Авторлар: Елтаева Улжалгас Турганбековна – жалпы тәжірибелі мейірбике
Абурова Гульмира Токтархановна — жалпы тәжірибелі мейірбике
Алимбаева Ботагоз Турдымаметовна – ем егу мейірбикесі
ШЖҚ «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК
Талды дәрігерлік амбулаториясы
Науқасты зертханалық зерттеулерге дайындау сенімді сынақ нәтижелерін алу үшін өте маңызды. Сондықтан дайындыққа дұрыс жауапкершілікпен ережеге сәйкес дайындау тиіс.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне мыналар әсер етеді;
- Тамақтану,
- дәрілік заттар,
- дене белсенділігі
- эмоционалдық жағдай
- алкоголь кофе темекі шегу т.б
Кез-келген қан анализіне дайындықтың жалпы ережелері:
* Зертханалық зерттеулер үшін қан алу аш қарынға жүргізілуі керек.
* 1 жасқа дейінгі балаларға арналған соңғы тамақ 3-5 сағат ішінде, қалған жас санаттары үшін қан алудан 8-12 сағат бұрын (липидті спектрді зерттеу үшін 12 сағат).
* Қан, глюкозды зерттеудің барлық түрлері үшін 200 мл-ден аспайтын газдалмаған ауыз су ішуге (Шай, кофе, шырындар және т.б. алып тастауға) рұқсат етіледі.
* Зерттеудің барлық түрлерінен 1-2 күн бұрын қуырылған және майлы тағамдарды қабылдамауды.
* Алкогольді пайдалану қан алудан кемінде 24 сағат бұрын болуы керек.
* Зерттеуге қан алғанға дейін 1 сағат бойы темекі шегу ұсынылмайды.
* Дәрілік препараттарды, биологиялық белсенді қоспаларды (диеталық қоспаларды), спорттық тамақтануды қабылдағаннан кейін 10-14 күннен кейін қан анализін тапсыру ұсынылады. Дәрілік препараттарды таңертеңгі қабылдау, егер емдеуші дәрігер өзгеше көрсетпесе, қан алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Осы айтылған ережелерді науқасқа дұрыс толығымен ауызшы айту түсіндіру жұмысын жүргізеді. Зертханалық зерттеулерге дұрыс дайындалу науқастың ауруының жеңілдеуіне алып келеді.