Автор: Рахманова Мария Кемелахуновна, Рустембекова Замзагуль Мадияровна, Кусаинова Бакытгуль Тулегеновна, жансақтау бөлімінің мейіргерлері, ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық» МКК
Кардиогендік шок – бұл жүректің инфаркт миокордтың асқынуынан болатын өте ауыр жағдай. Бұл қан айналымының күрт бұзылуына, ағзалар мен денеге оттегі мен қоректік заттардың жеткіліксіз жеткізілуіне әкеледі. Кардиогендік шок – жүрек-қан тамырларының бұзылу жағдайын байланысты шұғыл медициналық көмекті қажет етеді.
Кардиогендік шоктың себептері:
1. Жедел миокард инфаркті (негізгі себеп).
2. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы.
3. Жедел жүрек жеткіліксіздігі.
4. Жүректің тампонадасы.
5. Жүрек ритмінің бұзылыстары (ауыр аритмиялар).
6. Жаппай қан жоғалту және жүректің дисфункциясы.
7. Анафилоктикалық шок
Симптомдары:
1. Негізгі белгілері:
• Қан қысымының күрт төмендеуі (систолалық қысым 90 мм сын. бағ. төмен).
• Пульстің жиі, бірақ әлсіз соғуы (жіп тәрізді пульс).
• Терінің салқындауы және ылғалдануы.
• Ақшыл түсі акроцианоз (аяқ-қолдың көгеруі).
2. Ағзалар жұмысының бұзылуы:
• Тұншығу, тыныс алудың қиындауы.
• Несептің азаюы немесе мүлдем болмауы (20 мл/сағ аз немесе анурия).
• Есінен тану, сананың шатасуы
Диагностикасы:
• Қан қысымын өлшеу және пульсты бақылау.
• Электрокардиограмма (ЭКГ) – инфаркт немесе басқа себептерді анықтау.
• Жүректің УДЗ (эхокардиография) – миокард функциясын бағалау.
• Лабораториялық талдаулар (тропонин, КФК-МВ деңгейі).
• Қанның газ құрамын зерттеу.
Емдеу:
1. Шұғыл шаралар:
• Оттегімен қамтамасыз ету (кейде интубация және жасанды тыныс алдыру қажет).
• Жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі қысымды бақылау үшін катетер орнату.
• Қан айналымын қалпына келтіру үшін инфузиялық терапия жүргізу.
2. Дәрілік емдеу:
• Қан қысымын көтеретін препараттар (добутамин, допамин) – жүректің жиырылу қабілетін күшейту.
• Қан қысымын ұстап тұру үшін вазопрессорлар (норадреналин адреналин).
• Тромбоз себеп болса, антикоагулянттар немесе тромболитиктер.актилезе немесе ревекард
3. Хирургиялық емдеу (қажет болса):
• Баллонды контрпульсация.
• Инфаркт кезінде коронарлық тамырларды тексеру және стенттеу немесе шунттау.
• Жүректің тампонадасын жою.
Болжамы:
Кардиогендік шоктың болжамы ауыр және уақытылы емделмеген жағдайда өлім деңгейі 50-70% құрайды. Ерте диагностика мен интенсивті терапия науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Хирургиялық емдеу әдістері
Ішкіаорта баллонды контрпульсация (диастол кезінде баллонды үрлеу арқылы аортаға қан ағымын механикалық түрде күшейту, бұл жүрек артерияларындағы қан ағымының артуына көмектеседі). Бұл әдіс арнайы жабдықтар болған жағдайда және дәрілік емдеу нәтижесіз болған кезде кардиогендік шокты емдеуде қолданылады.
Транслюминальды коронарлық ангиопластика – коронарлық артериялардың өткізгіштігін қалпына келтіру әдісі. Бұл әдіс инфаркт басталғаннан кейін алғашқы 4-8 сағат ішінде миокардты сақтап қалуға ғана емес, кардиогендік шоктың патогенетикалық механизмдерінің теріс шеңберін үзуге де көмектеседі
Бұл науқас кардиореанимация бөлімінде қарлу керек