Автор: Шарипбаева Загира Турдыкевна, Тышыманова Бахыт Касенгазыевна, жалпы тәжрибелі телімдік мейірбикелері
Кошкарбаева Кульзат Аскаровна фельдшер
ШЖҚ « Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК Енбекші ауылдық-дәрігерлік амбулаториясы
Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады. Сонымен қатар ол ЖИТС-пен ауырған кезде де болуы мүмкін. Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады. Аурудың дамуына дененің қатты мұздауы, ауыр жұмыс пен жүйкелік-психик. күш түсу, улану, т.б. факторлар әсер етеді.
Белгілері
— Бірден қалтырау, дене қызуының көтерілуі;
— Демалыстың жиілеуі, одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы; — Әр дем алған кезде пневмония дем шығарған сайын мұрынның желбезегі көтеріліп пневмония басылып тұрады; — Дененің ысуы (кейде жаңа туған нәресте немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз адамдар, ауыр екпе қабынуымен ауырғанда қызу айтарлықтай көтерілмейді); — Жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан); — Кеуде ауырсынуы
— Науқастың халі ауырлайды;
Пневмонияғы әкелетін жағдайлар ересектерде:
- темекі шегу және созылмалы бронхит;
- өкпенің созылмалы аурулары;
- эндокриндік аурулары;
- жүрек жеткіліксіздігі;
- иммундық жетіспеушілік;
- кеуде және іштің хирургиясы;
- маскүнемдік;
Пневмония түрлері мен белгілері
Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел пневмония және созылмалы пневмония, ал қабынудың жайылып тарауына қарай: бөлікті пневмония және ошақты пневмония болып бөлінеді.
Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39 — 40oС-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың бүйірі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Ем қабылдаған соң аурудың беті 3 — 5 күннен кейін қайта бастайды.
Созылмалы пневмония ауру асқынып, өкпе тінінің құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Сырқаттың дем алысы әлсіреп, сәл күш түссе деміге бастайды. Ауру асқынғанда пневмонияның жедел түріндегі клиникалық белгілер қайталанады. Созылмалы пневмония ұзаққа созылады. Емі: өкпе жедел қабынса, ауруханада стационарлық ем қабылдау қажет. пневмонияны кең спектрлі әсер ететін антибиотиктермен емдейді. Физиотерапия, емдік денешынықтыру мен айналысу, құнарлы, витамині көп тағамдар ішу пневмонияның алдын алуға көмектеседі