Автор: Сарсенбаева Жаннат Турсуновна, Нурланова Мадина Армановна, Джантулекова Нургул Кемеловна, медсестры отделения реанимации , г. Каскелен ГКП на ПХВ » Карасайская КМЦРБ»
Аневризма – бұл қан тамырының қалыпты жағдайдан ауытқи отырып жергілікті кеңеюі, әдетте бұл артерия кемшілігі, ауру немесе жарақат салдарынан болады. Уақыт өте келе аневризманың ішкі қысымы оның шамадан тыс ұлкеюіне, кейде тіпті жарылуына әкеп соғады.
Бас сүйек ішінде болатын аневризмалады екіге бөледі: қалталы және фузиформды.
Бас сүйек ішінде аневризмалар пайда болуының басты себептері болып тамырдың гемодинамикалық индуцирлене немесе дегенеративті зақымдануы, атеросклероз (әдетте фузиформды аневризмалардың қалаптасуына әкеліп соғады), васкулопатия (мысалы, фибромускулярлы дисплазия) табылады. Сирек жағдайда жарақат немесе инфекции болуы мүмкін.
Интракраниальді тамырлардың туа бітті ауытқулары, мысалы, вертебро-базилярлы бітісу фенестрациясы немесе персистирлеуші үштік артерияның болуы әдетте қалталы аневризмалардың көбейіп кетуіне себеп болады.
Фибромускулярлы дисплазия сынды васкулопатииялар — біріктіруші тіндердің ауруы немесе артерияның мәнсіз бөлінуі болып табылады, бұл кезде де аневриззмдердің пайда болу қаупі зор.
Ми аневризмі қаупін тудыратын ауру түрлері:
Бауыр поликистозы
Аорта коарктациясы
Ауытқушылығы бар тамырлар
Фибромускулярлы дисплазия
Біріктіргіш тіндердің аурулары (Марфан синдромы, Элерс — Данло синдромы)
Ағзаның өзге де мүшелерінде тамыр мальформациялары мен фистулалардың болуы
Ми аневризмасы жарылуының клиникасы.
Қан құйылу кенеттен адам сау жүрген кезінде болады. Қатты бас ауруы пайда болады, бастан соққы беріп жатқандай болады. Сонымен қатар жүрек айниды, қайта қайта құсу орын алады, әлсіздік, естен тану, сирек жағдайда ұстамалы құлау болуы мүмкін. Менингиальді белгілері кейін пайда болады. Ошақты белгілер аневризманың орналасқан жеріне орай анықталып, көздің қозғалысын зақымдауы, сөйлеу мәнерінің бұзылуы, маңдай тұсы зақымданған жағдайда психикалық ауытқулар, гемипарез немесе гемиплегия болуы мүмкін.
Ауру барысының нұсқалары:
-апоплексті — қатты бас ауруларымен басталады, жиі естен тану байқалады, дамыған ошақты белгісі және менингиальді синдромы болады.
-псевдотуморозды, жоғарыда көрсетілген белгілер біртіндеп пайда болады.
Емдеу тәсілдері
1. Ми аневризмаларвн клипирлеу
2. Ми мен жұлын тамырлары аневризмдерінің және артериовенозды мальформациясының эндоваскулярлы эмболизациясы
3. Экстра-интракраниальді микроанастамоз жасау