Автор: Чиникенова Ф. А.- Врач офтальмолог
Терiскен – қабақтың шетіңе пайда болатын, ауырсынатын, қызыл төмпешік.Турі безеуге ұқсайды.Бұл қабақтың май бездерінің бітелуіне және жұқпалануына апарады. Ауру жеңіл жайсыздық пайда болуымен сипатталады, бірақ, әдетте емделіп жазылады. Теріскен әсіресе,балалардың арасында кең таралған.
Халазион – теріскенге өте ұқсас, бірақ оған қарағанда ауырсынуы жеңілірек және қабақтың ортасында орналасады.Бездің қабынуымен және бітелуімен байланысты. Халазион 1-3 ай бойы сақталуы мумкін.
Негізгі симптомы – қабақтың шетіндегі ісінген, ауырсынатын,қызыл төмпешіктің пайда болуы. Сондай – ақ,келесілер байқалуы мумкін: көзден бөлінділер,жас ағуы, қышу,қабақтағы қабыршақтың түзілуі.
Дәрігерге көріну қажет – қабақ ісінгенде,алғашқы 2-3 куннен кейін ісіну күшейсе, қабақтағы шаншитын ауырсыну,томпешіктен ірің немесе қан шығуы, қабақты ұстағанда ыстық қызба немесе қалтырау, көрудің бұзылысы,теріскеннің қайта пайда болуы.
Ауру қалай емделеледі? Теріскен әдетте,үй жағдайында 7-10 кун ішінде емделеді.Қандайда бір дәрілік препараттарды, тамшылар мен жақпа майды қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет.
- Көзге жылы,ылғал компресті 5-10 минуттен, куніне 3 рет басыныз.Копресс ыстық емес, жылы болуы қажет,қабақты куйдіріп алмас үшін.
- Көздің маңайын тазалықты ұстаныз.
- Көзді қолмен ұстаманыз, укаламаныз.
- Теріскен жазылғанға дейін макияж жасамаңыз,контактілік линза кимеңіз.
- Томпешікті басуға, сығуға болмайды.Бұл инфекцияның таралуына апарады. Теріскенді медициналық емдеу қажет болса,дәрігер антибиотиктерді тағайындайды, ісінуді азайту ушін стероидтық препаратты енгізеді.Сондай – ақ, дәрігер теріскеннің пайда болуына немесе оның ушығуына апарған негізгі ауруды емдейді.
Теріскеннің алдын алудағы оңтайлы тәсіл – гигиенаны қатаң қадағалау. Көздің маңайы таза болуы тиіс, макияж бен кірді тазалау қажет. Көзді ұстар алдында қолды жуыныз. Контактіліқ линзаны киер алдында және шешу алдында қолды мұқият жуыныз.Линзаларды арнайы ертіндімен дурыс зарарсыздандыру қажет.
Көзге теріскен шыққан жағдайда мезгілінде көз дәрігеріне қаралу қажет.