Тістің қатты тіндерінің аурулары кезинде алынбайтын конструкциялар

Стоматология

Автор: Шуиншинова Гулдария Аскербаевна
ГКП на ПХВ Алакольская ЦРБ стоматология медбикесі



Тістердің қатты тіндерінің тіс жегі емес ақаулары. Негізгі бөлім. Тіс қатарының жартылай ақауы бар науқастарды көпір тәрізді протездермен ортопедиялық ем көрсетуді негіздеу; Тістерді егеуде болатын асқынулардың пайда болу факторлары. Жансыздандырғыш препараттарды қолдану, қолданбау көрсеткіштері ) Металокерамикалық протездердермен емдеген кезде болуы мүмкін дәрігерлік қателіктер. Тіссауыт ақаулары функционалдық және эстетикалық бұзылыстарды тудыратын сауыттың қатты тіндерінің жоғалуынан пайда болады.Оған тіс түсінің өзгеруімен олардың пішіндеріндегі ауытқушылықтарды жатқызуға болады. Ақаулар пайда болуына байланысты 2 топқа бөлінеді: Тісжегілік Тісжегілік емес В.Ю.Миликевич тістің оклюзиялық бетінің бұзылу индексі түсінігін енгізді.Ол « куыс-пломба » аумағы көлемінің тістің шайнау бетіне қатынасын көрсетеді. Егер ТОББИ көлемі 0,5-0,6 болса,20 %,металдан құйылған салмалармен емделеді. Тістің беті 0,6 болса,60 % бұзылған жағдайда жасанды сауыттар қолданылады. , ал 0,8 болса,80 % кезінде –штивті құрылымдар пайдалынылады. Салмалар – т іс жегі үрдісінің нәтижесінен пайда болған ақауды толтыратын қалпына келтіру протезі. Салма – тіс технигінің зертханасында ауыз қуысынан тыс жасалынатын пломба. Салмалар шайнау тістерінде үлкен тіс жегі қуысын қалпына келтіруге қолданылады. Қазіргі кезде заманауи үлкен тіс жегі қуыстарын дәстүрлі түсті пломбаға қарағанда салмалармен қалпына келтіру нәтижелі және тиімді екендігі дәлелденген Салмалардың артықшылықтары. Салмалар пломбадан қалай ерекшеленеді? Тіс жегі қуысын пломбылау үшін стоматолог тіс жегіге ұшыраған тіндерді алып тастап, қуысқа пішін береді. Дайын болған қуыс қабырғаларын адгезивпен өңдейді. Біріншіден, полимеризациялық отыру пломбада өзіндік ішкі қысым пайда болуына алып келеді. Тістің жұқа қабырғасының және үлкен көлемді пломбаның әсерінен тісте жырықтар байқалады. Екіншіден, пломба отыруы кезінде тіс қабырғасынан бөлініп, екіншілік тіс жегінің пайда болуына әкеледі. Ал салманы қолдану кезінде мұндай кемшіліктер болмайды.  Қалпына келтірудің нақтылығы. Біз білеміз, стоматолог ең алдымен пломба қояды, ал содан соң науқастың тістеміне қарай туралайды, ал тістем ерекшеліктерін ескере отырып пломба қою өте қиын. Сондықтан, зертханалық әдіспен қалпына келтіре дайындау артықшылықтары, техник науқастың тіс қатарынан алған мүсіндерін арнайы аппаратқа орналастыра отырып, науқастың тістем ерекшеліктерін ескереді. Пломбылау кезінде дәрігер тек ауыз қуысында көреді және тістің анатомиялық ерекшеліктері мен тістемін ескере алмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *