Салауатты өмір салтын насихаттау

Мақала

Авторы:Кузбаева Ш.Ж, Кадырбекова К. Д,  Толгамбаева А.Б, Медбикелер

ШЖҚ «Көксу аудандық орталық ауруханасы»МКК

Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялык мәні арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты — салауаттанудың пайда болуы зандылық. Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.

Салауаттанудың нысаны біріншіден – дені сау адам, екіншіден – оны  қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден- аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден- сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады. Салауаттанудың рөлі — адамның ішкі биологиялык табиғатымен, өзін коршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.

Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуте, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.

Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жүқпаларға қарсылығын жоғарылатады. Шынықтыру емшараларын тандау кезінде адамнын жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.6. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

Денсаулык сақтау шаралары.

Қимыл белсенділігі бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Денсаулықты сақтау үшін келесі әрекеттерді орындау кажет:

  • жеке бас гигиенасын сақтау;
  • күн тәртібін орындау;
  • денешыныктырумен айналысу;
  • дұрыс тамактану,
  • ағзаны шыңдау,
  • белсенді және көңілді болу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *