Көз аурулары

Офтальмология

Авторлар: Нургамысова Талшын Аманкелдиновна — жалпы тәжірибелі медбике, Абдрахманова Мухаббат  Пайзуллаевна — жалпы тәжірибелі медбике, Чокатпаева Айгерим Ахилбековна — жалпы тәжірибелі медбике, Жетісу облысы, Алакөл ауданы ШЖҚ Алакөл аудандық орталық ауруханасы Достық ауылдық ауруханасы

Көз аурулары – көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтықдальтонизм) пайда болатын және іштен туа біткен аурулар. Кейінгі жылдары іштен туа біткен ауру – су қараңғы (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз ауруларының пайда болуына мехникалық (әр түрлі жарақаттар алу, т.б.), физикалық (шаң-тозаң, үшнитротолуол тозаңдары мен булары, т.б.), химиялық (күкіртті сутекмышьяк, т.б. әсері) және физикалық-химиялық (ультракүлгінинфрақызыл сәулелер, жарық, т.б.) факторлар әсер етеді. Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері: басырбленнореякатарактаконьюктивит, көзге ақ түсу, т.б. Көзге ақ түсу, лейкома (leu coma corneae) – көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл, көбінесе, жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан болады. Қызылша, шешек, туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң қабықта ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің көруіне нұқсан келеді (қараңыз . Көздің көруі қасаң қабықтың қай жеріне ақ түскеніне, оның көлеміне байланысты. Егер ақ қарашыққа түссе, адам көрмей қалады. Көзге түскен ақ дәрі-дәрмекке жазылмаса, оған хирургиялық операция жасалады. Ішкі органдар мен жүйелердің аурулары да көз ауруларына әкеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *