Авторлар:Баясылова Ботагоз Торехановна медбике-анестезист,
Абышева Лаура Муратовна медбике-анестезист,
Сарекенова Нургуль Дарбековна медбике-анестезист,
ШЖҚ «Кербулак аудандық орталық ауруханасы» МКК, реанимация бөлімі
Кіріспе
Инфузиялық терапия – ауыр жағдайдағы науқастарды емдеудің негізгі әдістерінің бірі. Ол науқастың су-электролиттік балансын, қан айналымын тұрақтандыруға, организмнің жалпы жағдайын жақсартуға бағытталған. Гемодинамиканы тұрақтандыру реанимация жағдайында өмірге қауіп төндіретін жағдайларды алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Анестезист-медбике инфузиялық терапияны дұрыс ұйымдастыруға, енгізу жылдамдығын бақылауға, асқынулардың алдын алуға жауапты.
Инфузиялық терапияның мақсаттары
Қан айналымдағы сұйықтық көлемін (ОЦК) қалпына келтіру.
Су-электролит балансын түзету.
Гемодинамикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Организмнің уыттануын төмендету.
Қышқыл-сілтілік теңгерімді қалыпқа келтіру.
Инфузиялық терапия түрлері
- Енгізу мақсаты бойынша:
Реанимациялық терапия – қан қысымы төмендегенде, шок жағдайында, қан жоғалтқанда қолданылады.
Детоксикациялық терапия – уытты заттарды ағзадан шығару үшін қолданылады.
Қоректік терапия (парентералды тамақтану) – науқасты қажетті сұйықтықпен, ақуыздармен және көмірсулармен қамтамасыз ету. - Инфузиялық ерітінділер түрлері:
Кристаллоидтар:
Физиологиялық (0,9% NaCl) ерітінді.
Рингер ерітіндісі, Рингер-Лактат.
Глюкоза (5%, 10%).
Коллоидтар:
Декстраны (Реополиглюкин, Полиглюкин).
Гидроксиэтилкрахмал (ГЭК).
Альбумин.
Қан алмастырғыштар:
Эритроциттік масса.
Плазма.
Альбумин.
Гемодинамиканы қолдау және бақылау
- Науқастың жағдайын бағалау
Қан қысымы, жүрек соғысы жиілігі (ЖСЖ), орталық веноздық қысым (ЦВД) көрсеткіштерін тексеру.
Қан анализдері (гематокрит, электролиттер, қышқыл-сілтілік теңгерім).
Гиповолемия және дегидратация дәрежесін анықтау. - Инфузиялық терапия тактикасын таңдау
Гиповолемиялық шокта – коллоидтар мен кристаллоидтар енгізу.
Қан қысымы төмендегенде – вазопрессорлар (дофамин, норадреналин) қолдану.
Гипергидратацияда – сұйықтық қабылдауды шектеу, диуретиктер қолдану.
Қышқыл-сілтілік теңгерімнің бұзылуында – натрий бикарбонатын енгізу. - Инфузияны бақылау
Инфузия жылдамдығын реттеу.
Диурезді және организмдегі сұйықтық балансын қадағалау.
Гемодинамикалық көрсеткіштерді тұрақты бақылау.
Анестезист-медбикенің рөлі
Инфузиялық ерітінділерді дұрыс таңдау және дайындау.
Вена ішілік катетеризация жүргізу.
Инфузия жылдамдығын қадағалау.
Науқастың жағдайын бақылау және асқынулардың алдын алу.
Медициналық құжаттаманы жүргізу.
Қорытынды
Инфузиялық терапия және гемодинамиканы қолдау – науқастардың өмірін сақтап қалудың негізгі тәсілдерінің бірі. Анестезист-медбикелердің кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі бұл процестің тиімділігіне тікелей әсер етеді. Олардың міндеті – науқастың жағдайын тұрақтандыру, қауіп-қатерлерді болдырмау және қажетті инфузиялық емді дұрыс жүргізу.