Автор: Жунисова Кенескул Турганбаевна, фтизиатр дәрігер, №10 Қалалық емхана, Шымкент қаласы
Туберкулез инфекциясы дегеніміз не?Туберкулез инфекциясы – туберкулездің клиникалық көріністері мен белгілері жоқ, бірақ адам ағзасында туберкулез инфекциясы болған кездегі дененің жай-күйі. Яғни, өкпе таза, қан, зәр және қақырық анализі таза болғанда, бірақ АТР диагностикалық критерийі (Диаскин сынағы) оң сынақты көрсетсе, ағзада жасырын инфекция бар дегенді білдіреді. Жасырын инфекция басқаларға қауіпті емес, бірақ мұндай науқастарға болашақта туберкулезбен ауырмас үшін профилактикалық ем тағайындаймыз.Туберкулез инфекциясына ересектерді ДИАСКИН СЫНАҒЫНА тестілеу жүргізіледі:.АИТВ жұқтырған ересектер.,туб. қатынас,туберкулездің жоғарғы қауіпі бар тобына жататын адамдар:ДИАЛИЗ, ағзаларды троанспланттауға немесе гематологиялық транспланттауға дайындалып жатқан науқастар.,имуносупрессивті терапияны (глюкокортикоидты цитостатиктер және т.б)қабылдайтындар,онкоаурулар ,егерде науқас рецепт бойынша тегін цитостатиктер қабылдайтын болса,ХОБЛ,астма, егер науқас гормонға тәуелді болып тегін рецепт бойынша глюкокортикоидтар қабылдайтын болса,ісік некрозы факторлары -a(ФНО)тежегіштерімен терапияны жаңа бастаған,силикозбен ауыратын науқастаға,қант диабеті, бронхопульмональды жүйенің спецификалық емес аурулары, жеткіліксіз тамақтану (аз салмақ), адамның иммун тапшылығы вирусының инфекциясы, мүгедектерге арналған диспансерде тіркелген балалар; ата-аналары адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған отбасылардан шыққан балалар, түрмелерден, алкогольді ішімдіктерден, нашақорлардан, өмір сүру деңгейі төмен адамдардан, мигранттардан; вакцинацияланбаған 2 айдан асқан балаларға және «Кальметт-Герен Бацилласы» вакцинасының тыртықшасы болмаған жағдайда «Кальметт-Герен Бацилласы» вакцинасын жасамас бұрын тексеріледі.Туберкулезді инфекцияға тестілеу үшін төмендегілер қолданылады: Манту сынамасы, рекомбинантты туберкулез аллергені бар тест (ATP) және/немесе Т лимфоциттермен гамма интерферондыбосатуға арналған тест (IGRA тесті).Осы тестілеу оң нәтижже берлсе науқасқа профилактикалық ем жүргізіледі. Рифампициенге төзімді, көптеген дәрілерге төзімді және дәрілерге ауқымды төзімділкке дейінгі төзімділігі бар фторхинолондарға сезімталдығы сақталған туберкулезге шалдыққан науқастармен байланыста болғандарға (балалар, ересектер), ЛТИ профилактикалық емі 6 ай бойы күн сайын левофлоксацин / моксифлоксацинмен (Lfx / Mfx) жүргізіледі.Имуносупрессорлы терапия қабылдайтын науқастар тексерілу нәтижесі оңды болса 6 ай күнделікті изониазид дәрісін қабылдайды.Туберкулезді инфекцияның профилактикалық емі бір рет қана жүргізіледі.Егер уақытылы емін науқас қабылдайтын болса ,алдағы уақытта туберкулезбен ауру ықтималдығы төмендейді.