ИНСУЛЬТ: АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ, АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

Медицина в РК

Б.Е. Есеркеева жалпы тәжрибелі мейірбике,

Г.М.Нурпейсова- акушерка, С.К.Аманжолова –фельдшер

ШЖҚ «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК Лесновка ауылдық дәрігерлік амбулаториясы

Ишемиялық инсульттің негізінде жеткізу тамырларының бірі арқылы миға қан ағымының күрт тоқтауы инсульт деп аталады.

Мұның себебі қан ағынының саңылауын бітеп тастайтын тромб болуы мүмкін. Инсультті ишемиялық және геморрагиялық инсульт деп бөледі. Геморрагиялық инсульт бас миы тамырының жарылуы салдарынан пайда болады. Бассүйек кеңістігіне қан ағып, тіндерге таралады және миды қысады.

Ешкім де инсульттан сақтандырылмаған. Бұл аурудың көпшілігі 55 жастан асқан адамдарда кездеседі. Бірақ ұрықтың жатырішілік дамуының 20-шы аптасынан бастап сәбилерде перинаталды инсульт жағдайлары да кездеседі.

Инсульттің алдын алу адамның салауатты өмір сүруге ұмтылысының маңызды бөлігі болып табылады.

Инсульттің диагностикасы

Әдетте, инсульттің алғашқы белгілерін науқастың айналасындағы адамдар байқайды. Алғашқы минуттарда қауіпті жағдайға күдіктеніп, дереу жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмекті бастау керек. Ауру басталғаннан кейін алғашқы төрт жарым сағатта адамды мүгедектіктен құтқаруға болады.

Геморрагиялық инсульттің алғашқы белгілеріне мыналар жатады:

өте қатты бас ауруы, құсуы мүмкін; сананың жоғалуы; тырыспалар;

көз қарашығының бір жағынан кеңеюі; сөйлеудің бұзылуы;

аяқ-қолдардың салдануы;  есте сақтау қабілетінің жоғалуы; кеңістік пен уақытқа қатысты адамның санасын, ойын жоғалтуы.

Ишемиялық инсульттің алғашқы белгілері

Әдетте бұл белгілер алғашында тым елеусіз болады, бірақ өте қауіпті.

бұлшықет тырысуы, мысалы, аяқты бүгуге немесе иекті кеудеге тіреуге мүмкіндік бермейді;  ыстықтау сезімі, шамадан тыс терлеу, жүрек соғуының күшеюі, әлсіздік;  мидың зақымдалған аймағымен «басқаратын» органдардың қызметі бұзылуы (қолдың немесе аяқтың өтпелі әлсіздігі, түсініксіз сөйлеу, бір көздің уақытша көрмей қалуы).

Мамандар адамда инсульт бар-жоғын анықтау үшін мынандай жеңілдетілген тест жүргізуге кеңес береді: адамнан жымиюды сұраңыз – оның жымиюы асимметриялық сипатта болады; адамнан өзінің аты-жөнін айтуды сұраңыз – науқастың тілі күрмеліп, сөзі түсініксіз болады; адамнан қолдарын жоғары көтеруді сұраңыз – бір қолы көтерілмейді (ішінара немесе толық).

Инсульт кезінде көрсетілетін алғашқы көмек

Адамның инсульт алу қаупі туралы «жедел жәрдем» ге тез арада хабарлау. хабарланғаннан кейін медициналық көмекті күту кезіндегі алғашқы көмек көрсетудің маңызы зор.

Оларға мыналар жатады:

науқасты жатқызу;

оған таза ауа жұтуға мүмкіндік беріп, киімдерін шешу;

бар болса, тіс протездерін алып тастау;

адамды жалғыз қалдырмай, әр 5 минут сайын қан қысымын өлшеу;

жүрек айнуының алғашқы белгілері пайда болған кезде басын бір жағына бұру;  өзі қалаған көлемде су ішкізу;

жәбірленушінің тілінің астына бір мезгілде 10-12 дана глицин қоюға болады;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *