмкін, бұл емнің нәтижесіне теріс әсер етеді.

Жіберілетін негізгі қателіктер және олардың салдары

  1. Жеткіліксіз немесе артық пломбалау

Қысқа пломбалау: Түбір өзегі толық пломбаланбаған жағдайда, периодонттағы қабыну процестері сақталып, рецидивке әкелуі мүмкін.

Артық пломбалау: Пломбалау материалы түбір ұшынан асып кетіп, қоршаған тіндердің тітіркенуіне, тіпті созылмалы ауырсынуға алып келеді.

  1. Жұмыс ұзындығын дұрыс анықтамау

Апекслокатор мен радиографиялық бақылаудың болмауы – түбір өзегінің толық өңделмеуіне немесе шамадан тыс өңделуіне әкеліп соғады. Бұл өз кезегінде ем нәтижесінің сәтсіздігіне себеп болады.

  1. Қосымша өзектерді анықтамау

Әсіресе моляр тістерде анатомиялық ерекшеліктерге байланысты қосымша өзектер жиі кездеседі. Оларды анықтамай қалдыру қабыну процесінің жалғасуына әкеледі.

  1. Пломбалау материалының тығыз болмауы

Пломбаның тығыз болмауы өзек ішінде бос кеңістіктердің қалуына алып келеді. Бұл микробиологиялық инфекциялардың қайта даму қаупін жоғарылатады.

  1. Эндодонтикалық инструменттердің сынуы

Түбір өзегін механикалық өңдеу кезінде аспаптың сынуы және өзек ішінде қалуы — техникалық қиындық тудыратын, әрі арнайы араласуды қажет ететін күрделі жағдай.

Клиникалық жағдайды талдау мысалы

Пациент: 34 жастағы әйел адамШағымы: пломбалаудан кейін 2 апта бойы оң жақ төменгі молярда үнемі ауру сезімі.Анамнез: 36-тіске бастапқы эндодонтиялық ем жүргізілген.Тексеру барысында: рентгенограмасында түбір өзегі апекске жетпей пломбаланған және қосымша өзектің өңделмегені байқалды.Диагноз: созылмалы фиброзды периодонтит (қайталама).Емдеу: өзек жүйесіне реэндодонтиялық ем жүргізілді, барлық өзектер толық өңделіп, кальций-силикатты негіздегі биосовместимый материалмен пломбалау жасалды.Нәтиже: 6 айдан кейін бақылау кезінде науқас ешбір шағым айтпады, клиникалық және рентгенологиялық көрсеткіштер қалыпты.

Қорытынды

Түбір өзектерін пломбалау – стоматологиялық тәжірибеде жоғары дәлдік пен кәсіби шеберлікті қажет ететін кезең. Қателіктердің алдын алу үшін заманауи эндодонтиялық құрал-жабдықтарды пайдалану, жұмыс ұзындығын нақты анықтау, барлық өзектерді толық табу және өңдеу, сапалы және тығыз пломбалау материалдарын қолдану қажет. Клиникалық тәжірибеде әрбір науқастың анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып, дәл және ғылыми негізделген ем жүргізу — жоғары нәтижеге қол жеткізудің кепілі болып табылады.

Білімін үнемі жетілдіріп, заманауи эндодонтия әдістерін меңгерген дәрігер ғана пациентке сапалы және ұзақмерзімді нәтиже бере алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *