Йод – өмірлік маңызды микроэлементтердің бірі. Ол адам ағзасында шешуші рөл атқарады. Десе де, бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар йод тапшылығы анықталған.
Йод жетіспеуінің белгілері:
- – созылмалы шаршау немесе бұлшықет әлсіздігі;
- – артық салмақ;
- – қалқанша безінің ұлғаюы (зоб);
- – ақыл-ой дамуының тежелуі (балалар мен жасөспірімдерде);
- – құрғақ тері.
Йод тапшылығы, әсіресе, жүкті әйелдер мен нәрестелер үшін өте қауіпті. Жүктілік кезіндегі йод тапшылығы құрсақта жатқан баланың жүйке жүйесі ауруларына шалдығуына, баланың құрсақта жатып тұншығуна,өспей қалуына,сонымен қатар дүниеге келген баланың әлсіз болуына әкеледі.Йодтың күнделікті қажет мөлшері адамның жасына, жынысына және өмір салтына байланысты өзгеруі мүмкін.
Жалпы, ұсынылатын мөлшері: – нәрестелер (0-6 ай): 110 микрограмм (мкг); (7-12 ай): 130 мкг; – балалар (1-8 жас): 90 мкг; (9-13 жас): 120 мкг; – жасөспірімдер (14-18 жас): 150 мкг; – ересектер (19 және одан жоғары): 150 мкг. Йодқа бай өнімдер: – теңіз өнімдері, әсіресе балдыр мен балық йодқа бай; – сүт өнімдері, яғни, сүт, ірімшік, йогуртта йодтың мөлшері жоғары; – жұмыртқаның сарысында орташа мөлшерде йод бар; – йодталған тұз; – кейбір жемістер мен көкөністерде йод болуы мүмкін, дегенмен оның мөлшері теңіз өнімдері мен сүт өнімдерімен салыстырғанда төмен. Құлпынай, мүкжидек, картоп (қабығы бар) және қара өрік мысал бола алады.
Ойды бар дәрілер әр адамның жасына және микроэлементтерді қажет етуіне байланысты беріледі.
Йод тапшылығының алдын алу денсаулықты жақсартудың кепілі.
Автор: Жоғарғы санаттағы дәрігер-терапевт Касымжанова Жанар Бодауовна
Талдықорған қаласы, Облыстық перинаталдық орталық