Нерв жүйесінің әр түрлі аурулары бар балаларға нейрохирургиялық көмек көрсету

Мақала

Авторлар:Джанпеисова Нургиса Нурсултановна –медбике

Жексембаева Нагима Шедимбаевна-жалпы тәжірибелі медбике

Серикова Тоты Сериковна-жалпы тәжірибелі медбике

Жетісу облысы,Алакөл ауданы ШЖҚ Алакөл аудандық орталық ауруханасы, Достық ауылдық ауруханасы.

Біздің орталықта жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан балаларға операция жасаудың жаңа әдістерін қолдана отырып, медициналық көмек көрсетеді. Балалар нейрохирургиясы ми, жұлын ісіктерін, гидроцефалия т.б. ауруларды емдеумен айналысады. Біздің мамандар эндоскопиялық операцияларға сүйеніп, неғұрлым жарақатсыз емдеу әдістерін таңдайды. Балалар нейрохирургтарының қолданып жүрген анестезиология және интенсивті терапия аясындағы жетістік болып табылатын бірегей инвазиялық (кеспей операция жасау) жедел технологиялары операция жасау қаупін азайта отырып, емнің сәтті болуына себеп болады. Біздің мамандар эндоскопиялық операцияларға сүйеніп, неғұрлым жарақатсыз емдеу әдістерін таңдайды. Балалар нейрохирургтарының қолданып жүрген анестезиология және интенсивті терапия аясындағы жетістік болып табылатын бірегей инвазиялық (кеспей операция жасау) жедел технологиялары операция жасау қаупін азайта отырып, емнің сәтті болуына себеп болады.

  • кез-келген көлемдегі, ауырлық дәрежесіндегі, локолизациядағы ми және жұлын ісіктері;
  • цереброваскулярлы ауытқушылықтар (қан тамырлары аурулары және ми мен жұлын дамуындағы ауытқушылықтар), соның ішінде, артерия-веналық тамырлар, ми тамырларының аневризмалары, сонымен қатар тамырлар жұмысының бұзылуымен қабаттасатын орталық жүйке жүйесі аурулары;
  • арахноидалды жылауықтар және ми мен жұлынның өзге де жылауықтары;
  • ми мен жұлын дамуындағы ауытқулар (жұлын жарықтары, липомалар, диастоматомиелия, сирингомиелия, Арнольд-Киари мальформациясы, платибазия, миелодис-пластикалық генез мүшелерінің қызметінің бұзылуы, тағы басқа да неврологиялық жетіспеушіліктен туатын өзге де омыртқа аурулары);
  • бассүйек — ми жарақаттарының салдары, шеткі жүйке жүйесі аурулары мен ісіктері;
  • краниостеноздар.
  • жұлын жарықтарын микрохирургиялық жолмен алып тастау;
  • жұлын және омыртқалардағы ісіктерді микрохирургиялық және эндоскопиялық әдіспен алып тастау;
  • ми жарықтарын және фиксацияланған жұлынды микрохирургиялық жолмен кесу;
  • бас сүйектері мен омыртқа сүйектері құрылымындағы кемшіліктерді толтыру;
  • ми қан тамырларының аневризмаларын клипстеу;
  • ми және жұлын қан тамырларының артерия-веналық мальформациялары және аневризмаларының рентгенэндоваскулярлы эмболизациясы;
  • ми қан тамырларының артерия-веналық мальформацияларын микрохирургиялық оталау алдындағы рентгенэндоваскулярлық эмболизациясы;
  • ми жылауықтарын эндоскопиялық жолмен алып тастау;
  • түрлі этиологиялы гидроцефалия кезіндегі шунттау жүйесінің имплантациясы;
  • түрлі этиологиялы гидроцефалия кезіндегі эндоскопиялық вентрикулоцистерностомия;
  • декомпрессиялық краниотомия;
  • түрлі материалдармен краниопластика;
  • медикаментозды-резистентті эпилепсия кезіндегі лобэктомия және функционалды гемисферотомия.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *